Байланысты: ЖОО-да математикалық пәндерді оқыту процесін инновациялық бағытта
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі және негізділігі: зерттелетін проблема
бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдаумен қамтамасыз
етіледі; зерттеудің ғылыми әдістері кешенін қолданумен, зерттеудің теориялық
және эксперименталдық түрлерін ұтымды үйлестірумен; жүргізілген
эксперименттік зерттеудің нәтижесін растайтын статистикалық әдістерді
математикалық өңдеуді пайдалана отырып жүргізіуімен. Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Математикалық білім беруді жаңғыртудың анықталған проблемалары
және оларды шешу механизмдері теориялық негізі болып табылады;
2. Инновациялық фундирование тұжырымдамасы негізінде болашақ
математика
мұғалімдерін
даярлаудың
психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері зерттеудің әдістемелік негізі бола алады.
3.
Инновациялық
фундирования
тұжырымдамасына
негізделінген
математика пәндерің оқытуды инновациялық бағытта жүйелі – әдістемелік
қамтамасыздандыру моделі, болашақ математика мұғалімінің кәсіби
дайындығын жетілдіреді және жоғары педагогикалық білімнің негізгі
талаптарына жауап береді;
4. ЖОО-да математикалық пәндерді оқытуды жүйелік-әдістемелік
қамтамасыздандыру моделі эксперименттік сынақтан өткізу барысында
алынған нәтижелер арқылы дәлелденуі.