Бөлім: Су-тіршілік көзі. Морфология



Дата24.01.2023
өлшемі0,62 Mb.
#62609
Байланысты:
Бұлақ көрсең, көзін аш


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Еркінқала орта мектебі
Бекітемін:



Бөлім:

Су-тіршілік көзі. Морфология

Педагогтің тегі

Муканова Г.

Күні:

18.01.2023

Сынып:

6 в

Сабақтың тақырыбы:

Бұлақ көрсең, көзін аш

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру
6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

  • сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс тар

Сабақтың басы
5 минут
Сабақтың ортасы


15 минут


15 минут

Тыңдалымалды тапсырмасы
«Бұлақ суының пайдасы» бейнеролигін көру
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді тыңда.
Мәтіндегі тірек сөздерді көшіріп жаз.
Тыңдалым арты тапсырмасы
Сұрақтарға жауап бер:

  • Зәмзәм суының ерекшелігі неде?

  • Қандай су ішуге жарамды?

  • Ол жайында не білесің?

  • Бұлақтан, қайнардан су ішіп көрдің бе?

Тыңдалым мәтіні бойынша ой қорыт
1. Мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.
2. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

3-тапсырма.
Өлеңді жаттап ал. Өздік есімдігінің түрлену себебін түсіндір. Өздік есімдігін қай сөзбен ауыстыруға болатынын/болмайтынын дәлелде.
Күннен туған баламын,
Өзім – күнмін, өзім – от,
Жарқыраймын, жанамын,
Сөзім, қысық көзім де от,
Күнге ғана бағынам.
Өзіме өзім табынам. (М. Жұмабаев)

Бейнеролик көреді.
Мәтінді мұқият тыңдап, тірек сөздерді жазып алады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тыңдалым мәтінін өмірмен байланыстырып пікір айтады.
Жаңа ақпарат алады.
Жаттығу орындайды.

4 балл

4 балл

2 балл


6-сынып оқулық


https://www.youtube.com/watch?v=NTl-vZBQ3-U



Сабақтың соңы
5 минут

Кері байланыс «3-2-1»
Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
Қиындық тудырған 2 аспект
Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет