Республикамыздың халық шаруашылығын дамытудың негізгі міндеттеріне өндірістік процестерді кешенді автоматтандыру қарқынды жан-жақты арттыруда, әсіресе, қосалқы жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру,қол еңбегі үлесін барша азайту жатады. Осы міндеттерді шешуде автоматты басқару жүйесін өндіруге, адам денсаулығына зиянды және қауіпті жұмыстарды механикаландыруға,өнім сапасын жақсарту әрі өзіндік құның кемітуге мүмкіндік беретін микропоцессорлық техникамен өндірістік жұмыстарды кенінен пайдаланудың үлкен маңызы бар.Автоматтандыру деп, адамның тікелей технологиялық процеске қатысудан босататын автоматтық құрылғыларды пайдалану және енгізуді айтады. Автоматтандырудың теориялық және ғылыми негізін автоматика құрайды. Автомат (грек тілінен аударғанда өздігінен әрекет ететін ) өндірістік процесті адамның қатысуынсыз тек оның басқаруымен жүзеге асатын құрылғы. Автоматика мен есептеу техникасының дамуына көптеген атақты ғалымдар өз үлесін қосты. Қазіргі реттеушілердің негізі болып саналатын автоматтық реттегішті 1765 жылы И. И. Ползунов ойлап тапты. Кіріспе Ползунов реттеуішінде тура және кері принціп алынған. Санк-Петербург технологиялық институтының профессоры И.А.Вышнеградский 1877 жылы автоматты реттеу теориясының негізін қалады. Қазіргі кезде ЭВМ-сіз, микропроцессорлық техникасыз елестету мүмкін емес. Өндірістік процестерді автоматтандыруды дамыту бағытын талдай келіп, өз күрделілігі жағынан әртүрлі міндеттер шешімін тапқан үш негізгі сатыны айдап өтуге болады. Жұмыс циклін автоматтандыру бірінші сатысы-негізгі көңіл автоматтар мен жартылай автоматтарды жасауға бөлінеді. Бұл сатыда технологиялық процестерді автоматтандыру өңдеудің кейбір операциялары ғана қамтиды,ал дайын өнім жанау,бақылау және қаттау қолмен не машиналық құралдармен жүргізіледі.Автоматтандырудың екінші сатысы-өңдеу, бақылау, жинау, қаттау т.б. операцияларды біріктіретін автоматтық машина жасауға тіреледі.