СОӨЖ №3 Тақырып:№3.Педагогикалық білім берудегі жетістікті инновация түсінігі және өзектілігі. Мектепте білім беру жүйесінде жаңашылдықпен басқарудың жолдары
ХХІ ғасырда білім мазмұнының жаһандануы, инновациялық және ақпараттық технологиялардың тез даму тенденциясы білім мазмұны мен оқытудың әдіс- тәсілдеріне жаңаша көзқарасты талап етеді.
Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы көзқарастарды тудыруда.
Бүгінгі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің екі типінен тұрады – инновациялық және дәстүрлі. Педагогикалық инновация – бұл теориялық
негізделген, мақсатты бағытталған және тәжірибеге бағытталған жаңалық, ол үш деңгейде жүзеге асады: макродеңгейде, мезодеңгейде және микродеңгейде.
Макродеңгейдегі инновация барлық білім беру жүйесіндегі өзгерісті және оның басымдықтарының өзгеруін қамтиды. Мезодеңгейдегі инновация аймақтың, нақты оқу орнының өзгерісіне бағытталған. Мезодеңгейде негізінен жаңа тұжырымдамалық тұрғы базасында жаңа оқу орнын құру туралы айтылады.
Бүгінде оқу орнын төрт типке бөлуге болады: элиталық, конъюнктрлік, эксперименталды және дәстүрлі. Микродеңгейдегі инновация белгілі бір курстың және курс блогын жаңа мазмұнын жасақтауға (мысалы, экологиялық немесе гуманитарлық); немесе білім беру үдерісінің құрылымдаудың жаңа тәсілдерін, не оқытудың жаңа технологияларын, жаңа формалары және әдістерін жасақтау бағытталған.
Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс- әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін,
жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата- аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық үрдісті күшейтін бес фактор:
Мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инновациялық үрдіске қатысушылар:бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Тізбектелген сипаттамалар инновациялық үдерістің ұсынушылары мен жүзеге асырушыларына да қажет, ал бұл рөлде ұйым басшысы болуы шарт. Р.Л.
Кричевскийдің пікірінше инновациялық саясатты сәтті өткізу үшін инновациялық үдерісті орындаушыларға қатысты жәйттер:
Қызметкерлердің білім деңгейі және мамандарды арнайы әзірлеу мен қайта даярлау жүйесінің болуы;
Адамдардың ақпараттың байланыстары мен хабардарлығы, яғни олардың жаңалық енгізуге байланысты адекватты ақпаратты алулары;
Жаңалықты ұйымдастырушыларға байланысты қызметкерлердің жаңалықты енгізуге мотивациялары, бағыттылығы.
Білім беру инновацияларын орта мектептерге енгізудің басты кедергісі мұғалімдердің сапалық құрамы мен кәсіби құзыреттілік деңгейлері. Мысалы, оқытудың жаңа технологиялары мектеп мұғалімінен (өз пәнінен кәсіби құзыреттілігінен басқа) педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мұғалімнен дамыта оқыту технологиялары талап ететін педагогикалық білімдер:
Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын диагностикалау іскерлігі;
Оқу материалын қайта құрылымдау, бір ғана сабақ емес, тұтас тақырыпты индуктивті мазмұндаудан логикалық индуктивті-дедуктивті проблемалық мазмұндай білу;
Оқушыны өмірге даярлау, бағыт беруде оқу үдерісін моделдеу (оның мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын, әдістері мен тәсілдерін);
Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы, қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
Педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті деген ұғымның бірнеше жолын анықтауға мүмкіндік береді:
инновациялық іс-әрекет мұғалімнің жеке тұлғасының даму тұрғысынан қарағанда іс-әрекетке деген қарым-қатынастың, іс-әрекет түрлерінің ауысуын ұсынатын өзіндік сана нәтижесі ретінде қарастырылады.
тұлғаның танымдылық белсенділік тұрғысынан алғанда инновациялық іс- әрекет «инновациялық, шығармашылық әлеуеттің» қайнар көзі ретінде
көрінеді.
педагогикалық іс-әрекеті тұрғысынан идеалды әдістемелер мен бағдарламаларды іздеу, оларды оқыту тәжірибесіне енгізу, жаңалықтарды игеру үдерісі, шығармашылық іс-әрекеттің өнімі, озат тәжірибелер.