галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіре алады;
галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындайды
Бағалау критерийлері: - галогеналкандарды алу жолдарын біледі; радикалды механизімін түсіндіреді және мысал келтіреді; - галогеналкандардың қоршаған ортаға әсерін болжайды және айқындайды
Белсендіру: галогеналкандарды формуласы мен атауын сәйкес келтіріп, дәптерге жазып алыңыз.
Галогеналкандар
Орынбасушы радикалы бар органикалық қосылыстар: −F, −Cl, −Br немесе −I барлығы бірге галогеналкандар ретінде белгілі. Сондай-ақ бұл қосылыстарды көмірсутектердің галоген туындысы, галогенденген көмірсутектер немесе алкилгалогендер (фторидтер, хлоридтер, бромидтер немесе йодидтер) деп те атайды.
Хлор жеткілікті жағдайда, реакция нәтижесінде ди-, три-, тетрахлорметан қоспалары түзіледі.
Галогеналкандарды алу әдістері:
1. Қаныққан көмірсутектерді галогендермен әрекеттестіру арқылы алады:
2. Таза монохлоридтерді алу үшін, хлорсутекті алкендермен әрекеттестіреді:
3. Спирттердегі гидроксил тобын галогенге ауыстыру арқылы алады. Ол үшін спирт пен хлорсутектің буларын қыздырылған катализатор үстінен өткізеді.
СН3ОН(г) + НСl(г) → СН3Сl(г) + Н2О(г)
Топтық жұмыс https://www.jamestease.co.uk/team-generator/
Оқушылар топта мәтінді қолданып, алкандардың галогендену реакциясын үш сатымен: иницирлеу, тізбектің өсуі және үзілуі арқылы жүретін реакциялардың механизмін қарастырады
Хлор және фторалкандардың өнеркәсіптік қолдануы туралы мәтінмен жұмыс. Сызбанұсқа құру