Гайморит Гайморит



бет2/4
Дата23.12.2023
өлшемі2,25 Mb.
#143100
1   2   3   4

Гаймориттің жіктелуі

  • Гайморит катаральді немесе іріңді болуы мүмкін. Катаральді гайморит кезінде жоғарғы жақ қуысынан бөлінген сұйықтық асептикалық болады, ал іріңді гайморитте микрофлора анықталады.
  • Инфекция ену жолына қарай гематогенді (жиі балаларда), риногенді (әдетте үлкендерде), одонтогенді (гаймор қуысына жақын орналасқан кариесі бар түбірлі тістерден) және жарақаттық гайморитті ажыратады.
  • Созылмалы гайморитті морфологиялық өзгерістеріне қарай мынадай түрлерін бөліп қарастырады:
  • Экссудативті (катаральді және іріңді созылмалы гайморит) Ірің түзілу процесін тудыруы.
  • Продуктивті (іріңді-полипозды, полипозды, некротикалық, атрофиялық қабырғалық – гиперпластикалық гайморит т.б) Бейімдеуші процесс – гаймор қуысының шырышты қабатындағы өзгерістер (полиптер, атрофия, гиперплазия т.б).
  • Созылмалы гайморитте шырышты бездердің бітелуіне байланысты жиі гаймор қуысында шынайы және жалған кисталар құрылады.
  • Полипозды және полипозды іріңді созылмалы гайморит кең таралған. Қабырғалық – гиперпластикалық және катаральді аллергиялық формалары сирек, козеозды холестеотомды және некротикалық формалары өте сирек кездеседі.

Гаймориттің симптомдары

  • Гаймориттің симптомдары

Жедел гаймориттің симптомдары.

  • Ауру жедел басталады. Аурудың дене қызуы 38-39С дейін жоғарылайды, жалпы интоксикуация симптомдары бірден байқалады, қалтырауы мүмкін. Кейбір ауруларда дене қызуы қауіпті немесе субфебрильді болуы мүмкін. Гайморитпен ауыратын науқастарда зақымдалған жоғары жақ қуысы аймағында, маңдай және мұрын түбірінде ауырсыну мазалайды. Пальпацияда ауырсыну күшейеді. Ауырсыну зақымдалған жақтың бетінің жартысына және жоғарыға иррадиация беруі мүмкін. Кейбір науқастарда әртүрлі дәрежедегі бас аурулар болады.
  • Зақымдалған жағында мұрынмен демалу қиындайды. Екі жақты гайморит кезінде мұрынның бітелуінен науқас аузымен демалуға мәжбүр болады. Кейде көз жасы каналының бітелуінен көзінен жас ағады.Мұрыннан бөлінетін сұйықтық басында серозды ,сұйық,кейіннен жабысқақ ,бұлыңғыр ,жасыл түсті сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет