Гаврилова екатерина николаевна



Pdf көрінісі
бет28/78
Дата31.12.2021
өлшемі4,75 Mb.
#21205
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78
Байланысты:
ЖОО-да математикалық пәндерді оқыту процесін инновациялық бағытта

 
Пән 
2009 
2012 
2015 
2018 
Математикалық 
сауаттылық 
405 
432 
460 
423 
Жаратылыстану 
400 
425 
456 
397 
Оқу сауаттылығы 
390 
393 
427 
387 
 
Егер  2009  жылы  қазақстандық  оқушылар  "математикалық  сауаттылық" 
пәні бойынша мүмкін болған 1000 балдан 405 балл,  содан кейін 432, 460 балл, 
ал соңғы рет 423 балл жинаған. Яғни, бірінші рет қарағанда жақсы, бірақ 2012 
және  2015  жылдарға  қарағанда  нашар.  2018  жылы  балл  көрсеткіштері  өткен 
жылдармен  салыстырғанда  күрт  төмендейді.  Қазақстан  78  елдің  ішінде  54-ші 


33 
 
орынды  иеленді.  Рейтингте  Қытай,  Сингапур,  Макао,  Жапония,  Корея  сияқты 
елдер бірінші орынға ие. 
ЭЫДҰ  -  дағы  білім  беру  бағытының  директоры  Андреас  Шлейхер 
түсіндіргендей:  -  "10  білім  алушының  біреуі  ғана  өз  жауаптарын  өмірден 
алынған  фактілермен  және  тәжірибемен  уәждей  алады.  Бір  қызығы,  Қытайда 
сәтті деп саналған студенттер тесттен өте алмады, ал нашар оқығандар тесттен 
сәтті  өтті.  Оқушылардың  нәтижесі  мұғалімнің  дайындығы  мен  біліктілігіне 
тікелей  байланысты  деп  қорытынды  жасауға  болады.  Швецияда  жоғары 
деңгейлі  оқытушылар  жұмыс  істейді.  Білім  беру  саласындағы  көшбасшылар-
АҚШ, Корея, Сингапур және Канада" [71]. 
Оқушылардың арнайы пәндік білімі мен білігін дамытумен қатар, мектеп 
оқушылардың  алған  білімдерін  әртүрлі  өмірлік  жағдайларда  пайдалану 
дағдыларын  дамытуға  ықпал  етуі  керек.  Болашақта  бұл  дағдылар  түлектің 
қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді және оған өмір бойы білім алуға 
көмектеседі. 
PISA  (2018)  нәтижелеріне  сәйкес  қазақстандық  оқушылар  білім  жағынан 
әлемнің көптеген елдеріндегі өз құрдастарынан, яғни: 
  ақпаратты іздеу, өңдеу және талдаудан; 
  эксперименттер,  бақылаулар  жүргізу  және  олардың  негізінде  болжамдар 
құру және тексеру, тұжырымдар және қорытынды жасаудан; 
  математикалық  сауаттылық  бойынша  мектепте  алған  білім  жүйесін  өзінің 
өмірлік тәжірибесімен байланыстырудан; 
  практикалық,  әлеуметтік  және  жеке  маңызды  мәселелерді  шешуге 
бағытталғандығынан көп төмен болды. 
Біздің  ойымызша,  Қазақстан  Республикасындағы  орта  мектептің 
математика  бағдарламасы  өте  көлемді,  академиялық  және  негізінен  теориялық 
сипатқа ие, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етпейді және 
заманауи талаптарға сәйкес келмейді, бұл тиімді оқытуға негізгі кедергі болып 
табылады. 
ЭЫДҰ  шолуы  шеңберінде  төмен  нәтижелердің  себебі  білім  беру 
бағдарламалары  мен  оқулықтарындағы  кемшіліктер,  сондай-ақ  мұғалімдердің 
біліктілігінің  жеткіліксіздігі  болып  табылатынын  анықталды.  Осылайша,  PISA 
халықаралық  зерттеулері  қазақстандық  білім  беруді  жаңғыртуға  әсер  еткен 
факторлардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, ҚР Білім Министрлігі 
білім  беру  бағдарламаларына  жаңашылдық  енгізе  бастады,  бағалау  мен 
мұғалімдерді даярлау жүйесіндегі тәсілдерді толығымен өзгертті (4-сурет). 


34 
 
 
4 сурет - Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырту 
 
2016  жылдан  бастап  қазақстандық  жалпы  білім  беретін  мектептер 
жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшуді бастады. Яғни, сол 
кезде  PISA  қатысушылары  жаңартылған  білім  беру  мазмұнына  көшуге 
үлгермеген оқушылар болды. 
Осылайша,  білім  берудің  жаңартылған  мазмұнының  әсерін  ҚР  БҒМ-де 
2021 жылы өткізілетін PISA-дан бастап көре аламыз деп пайымдайды. Ол кезде 
қазақстандық оқушылар 7-8 жыл білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 
оқитын  болады.  5-суретте  көрсетілгендей  қазақстандық  мектептердің 
жаңартылған білім беру мазмұны бірқатар бағыттарды қамтиды. 
 
 
 
5 сурет - Жаңартылған білім беру мазмұнының бағыттары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет