Газдарды жинау әдістері. Сутегін бірнеше әдіспен алып, екі әдіспен жинау. Сутегі алатын құрылғының суретін салу. Реакция тендеулерін жазу



бет18/28
Дата15.12.2023
өлшемі83,64 Mb.
#138378
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Когисов хим экс

Физикалық қасиеті
Негіздердің судағы ерітінділері қолға сабындалып тұрады; матаны, теріні, қағазды күйдіреді, сондықтан куйдіргіш сілтілер (КОН,NaOH) деп аталады. Олармен жұмыс істегенде аса абай болу керек. Негіздерді еріткенде әдетте кәрлен ыдыстар колданылады, онын, себебі шыны ыдыстар сілтілермен әрекеттескенде тез бүлінеді.
Қышқылдар сияқты барлығына ортақ анықтағыштары (индикатор) бар, себебі олардың барлығына ортақ гидроксотоптары бар. Негіздерді анықтауға фенолфталеин деп аталатын анықтауыш қолданылады

Негіздердің химиялық қасиеттері:
1. Бейтараптану реакция
а) негіз + қышқыл = тұз + Н2О
3NaOH + H3PO4 = Na3PO4 + 3H2O
Cu(OH)2 + 2HCl = CuCl2 + 2H2O
б) негіз + қышқылдық тұз = орта тұз + су
Ca(OH)2 + Ca(HCO3)2 = CaCO3↓ + 3H2O
2. қышқылдық оксид + негіз = тұз + су
SO2 + 2KOH = K2CO3 + H2O
3. термиялық ыдырау:

Cu(ОH)2→СuО+H2О—Q

4.3NaOH+FeCl3= FeOH3+3NaCl
5.K 2 CO 3 + Ca(OH) 2 → CaCO 3 ↓ + 2KOH
6.Ca(OH)2+CO2=CaCO3↓+H2O

Екідайлы негіздердің қасиеттері


Өңдеу
Олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз және су түзеді, негіздік қасиет көрсетеді.
Zn(ОH)2+H2SО4=ZnSО4+2H20
Ал сілтілермен әрекеттескенде қышқылдың қасиет көрсетеді. Ендеше негіздің формуласын қышқыл ретінде жазып аламыз:
Zn(OH)2→H2ZnO2
H2ZnO2+2NaOH=Na2ZnO2+2H2O

Қолданылуы:а).NaOH – сабын өндірісінде,жібек алу,қағаз алу,мұнай


өнімдерін тазарту.
ә)КОН – сұйық сабын,аккумулятор,хлор әгін алу.
б)Са(ОН)2 – құрылыста,зиянкестерді жою.

18 сурак Аниондарға сапалық реакциялар




1)NaCl + AgNO3 = AgCl(ақ тұнба)+ NaNO3
2) NaBr + AgNO3 = NaNO3 + AgBr тунба (сары)
3) NaI + AgNO3 = NaNO3 + AgI (қ) (сарғыштау)
4)Na2SO4 + BaCI2 =BaSO4↓ ак + 2NaCI
Na3PO4 + 3AgNO3 = NaNO3 + Ag3PO4 (қ) (сары тұнба).


17. Химия кабинетіндегі приборлар мен қондырғылар, оларды сақтау ережелері. Макеттерді, коллекцияларды, модельдерді сақтау ережелері. Кипп аппаратымен жұмыс істеу әдістері..










Кипп аппараты
Зертханаларда сутегін және басқа да газдарды (С02, H2S, т.б.) қажеттілігіне қарай дүркін-дүркін алып түру үшін арнайы құрылғы қолданылады, ол «Кипп аппараты» деп аталады.
Бұл екі бөлімнен тұратын калың кабырғалы шыныдан жасалған құрал:
1 астыңғы бөлігі өзара байланысқан шар мен жарты шар пішінді етіп жасалған .
2 ал үстіңгі бөлігі ұзын түтігі бар шар тәрізді үлкен құйғы .

Астыңғы бөлігінің шар және жарты шары арасында қышқылға төзімді материалдан жасалған зат түйірлерін (Me, СаС03, FeS т. б.) үстап түратын сақинасы ал астыңғы жарты шардың табанына тақау жерде шүмегі бар.


Астыңғы бөлігінің шар тәріздес бөлімінде тесігі бар, оған газ шығатын түтік қойылған, онда газдың ағынын реттеп тұратын шүмегі бар.
Кипп аппаратының жұмыс істеу реті мынадай:
• Ортаңғы беліміндегі сақина үстіне зат түйіршіктерін (Me, СаС03, FeS) салу.
• Астыңғы жарты шардың шүмегін жабу.
• Құйғыға қышқыл ерітіндісін абайлап құю. Ортаңғы бөліктегі шүмекті ашқанда төменгі жарты шардан қышқыл көтеріліп, сақина үстіндегі затпен жанасады да реакция басталады.
• Бөлінген сутегін жинау.
• Сутегін жинап алғаннан кейін шүмекті жапканда газ қысуының салдарынан қышқыл кері қарай құйғы бойымен көтеріледі.
• Оның тазалығын тексеру.

Ескерту! Сутегін сынауыққа жинап алып қана тазалығын тексереміз, жанған шырпыны аппараттың газ бөлінетін түтігіне өсте жақындатуға болмайды, себебі тұтанған газ жанып аппаратты жарып кетуі мүмкін.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет