Гаммалау әдісімен шифрлау


 Құпия кілтті криптографиялық жүйе



бет3/5
Дата01.11.2022
өлшемі89 Kb.
#46723
1   2   3   4   5
1. Құпия кілтті криптографиялық жүйе.
Криптография (cryptographic) – құпияжазу - ақпаратты заңсыз пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері жайындағы ғылым. Кодталынған хабарларды құрастырумен және оларды кері шифрлаумен шұғылданады. Криптожүйеге сәтті жүргізілген криптоаналитикалық зерттеулер негізінде хабардың бастапқы ашық мәтінімен қатар оның кілтін де ашуға мүмкін болады. Криптоаналитиқ шифрланған хабарды, немесе кілтті, немесе екеуін де оқуға мүмкіндік беретін криптожүйенің осал жерлерін ідеумен шұғылданады. Шифрлау алгоритмі, сондай-ақ, алуан түрлі кіттердің, ашық және шифрланған мәтіндердің жиынтығын криптожүйе деп айтады. Қазіргі криптография- 4 ірі бөлімнен тұрады: Симметриялық криптожүйе; Ашық кілтті криптожүйе;Электрондық қол жүйесі;Кілт арқылы басқару; Криптографиялық әдісті пайдаланудың негізгі мақсаты байланыс арнасымен құпия (мысалы, электронды пошта) ақпарат беру, берілетін құжаттың түпнұсқасын бекіту, ақпарат тасушыларда ақпараттарды (деректер базасын, құжаттарды) шифрленген түрде сақтау. Автоматтандырылған жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері – түрлі типті есте сақтау құрылғыларында сақталатын және ЭЕМ-де өңделетін ақпараттарды қорғау үшін де қолданылады. Сонымен, криптография ақпаратты оқу немесе қалпына келтіру кілтті білгенде ғана орындалатындай етіп түрлендіреді. Ақпараттарды шифрлау немесе кері шифрлау ретінде кейбір әліпбиге құрылған мәтін қарастырылады. Криптожүйелер симметриялық және ашық кілтті жүйеге бөлінеді. Симметриялық криптожүйеде шифрлауға да, кері шифрлауға да бір ғана кілт қолданылады. Ашық кілтті жүйеде бір-бірінен математикалық байланыста болатын екі-ашық және жабық кілт пайдаланылады. Ақпарат барлық адамның қолы жететін ашық кілтпен шифрленеді де, ал оны ашу ақпаратты алушыға ғана белгілі жабық кілтпен ашылады.
2. Симметриялық криптографиялық жүйенің үлгісі.
Симметриялық криптоалгоритмдер.Хабарды шифрлеуге және шифрден алу үшін ақпараттың бірдей блогы (кілті) пайдаланылады. Жасырын (Симметриялы) кілттер – симметриялы алгоритмдерде қолданылатын кілттер. Симметриялы кілттердің ең басты ерекшелігі – тура және кері криптографиялық түрлендіру барысында бір ғана кілт қолдану қажет (немесе кері шифрлеу үшін кілт тура шифрлеу кілтінен оңай есептелініп алынады және керісінше). Бір жағынан бұл жоғарғы дәрежедегі құпиялықты қамтамасыз етсе, екінші жағынан көп қолданушылы жүйеде кілттерді тарату проблемасын тудырады. Симметриялық криптожүйелерде қолданылатын криптографиялық әдістерді мынадай топтарға бөлуге болады: жай ауыстыру, орын ауыстыру, гаммалау және блоктық шифрлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет