Газды тоңазытқыш машинасы



бет4/4
Дата12.12.2023
өлшемі81,11 Kb.
#137864
1   2   3   4
Байланысты:
ХМиСК21-11 Джайлаубаев Айбек (3)

Тоңазытқыш агенті


Тоңазытқыш машиналарындағы тоңазытқыш агенті салқындатылған ортадағы жылуды өзіне тартып алып, конденсациялық процесі кезінде қоршаған ортаға береді. Тоңазыту агенттеріне қойылатын талаптар Тоңазытқыш агентін таңдау оның термодинамикалық, физика-химиялық, физиологиялық, экономикалық және экологиялық қасиеттеріне байланысты жүргізіледі. Термодинамикалық талаптар: Үлкен көлемде суық-өндіргіштік, жұмыс температурасы және қысым, заттың қатты және аумалы күйдегі температурасы. Өндірістің көлемі ұлғайғанда буды сору көлемі азаяды, яғни компрессорлар мөлшері азаяды.Тоңазытқыш қондырғылары жұмысының үнемділігін төмен температурадағы атмосфералық қысымдағы қайнау және жоғары температурадағы конденсация жоғарылатады .
Тоңазытқыш агентіндегі қайнау қысымы атмосфералық қысымнан анағұрлым жоғары болса, ауаны атмосферада сору болмайды, ендеше, ылғал жүйесінде де кедергі кездеспейді. Конденсация қысымының төмендеуі тоңазытқыш машиналарының жоғарғы аппарат жағын және компрессорлар құралымын жеңілдетеді.Тоңазытқыш агентінің жұмысы тоқтамау үшін қату температурасы жұмыс қайнау температурасынан төмен болуы қажет. Конденсация процесін жандандыру үшін заттың аумалы күйіндегі температурасы қоршаған ортадағы температурадан жоғары болуы қажет. Тоңазытқыш машиналарының жұмысының үнемділігі үшін тоңазытқыш агенті айналымының мөлшерін түсіру есебінен буға айналдыру жылуы жоғары болуы керек.Физикалық - химиялық талаптар: Тоңазытқыш агентінің біршама тұтқырлығы, тығыздығы болуы оның жүйесінің қарсыласу қозғалысын төмендету үшін қажет. Жылу алмастыратын аппараттардың жұмысын жақсарту үшін жылу беру және жылуды өткізу жоғары болуы керек. Майда ерімейтін тоңазытқыш агенті компрессордан булану жүйесіне аз кетеді, булану температурасы өспейді, булағышта көбік болмайды. Бірақ майда ерігіш тоңазытқыш агентінің өз артықшылығы бар: Тоңазытқыш агентінің майы компрессордың әрең жететін жеріне өтіп, майлануын жақсартады. Тоңазытқыш агенті суда ерісе, тіпті жақсы болар еді. Керісінше жағдайда ылғалдың тоңазуы және мұзды қалтқылар капиллярлы құбырларды дроссельдегенде жөнге салатын бұрандаларда пайда болады. Сол сияқты, жүйеге түскен су металдың мүжілуіне жағдай туғызады. Тоңазытқыш машиналарын жасағанда тоңазытқыш егенті металдарға, басқа материалдарға да инерциялы болуы қажет
Тоңазытқыш агентіне сипаттама Халықаралық стандарттау комитеті дайындаған тоңазытқыш агенттері жүйесінің белгілері: R - атаулары. Әріптен кейінгі сандар былайша түсіндіріледі: 1- метанды қатар; 11-этанды қатар; 21-пропан қатары, 31- бутанды қатар. Одан кейінгі сан фтор мөлшеріне тең. Егер сутегі атомы тоңазытқыш агентінде болса, оның мөлшерін бірінші (туынды метан) не болмаса екінші (басқа қатардағы туынды) есебіне қосады. Тоңазытқыш агентінің шығуы органикалық, болмаса 700 саны қосу молекулярлы масса болып белгіленеді.Қазіргі кезде анағұрлым көп таратылған тоңазытқыш қондырғылары - фреон 134А (фреон-12 орнына), фреон 404А, фреон 502, фреон 507 тоңазытқыш агенттері. +5°С төмен емес температураны алу үшін тоңазытқыш агентіндегі кондиционерлік жүйелерде су пайдаланылады.Аммиак. Ащы иісті түссіз газ, термодинамикалық қасиеттерң жақсы. Атмосфералық қысым кезінде 0,1 МПа аммиактың қайнау температурасы- 33,6°С. Күнделікті жұмыс жағдайындағы булағыштағы қысымы атмосфералық қысымынан жоғары. Конденсатордағы қысымы - 0,8-1,3 МПа , 8-13 кгссм2. Аммиактың суық өндірігіштігіне үлкен мөлшер қатынасы компрессорға түскен тоңазытқыш агентінің кішкене мөлшерімен салыстыра келістірілген, сол себепті аммиакты машиналар біртұтас.

Пайдаланған әдебиетер

  • https://stud.kz/referat/show/92096
  • https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%BE%D2%A3%D0%B0%D0%B7%D1%8B%D1%82%D2%9B%D1%8B%D1%88


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет