жасалған іс-шаралардың орындалысы.
Қарқаралы ауданы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің халық
алдындағы есепті кездесулері кезінде қарауға жоспарланған сұрақтар тізбесі
3
24 қаңтар 2015 жыл
«ду-думан» атты аудандық шоу
- бағдарламаны өткізу
ережесі
Мақсаты мен міндеттері
ҚР Жастар саясатын іске асыру, ұлттық тәрбие мен мәдени құндылықтарды дәріптеу,
ауданда сатира жанрын және оның қолдану аясын кеңейту, өнерлі өнерпаздардың
орындаушылық шеберлігін арттыру, дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін
жоғарылату мақсатында өткізіледі.
бағдарламаның шарттары
Өтетін жері: Мәдени – сауық орталығы
Өтетін мерзімі: 20 ақпан – 1сәуір аралығында
20 ақпан І кезең – «Отбасы ошақ қасы»
27 ақпан ІІ кезең – «Ауыл кеші көңілді»
9 наурыз ІІІ кезең – «Тәні саудың жаны сау»
20 наурыз ІV кезең – «Өнерлінің өрісі кең»
27 наурыз VІ кезең – «Білімді мыңды жығады»
1 сәуір күні – «Күлкі керуені» Гала концерт.
Қатысушылар:
Қарқаралы ауданының мекеме-кәсіпорындары, халықтық театр ұжымдары, село
клубтары және қала басындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен
құрылған топтар қатыса алады.
Жас мөлшері шектелмейді.
Бағдарламаның тақырыбына сай әр ұжым:
1. Әзіл-сықақ қойылымы
2. Музыкалық номер
бағалау шарттары
- орындаушылық шеберлігі
- сахналық мәдениеті
- сахналық киімі
Жеңімпаздарды қазылар алқасы бес балдық жүйе бойынша бағалайды. 3-ші кезеңнен
бастап ең аз бағаланған ұжым келесі сайысқа өтпейді. Әр кезең белгіленген уақыт
бойынша 18.00 – де өтеді
Ынталандыру
Фестивальдің жеңімпаздары мадақтау қағаздары мен ынталандыру
сыйлықтарымен марапатталады.
Қосымша мағлұматтар
Өтініштер ақпан айының 15-не дейін «Қарқаралы мәдени- сауық орталығында»
қабылданады.
Т.Әубәкіров көшесі 38, телефон: 32-3-12; 31-3-30
- Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдаған «Нұрлы жол- болашаққа ба-
стар жол » атты стратегиялық бағдарламасында
алға қойған міндеттерді жүзеге асырумен қатар
-Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл және
Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналмақ.
- Ұлттық спорт түрлерін өткізудегі жарыстың
мақсаты мен міндеті: Ауылды жерлерде жастар
арасында ат спортын кеңінен насихаттау,
оларды табиғатты, жануарларды аялауға үйрету,
жастар мен мектеп оқушыларын ат спорты
арқылы салауатты өмір салтына бейімдеу, ер-
лікке, батылдыққа, Отанын сүюге, патриотизмге
тәрбиелеу, ұлттық спорт «жамбы ату» ойынын
дамыту.
2.Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізу уақыты
мен орыны:
Нүркен Әбдіров с/о Жарлы елді мекені 21 ақпан
2015 жыл
Жамбы ату-қазақ халқының ер жігіттің мергендік,
ептілік қабілетін сыннан өткізетін, намысын жа-
нитын ежелгі ойындарының бірі. Ұлан-ғайыр же-
рімізді батыр аталарымыздың қорғап сақтап
қалуына
себеп
болған
астындағы
желдей
ескен
сәйгүлігі мен сенімді қаруы
садақ болған. Бұл екі мұра,
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып,
бүгінгі еліміздің тәуелсіздік алған
күніне де жетті. 70 жыл өмір
сүрген Кеңес Үкіметінің тұсында
ұмыттырылған
бұл
ойыны-
мызды Қазақстан Республикасы
Ұлттық
спорт
түрлері
Қауымдастығы қайта жаңғырта
бастады.
Ежелден
жамбы
атудың бірнеше түрлері болған.
Жамбы ату жарысы көлемі 200
метрге дейін келетін жазық
алаңда өтеді, әр 50 м сайын
орналасқан 3 нысана орнала-
сады. Жамбыны спортшы ат
үстінде шауып келе жатып
көздейді. Егер атының басын
тежеп көздесе ұпай есептел-
мейді. Жарысқа қатысушы ша-
бандоздар
жеребеде
алған
кезегімен, төрешінің «Алға!» деп
берген бұйрығы бойынша, ар-
найы жасалған жолмен шаба
жөнеледі. Шауып келе жатып
сол қапталындағы жамбыны
тұсынан өте бере садақпен
нысанаға алып атады. Оғының
дарығанына,
дарымағанына
қарамай сол шапқан бойы мәре
сызығынан өтеді.
Нысана мен ат шабатын сызықтың арасы 15
метр шамасында болады. Жарыс кезінде әрбір
спортшыға қанша рет мүмкіндік берілетіндігі
алдын ала шешіліп қойылады және барлық
спортшыға бірдей мүмкіндік жасалады. Жамбы
атудың басқа: айқабақ, мылтықпен ату түрлері,
немесе қатар-қатар қойылған бірнеше нысананы
ату түрінде де болған. Бүгінгі таңда жамбы ату
жарысы құзырлы органдардың бекіткен ережесі
бойынша өткізіледі. Жамбы ату жарысы екі жас
ерекшелігіне қарай өтеді. Жасөспірімдер және
ересектер арасында: 18 дейінгі және 18 жастан
жоғары.
3. «Жамбы» атуға қатысатын шабандоз мына
төменде қойылған талаптарды орындауға мін-
детті:
-жарысқа ат спортымен айналысып жүрген, тиі-
сті дайындығы бар, атқа ие бола алатын шабан-
доз болуы қажет;
-өтініші;
- денсаулығының жақсы екендігі туралы
дәрігердің анықтамасы;
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ата-анасының
рұқсаты;
-жеке басының куәлігі;
-жарысқа қатысушы спортшы ұлттық нақыштағы
киім үлгісімен қатысуы тиіс.
4.Жарыс шығындарын қаржыландыру
-Жарысты ұйымдастыру және өткізуге байланы-
сты шығындарды жарысты ұйымдастырушы ме-
кеме мойынына алады.
-Жарысқа
қолданылатын
құрал-
жабдықтар(мінер
ат,
садақ,
жебе)
ұйымдастырушылар есебінен.
-Жарысқа қатысатын спортшылардың, келіп
қайту жолақылары мен тамақтануы өз есептері-
нен.
5.Марапаттау
- Ауылдық округтар мен аудандардағы іріктеу
жарыстарының жеңімпаздары, Аудандық білім,
денешынықтыру және спорт бөлімінің, Жастар-
мен жұмыс жасау орталығы атынан, селолық
округ әкімінің атынан бағалы сыйлықпен, дип-
ломмен марапатталады.
Жарыс тәртібі жайлы сұрақ ұсыныстар болса,
төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
87781418600,87023601067.
Бүгінгі таңда Эбола жұқпалы дертіне шалдыққандар саны 20
мыңнан асып отыр. Ал Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
7,5 мың адам аса қатерлі аурудың құрбанына айналған деген
дерек таратуда.
Ауруға шалдыққандар негізінен Гвинея, Либерия, Сьерра-
Леоне елдерінің тұрғындары.
Сарапшы мамандардың айтуынша, Эбола вирусы
Қазақстанға қауіпті емес. Себебі, бұл вирустың негізгі тасушы-
лары – жабайы маймылдар мен Pteropodidae әулетінің
жарқанаттары тек тропикалық және субтропикалық климат-
тарда ғана өмір сүреді. Яғни, Шығыс Азияда, Океания және
Африка елдерінде.
Екіншіден, бұл вирустың қатты таралып, үлкен адам
шығынын келтіріп жатқан елдердің көбісі экономикалық
жағдайлары да өте нашар елдер. Гвинея – 1199 (ауырған
адам саны)/ 739 (қайтыс болған адам саны), Испания – 1/0,
Либерия – 3834 / 2069, Нигерия – 20 / 8, Сенегал – 1/0, АҚШ–
1/0, Сьерра-Леоне – 2437/623. Ауру жаппай жайылған ел-
дерде элементарлы гигиенаны сақтау қиын. Адамдардың өз
баспаналары болмағандықтан көшеде, қаланың лас, қараңғы
түпкірлерінде өмір сүреді. Сондықтан, бұл кедей Африка мем-
лекеттерінде дәреттерін отырған- жатқан жерлерінде сындыру
үйреншікті жағдай.
Үшіншіден, Батыс Африка елдерінде, әсіресе Либерияда біздің
түсінігімізге сиюуы қиын дәстүрлер мен сенімдер көп. Ресей-
ден Либерияға барған саяхатшының айтуынша, жергілікті
кісілердің
Эболамен
ауыруының
негізгі
себебі,
инфекцияланған маймыл мен жарқанат етін жеулерінен. Оған
қоса либериялықтардың дәстүрі бойынша, қайтыс болған
адам 1 аптаға дейін жерленбей, ашық күйінде жер бетінде жа-
тады екен. Ол кісінің туған-тумасы оның бетінен сүйіп, жа-
нында отырып тамақ ішеді екен. Кейде криматорийге жағуға
жіберілген ауру денелерді ұрлап, туысқандары үйлеріне алып
кететіндері де бар көрінеді.
апта-ақпарат.
“Жамбы атудан” өткізілетін Жарыс ереЖесі
нүркен ауылында ұлттық спорт түрінен аудандық жарыс өтеді
Әлем жаңалығы
Эбола індетін
жұқтырғандар көбеюде
Нүркен Әбдіров селолық округі Жарлы ауылы
Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ
Ертең өзің қайдасың, білемісің
Өлмек үшін туғансың, ойла шырақ ,- деп хакім Абай айтқандай
«қамшының сабындай қысқа» өмірде тіршіліктің күйбең тірлігімен жүріп, кейде
тіпті сол өмірдің мәңгілік емес екенін де ұмытып кетіп жатамыз – ау. Содан да
болар, бармақ тістеп, бас шайқатар орны толмас өкініш, жүректен кетпес
арман жанды сыздатып мазасыз күндерге ұласатыны . Пендешіліктің олқы
түсер тұсы да, бір кем дүниедей көңіл түкпірінде қара тастай бастырылып қала
беретін өкініштен тұратын құпия сыр да осы. Соның бірі, бұл
жалған тіршіліктегі адам қадірінің өз деңгейінде бағалана бермей-
тіндігі.
Мүмкін, көз көріп, сөзін естіп жүрген соң үйреншікті қалыпқа ай-
налып кете ме?! Қатыгез ажал өзегіңді өртеп, шарасыз, дәрменсіз
күйге душар етіп , қайғы бұлты торлағанда ғана “О, Жасаған, кім
ойлаған ..., жақсы адам еді” деп ауыр – ауыр күрсінеміз.
Сөйтіп қасыңда жүрген жаны жайсаң, абыройы асқақ азаматта-
рымыздан айырылып, уақыт өткен сайын орны ойсырап қалғанын
сезіне бастаймыз. Аласапыран күй кешіп, сол жақсымен бірге
өткізген қайталанбас қуанышты сәттер, тіпті кейде ренжіткенің
есіңе түссе жабығып, айтуға тұрарлық сыйластықпен жүрген
күндерің болса марқайып, марқұмның аруағы алдында арың таза,
адал екендігіңе тағы бір « шүкіршілік» айтарың хақ ...
Біз осы қаңтар айында дүниеден, өткеніне 10 жылдың жүзі болған
Амантай Хасенұлы жайлы « көзден кетсе де, көңілден кетпей»
сағыныштың сазы мен сырын шерткізген әр жүректің түпкіріндегі күй
– әуеннің қылын қозғамақпыз. Амантай Хасенұлындай ардақ тұтар азаматтарының
әрбір ісі мен қылығы күні кешегідей көңіл көкіректерінде сайрап, ұмытылмай
жүргеніне көз жеткіздік.Қазақтың «туыс – жақын, ағайын – туған , құда – жекжат» де-
геннен басқа да «көзкөрген, дәмдес, сыйлас, сапарлас, үзеңгілес болған» деген
қасиетті ұғымына жататын біршама адамдардың аңсау мен сағынышқа толы қимас
сәттерін еске алған естелік әңгімелеріне де куә болдық. Амантай Хасенұлының
елі – жері үшін сіңірген еңбегі мен қызметін олар ерекше деп санайды. Өз ісіне
адал берілген азаматтың жанкешті еңбекқорлығы, іскерлігі, білімділік, соның
нәтижесінде жүзеге асырған қыруар жұмысы көпшіліктің көкейінде сақтаулы.
Еліміздің дамуына, өңірдің әлеуметтік әлеуетін көтерудегі еңбегін әсірелеп
дәріптемей – ақ « бір мысқал» десек те халық өзі бағалай біледі. Ел үшін еткен
еңбектің азбайтын – тозбайтын қасиеттілігі де осы болса керек. Соның бәрін ба-
яндап, өскелең ұрпаққа өнеге етіп айтқымыз да келген. Бірақ, бұл күнде өнер – бі-
ліммен де, байлықпен де ешкімді таңдандыра алмайсыз . Әр адамның сіңірген
еңбегі, еткен қызметі оның тұлғасын биіктетіп тұрса да, бағасы мен өлшемін арт-
тырып тұратын ең бір асыл қасиет бар. Ол жүректен мейірім нұрын төгілтіп, адам
баласын алаламайтын дархандық пен бес күндік пендешіліктің ықпалына түсірмей,
адастырмай алып жүрер жарық - шырақ адамшылық қасиет көрінеді. Міне, осы
қасиет бар бойынан табылған Амантай Хасенұлының абырой – беделінің артып,
бүгінгі күнге дейін ел есінде сақталуы оның кішіпейіл қарапайымдылығы мен үлкен
адамгершілігі болмақ. Бір сәт қызметтестерінің естеліктеріне құлақ түрсек, ...Адал,
білгір маман, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын басшы болды. Оның жұмыс
күні ала таңнан басталып, алыс жолдан қайтқан ақырғы техникамен
жұмысшыларды күтіп алып қайтқанша түннің бір уағына дейін созылатын.
Шалғайдағы жол торабтарында жүргізіліп жатқан жұмыс басында болып, солардың
басы – қасында бірге жүруден шаршамайтын. Әр адамның тұрмыс – тіршілігіне
көңіл бөліп, қандай көмек болсын тартынбайтын. Әрқайсысының отбасындағы
қуаныш – қызыққа ортақтасып және ұжымда бірге істейтін барлық адамның болуын
қатты қадағалайтын .Мекеме жұмысшыларынан бригада шығарып, қысқы әзірлікке
өзі жұмылдыратын. Күздің басынан -ақ қыстық мал азығына жем –шөп, отын – су
дайындатқызып, әр жұмыскеріне тегін үлестіріп қамқорлық жасайтын. Мекеменің
қызметкер – жұмысшыларына арнап баспана салғызып сол кездің өзінде 24 адам
пәтерлі болған еді. Шіркін - ай, қандай алтын азамат еді... - дейді. Ия, лауазымы
мен мансабын міндет етпей, жалпыға ортақ іске кең ойлап түсіністікпен қарау
әркімнің қолынан келе беретін шаруа емес екендігі белгілі. Алтынға баланған асыл
азаматтың өткеніне көз жіберіп, азаматтық негізінің қалай қалыптасқанына да мән
беріп көрсек... Сонау бір өткен заманда ел басына күн туып, « ер етікпен су кешіп,
ат ауыздықпен су ішкен» кезеңнен есін жияр жимаста зұлым айдаһардай аузынан
от шашқан соғыстың 1943 жылында дүние есігін ашқан Амантай ағамыз үйдегі үш
баланың төртіншісі болып келген. Тарақ найзалы тарақты Байғозы батырдың
ұрпағы Мейірман ақсақалдан туған Дүйсенбай, Хасен, Құсайын, Нұрман есімді
ұлдарының ішінде Хасеннің екі қыз, екі ұлының бірі Сағындық болса, кенже ұлы
осы Амантай еді. Әкесі Хасен ақсақал тылдағы еңбек армиясында ауыр бейнеттің
бел ортасында жүрді. Қарағанды, Балқаштағы өндірістік завод – фабрикаларда
жұмыс жасады. Күндіз – түні бел шештірмеген ауыр еңбек « адамның қанын
сорды». Денсаулығы жарамсыз деп «комиссовать» етіп елге қайтарылған Хасен
ақсақалды арада көп уақыт өтпей «жұмыс күші жетпейді» деген желеумен қайыра
жұмысқа жібереді. Бұл жолғы сапар қайран әкенің өмірін біржола қиып тынды. Қыз
Жібектей арудың аңыз елі Жағалбайлының қызы Зағиша ананың мойнына
тағдырдың қасіреті үлкен ауыртпашылық әкеліп еді. Үйелмелі – сүйелмелі шиеттей
балаларын қайтсем өсіріп жеткіземін деп жанұшырған ана жүрегі бірнеше таңдау
жасады. Ауыр еңбек, қара жұмыстың заманы өтіп, білімі озық күннің келетініне бол-
жау жасап, көңілімен сенген. Балаларына оқу – тәрбие берудің жолын іздеді. Ана
жүрегі қарс айырылса да, балаларын амалсыздықтан бауырынан үзе – жұла үкімет
қамқорлығына беруге мәжбүр болды. Екі қызын мектеп – интернатқа, ұлын балалар
үйінің тәрбиесіне берді. Оң – солын тани қоймаған кенжесі кішкентай Амантай ғана
өзімен қалыпты... Қаладағы №1 қазақ орта мектебін үздік бітірісімен жастығына
қарамастан еңбекке араласты. «ДЭУ- 222» мекемесіндегі жас жұмысшы Амантай
әскерге шақырылып, 3 жыл Германияда әскери борышын өтеп қайтты. Еңбек
жолын бастаған аталмыш мекемеге қайта оралып, мастер – нормировщик қызметін
атқарды. Жасынан ұстаның көрігінде шыңдалған болаттай пісіп – қатқан жігіт қай
іске болмасын жанын салды. Сөйте жүріп, Семейдің құрылыс техникумын,
Омбының автожолдар институтын бітіріп “ДЭУ – 222” мекемесінде бас инженер,
1974 – 96 жылдары осы мекеменің бастығы, 1996 – 2000 жылдары
Қарқаралы қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Қандай
қызметтің тұтқасын ұстаса да абыройлы еңбегімен халқына
қалтқысыз қызмет ете білген Амантай Хасенұлының мына бір еңбегіне тоқталмай
кету еш мүмкін емес. Себебі, ол жайлы артында қалған ел – жұрты, көзкөргендері
әлі күнге «жыр» қылып айтудан жалыққан емес. “ДЭУ- 222” мекемесі сол кездегі ең
озық, жетістігі мол мекеменің бірі болды.Оның бір сыры басшы ретінде
А.Хасенұлының ұйымдастыру қабілеттілігінің нәтижесі. Кадр – мамандар
дайындауға баса назар аударып, ,өзіндей білікті мамандардың жетіліп шығуына се-
бепкер болды.Қазақ жастарының ішінен аға
мастерлар Сәулебай Кизкин, Бауыржан Ос-
панов,
Жалау
Төреғожин,
механик
Жандәрке Құрманов, механизаторлар мен
автомобиль жүргізушілері Аманжол Түсіпов,
Хасен Баймуханбетов, Қайыр Спатылов,
Манарбек Мукисов, газоэлектросварщик Нақыпбек Тұрысбеков,
тракторшы Саят Жармағанбетов, бригадир Кәкен Мусин және басқа
да жұмысшы еңбекшілер, өз ісінің шеберлері, тәжірибелі мамандар
болып өсіп шықты. Осындай сомдалған ұжыммен «ДЭУ – 222» ме-
кемесі облыстық «УПР ООР – 39» мекемесінің есептік
қорытындылары бойынша жылдар бойы жеңіс тұғырынан түсіп
көрген емес. Еліміздегі маңызды, жол қатынасындағы «күретамыр»
күре жолдардың бойында қажырлы еңбек етті. Қарағанды –
Қарқаралы – Аякөз – Бұғаз бағытындағы және Одақтық,
республикалық, өз өңіріміздегі Қарқаралы – Қарағайлы – Егіндібұлақ
- Томар – Татанмен байланыстыратын жолдардың жылдың төрт мез-
гіліндегі дайындығын үзбей қамтамасыз етіп отырды. Өндірісі
дүрілдеп тұрған Қарағайлыда асфальт -бетон заводы салынды.Осы
сияқты талай – талай ел игілігіне істелінген ауқымды жұмыстардың
басы – қасында қоян – қолтық араласып Амантай Хасенұлы бірге
жүрді. Қайта құру, тоқырау кезеңі деп аталған қиын сәттерде атар таң,
батар күн тығырықтан шығудың шарасын іздеумен ұйқысыз өткен
кез еді. Бүкіл атырапты қараңғылық басып, қарайған халықты жарықтан айырып
еңсесін түсірген жылдарды көпшіліктің әлі ұмыта қоймасы анық. Міне, ел
ағаларының, басшылардың сыналар тұсы да дәл сол уақыт болатын. Қиыннан
қиыстырып жол тауып, істің ығытын, оның бағытын бағдарлай білген Амантай
Хасенұлындай басшы азаматтар халықтың қабырғасын қайыстырмай алып шығуға
бар күш – жігерлерін салды. Аудандық электр желілері мекемесін басқара жүріп,
аудан халқын электр жарығымен қамтамасыз етуге бойындағы бар қажыр
қайратын жұмсады. «Күнкөріс қамы» деп жарықтың жоқтығын пайдаланып электр
бағанын отынға, сымдарын металлға тапсырып аш қасқырдай талағандардың
бүлдіргендерін қалпына келтіру өз алдына бір күрес болса, « жау жағадан алғанда
бөрі етектен» деп электр ток көзін таратушы алпауыттармен мәмілеге келу тіпті
асқындап кеткен. Олар әлеуметтің төлемақы төлеуге шамалары жетпей, немесе
олардың борышкер екендіктерін сылтау қылып әлсіз тұстарын бетке шіркеу еткен.
Қалың бұқараны алғаш ене бастаған нарықтың нардан құлатқандай кезі еді. Оны
сөзбен жеткізу мумкін емес... Сан қиын – қыстау күндер артта қалып халық сама-
ладай жарқыраған жарыққа да қол жеткізді, оған әрине Амантай Хасенұлының зор
үлесі болғанын ешкім жоққа шығара қоймасы анық. Өйткені, ақиқаты сол . Аман-
тай Хасенұлы қай жұмыста болмасын, қай саланы басқармасын өзінің кәсіби ше-
берлігімен қоса тегінен тамыр тартқан адамгершілік қадір – қасиетімен халық
арасында беделді, сый – құрметке лайықты мінез – құлық, ақыл парасатымен, ба-
йыпты түр – тұлғасымен ерекшеленді. Ол кісінің үлгі – өнеге тұтар табиғи адами
қырлары жетіп артылатын. «Ұзында өшім, қысқада кегім бар» дейтін жат ойдан
аулақ, парықсыз паңдықтан ада, сәбидей таза ойлы жанның өзі болатын. Біз
жоғарыда Қыз Жібектің елі Жағалбайлыны тектен тек ауызға алмаған едік , келбеті
келіскен
көріктілік,
жабырқау
жанның
жанын
жадыратар
әзілқойлық,
ақынжандылық, өнерді қастерлей білетін жанашырлық, мейірімділік, достыққа
адалдығын, әсемдікпен әдемілікті де сүйе білетіндігін жаны нәзік, жайсаң азамат
деп бағаласақ ана сүтімен дарыған ерекшеліктер деген болар едік. Ал, кез келген
істегі тәуекелшіл мәрттігін, қайраттылығын батыр бабаларының қанымен келген
қасиет демесіңізге болмайды. Қатал заманның «қаһарлы қыстарынан» өтіп
құрыштай шыныққан Амантай Хасенұлы осындай адам еді. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің
қайнаған тірлігінде ортамызда жүрсе талай келелі істің басын қайырған нағыз
«Еңбек адамы» деген атқа лайықты майталманымыздың бірі болар еді. Атасы
қазақ баға берсе бір – ақ ауыз сөзбен «сегіз қырлы, бір сырлы, елі үшін туған аза-
мат еді» деп түйіндер ме еді, кім білсін! Атадан асып сөз айтсақ асқандығымыз
болар. Есіл ер, елі – жұрты құрмет еткен асыл азамат мезгілсіз дүниеден өтті. Аққан
жұлдыздай артына өшпес жарық, із қалдыра мәңгілікке жол тартты. Қабырғалы елі
қайысып, туғандары қайғы жұтқан сол бір азалы күнге де 10 жыл толыпты.
Ауданымыздың қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуына
айтарлықтай үлес қосқан Амантай Хасенұлы Хасеновтың жарқын бейнесі әлі де
жаңғырып жадымызда қала берері сөзсіз. А. Хасенұлының ордалы отаны - бала-
лары, ұрпағы – әулеті, жұрты- жұрағаты, дос – жаран көзкөргендері мен
қызметтестері тұрғанда тірілердің көңіл төрінде, жүрек түкпірінде өз орнын тауып
тұрары сөзсіз, өйткені ардақты адам мәңгілік. Ал, мәңгілік ер – азаматтарымызды
«Ардағым» десек артық па!
Амантай Хасенұлының отбасы жапырақ жайып, мәуелі бәйтерекке ай-
налды. Өмірлік серігі, жары Ира екеуінің балалары сан салада еңбек етеді. Қызы
Ақмарал «Қаз автжол» ЖШС- де бас маман, ұлы Мұрат «Даму жолы» ЖШС-де
бас есепші, Ерболаты Астана қаласында «Қазақстан темір жолы» мекемесінде
инженер, келіндері Салтанат – КРДСМ дәрілік құралдарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен техникасын сараптау ұлттық орталығы ШЖСК
РМК аумақтық филиалының бас есепшісі, Меруерт «ҚазақМыс» ЖШС-де бөлім
меңгерушісі- заңгер. Немерелері Байғозы, Дария, Дамилия, жиені Дарындар да
аталарының рухын көтерер білімді – білікті азаматтар болып ержетері
сөзсіз.Тек, ел аман, жұрт тыныш болсын.
Ортамызда жоқ болса да, қалдырған іздері әр көңілде сайрап жатқан А.
Хасенұлының өткен өмірінен естелік айтып, 30-35 жыл бірге еңбек етіп
сыйластықпен өткізген дос – жар көңілмен ой бөліскен Сәулебай Кизкин, Әбеу
Айташұлы, Үнзиля Мұратқыздары да аяулы азаматты тебіреніспен еске алып,
марқұмның өмірінің жалғасы әулетіне, балаларының анасы Ираға баянды ғұмыр
тіледі.
Бану Мұқашева.
Достарыңызбен бөлісу: