Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 496.88 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата12.03.2017
өлшемі496.88 Kb.
  1   2   3   4   5

газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

аудандық қоғамдық-саяси газет

№6-7

(11338)

Сенбі

24 қаңтар

2015  жыл

Келелі кеңес

Ілкімді

іс-жоспарлар

талқыланды

2015  жылғы  21  қаңтарда  Қазақстан

Республикасының  Мемлекеттік  хатшысы,

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің

жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық

комиссияның төрайымы Г.Н.Әбдіқалықованың

төрағалығымен селекторлық режимде Астана,

Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің

орынбасарларымен  –  әкімдер  жанындағы

әйелдер 

істері 


және 

отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар

төрағаларымен кеңес өтті.

Гүлшара 

Әбдіқалықова 

кеңеске

қатысушыларға 



Ұлттық 

комиссия


төрайымының  екі  орынбасары  –  Парламент

Мәжілісінің 

депутаты 

Е.И.Тарасенконы;

Орталық  сайлау  комиссиясының  мүшесі

Л.Ж.Сүлейменді таныстырды.

Кеңесте  Әйелдер  істері  және  отбасылық-

демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық  ко-

миссия  жұмысының  Мемлекет  басшысының

«Нұрлы  жол  –  Болашаққа  бастар  жол»

Жолдауының негізгі ережелерін іске асыруға

арналған 2015 жылдың негізгі бағыттары бел-

гіленді.

Г.Н. Әбдіқалықова Ұлттық комиссия ағымдағы

жылғы жұмысын өңірлік дамуға барынша екпін

салатынын  атап  өтті.  Ұлттық  комиссия  мен

өңірлік  комиссиялардың  алдында  үйлесімді

әрі  сапалы  бірлескен  жұмысты  талап  ететін

маңызы зор міндеттер тұр.

Мемлекеттік 

хатшы 

кеңеске


қатысушылардың 

назарын 


әйелдердің

жұмыспен қамтылуы, бизнестің әлеуметтік жа-

уапкершілігін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігіне

қолдау  көрсету  мәселелеріне  аударды.

Гүлшара  Әбдіқалықова:  «Еңбекке  қабілетті

және  жұмыс  істеуге  мүмкіндігі  бар  бірде-бір

әйел жұмыссыз қалмауға тиіс!» деп атап өтті.

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылында,

барша  Қазақстан  халқының  бірлігі  жылында

отбасын 


нығайту 

жұмысы 


Ұлттық

комиссияның  негізгі  міндеттерінің  біріне

айналуға  тиіс.  Бұл  жерде  неке  және  отбасы

институтын 

нығайтудың, 

отбасылық

құндылықтарды дәріптеу мен сақтаудың айқын

дәлелі болып табылатын «Мерейлі Отбасы»

ұлттық конкурсы маңызды рөл атқарады. Мем-

лекеттік  хатшы:  «Отбасыны  нығайту  –

қоғамдағы тұрақтылықтың, яғни елдегі татулық

пен келісімнің кепілі!» деп атап өтті.

Г.Н.  Әбдіқалықова  Ассамблея  жылы,

Қазақстан  Конституциясының  20  жылдығы,

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70

жылдығы аясында өтетін барлық кәсіби мере-

келерді,  қоғамдық-бұқаралық  іс-шараларды

«Біздің күшіміз – бірлікте!» бірыңғай ұранды

қолдана отырып өткізуді қамтамасыз етуді тап-

сырды.

Мемлекеттік хатшы өңірлер әкімдерінің орын-



басарларына Жеңістің 70 жылдығын мереке-

леу 


аясында 

Президенттің 

Ұлы 

Отан


соғысының  ардагерлеріне  қолдау  көрсету

жөніндегі 

бастамаларын 

іске 


асыруды

қамтамасыз етуді, соның ішінде әйелдерден

шыққан соғыс ардагерлерінің, майдангерлер

әйелдерінің,  тылдағы  еңбекші  әйелдердің

сіңірген еңбектерін атап өтуді тапсырды.

Бұдан кейін Ұлттық комиссия төрайымының

орынбасарлары 

сөз 


сөйлеп, 

үйлестіру

бағыттары  бойынша  өзекті  міндеттерге

тоқталды.

Селекторлық  кеңестің  қорытындысы  бо-

йынша Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова

бірқатар нақты тапсырмалар берді.

қазақстан Республикасы 

Президентінің жанындағы 

Әйелдер істері және отбасылық-

демографиялық саясат 

жөніндегі ұлттық

комиссияның хатшылығы

анықтама телефондары:  745967, 745965

Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол

Ақпараттық - насихат тобы-ауылдарда

Таяуда  Елбасының  “Нұрлы  Жол-болашаққа  бастар  жол”  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауының  басымдықтарын

түсіндіру мақсатында  облыстық ақпараттық насихат тобының мүшелері Бесоба және Ынталы селолық округтерінде

болып қайтты. Топ жетекшісі, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Шагурашид Мамалинов ауыл клубтарында өткізілген жиындарда Жолдаудың негізгі бағыттары туралы халыққа түсінікті

тілмен, слаидтар қолдана отырып, мазмұнды баяндама жасады.

Әсіресе, экономиканы дамыту инфрақұрылымдық дамудың жеті бағыты, соның ішінде шағын және орта бизнесті,

ауылшаруашылығын дамытуға арналған мәселелерге тоқталды. Ақпараттық насихат тобымен бірге жүрген аудан

әкімінің орынбасары С.Әлиұлы, ауыл әкімдері А.Ақатаев, А.Сәдуақасовтар халықтың қойған сұрақтарына тыңғылықты

жауап берді.

Кездесу барысындағы келелі әңгімеде Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру ауылдарды сақтап қалуға

мүмкіндіктердің бар екендігіне, тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетіндігіне сендірді.



Өз тілшімізден.

Аудан  әкімі  Х.Мақсұтовтың  халықпен  кездесуі,  жыл

ішінде  атқарылған  жұмыстар  туралы  қорытынды  есебі

әдеттегідей  Мәди  селолық  округінен  басталды.  Күн

тәртібіне  сәйкес  алдымен  округ  әкімі  А.Жұмабековтің,

одан  соң  аудан  әкімі  Х.Мақсұтовтың  қысқаша  есебі

тыңдалып, жиналған жұрт басты тақырыптардан мағлұмат

алды. Шалғайда жатқан шағын ғана халқы бар ауылдың

мал  баққан  мамыражай  тұрмысы  өзгермеген.  Бұрнағы

жылы жарықпен қамтамасыз етілген округке қарасты Еді-

рей ауылына өткен жазда телефон байланысы тартылды.

Жол мәселесі де шешілген сыңайлы. Терісінен қар жау-

маса  шаңы  шығып  жататын  өңірдің  малы  тегіс  далада.

Округ  орталығына  да  СДМА  телефон  байланыс  жүйесі

орнатылмақ. Халықтың өткізген сүтін  қабылдайтын цех

ашсақ деген жоспар бар.

Кездесу үстінде ауыл тұрғыны Сайлау Тұрғалиев ауыз

су  мәселесін  көтерді.  Жаңадан  су  мұнарасы  қойылған.

Алайда ол көп істемеген. Жұрт әлі күнге есік алдындағы

құдықтардан су ішуде. Бұл мәселеге байланысты аудан

басшысы жуырда арнайы комиссия жіберіп қондырғыны

тексертетінін  хабарлады  және

Сайлаудан 

бастап 


ауыл

азаматтарының  біріне  жеке

кәсіпкерлік    ашып  осы  су

қондырғысына ие болуға кеңес

берді.  Ол  біріншіден  бірнеше

адамды  жұмыспен  қамтиды,

тұрғындарды  таза  ауызсумен

қамтамасыз 

етуге 

жағдай


туғызады. Екіншіден жиналатын

қаржы, 


токқа 

жұмсалатын

ақшаға 

орай 


заңдылықтар

сақталады.  Келесіде  сөз  алған

ауылдағы ардагерлер кеңесінің

төрағасы 

Қанат 

Рахимов


ақсақал  аудан  әкімінің  пікірін

қолдай  келе  кәсіпкерлік  ашуда,

шаруашылықты дамытуда алынатын несиелерді оңайлату

мәселелерін 

көтерді. 

Алыстан 


аудан, 

облыс


орталықтарына  барғанда  әлгіндей  істерде  көп  құжатты

қажет  ететіндік  адамдарды  кедергілерге  тірейтінін  тілге

тиек етті. Сондай-ақ қазіргі кезде ауылда еңбек етіп жүрген

қарапайым мамандық иелерін түрлі мереке-мейрамдарда

марапаттау  қолға  алынса  деген  ауқымды  ой  білдірді.

Жақсы істі қолдасақ сондай жаңалықтар көбейе берсе,-

деген  көңіл  толғанысын  жеткізді.  Кездесулер  легі

Тәттімбет селолық округінде жалғасты.  Жиын алдында

аудан басшысы осы ауылдағы орта мектепті аралап көріп

оның  жай-күйімен  танысты.  Округ  әкімі  С.Сәркеновтің

есепті баяндамасы арнайы қойылған экрандық слайдпен

толықтырылып  отырды.  Оның  артықшылығы  сол  залда

отырған  халық  өңірдегі  мал,  жан  басы,  оларға  қатысты

атқарылған шаралар, алдағы жоспарлар жайлы анықтап

көріп отырды. Мәдиліктерге қарағанда мұндағы шаруалар

арнайы 


көмек 

бағдарламаларындағы 

шараларға

мойынұсына  бастағандай.  Мал  басын  асылдандыру

мақсатында жұмыстар жүргізілген, лизингке тракторлар

алынған. Алайда әлі де болса атқарылар жұмыстар көп.

Ауыл  тұрғындары    осындағы  шағын  емханаға  күрделі

жөндеу  жүргізілсе  дейді.  Сонау  1955  салынған  ғимарат

сонан  бері  тыңғылықты  жөндеу  көрмеген.  Халық

денсаулығы мемлекеттің басты байлығы десек көтерілген

сауал орынды болмақ. Ауыл іргесіндегі Складбасы деген

жерге және «Шілдебай» елді-мекеніне ауызсу тартылса

деген  өтініш  бар.  Ол  сұрақтарды  Самарқан  Түсіпбаев,

Ахат  Көшербаевтар  көтерсе,  малдәрігерлік  мамандығы

бар  Еділ  Ақбаев  жұмыс  сұрайды.  Оларға  аудан  әкімі

Х.Мақсұтов кездесу барысында жауап берді.

Осы күні жалғасқан жиын Н.Нұрмақов селолық округінде

де өтті. Алда 120 жылдық мерейтойы аталып өтпекші мем-

лекет және қоғам қайраткері Нығымет Нұрмақовтың атын

алып отырған ауыл өмірі де алдындағыларына ұқсас. Мал

баққан  ел.  Округ  әкімі  К.Шаймановтың  баяндамасында

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының көмегін

алып  мал  басын  асылдандыруға  үлес  қосқан  шаруа

қожалықтарының  аттары  аталды.  «Айбар»,  «Толқын»,

«Алғабас», «Кеңдала», «Заман»

және тағы басқа қожалықтар асыл

тұқымды мал алған. Ангус, гере-

форд қазақтың ақбас бұқаларын

алып 

тәжірибе 



алмасуда.

Солардың  бірі  болып  отырған

Мұрат  Қасымов  ақсақал  жерді

кеңейтсем  деген  сауал  қойды.

Тағы бір ауыл тұрғыны Бекболат

Ахметжанов 

мал 

өнімдерін



өткізудің  қиындығын  тілге  тиек

етті.  Расында  асырап  өсірген

малын көңілдегідей өткізе алмай

алыпсатарларға 

жем 

болып


жүрген  ауыл  халқының  өтініші

орынды-ақ.

Аудан басшыларының халықпен кездесуі ертеңінде Абай

селолық  округінде  жалғасты.  Мұндағы  еңселі  ғимарат

Мәдениет үйі де көптен бері күрделі жөндеуді күтіп тұр.

Астыңғы қабаты ерте көктемнен жаздың ортасына дейін

жерасты суына толады. Электр жүйесін реттейтін жәшік

те осында. Үстіңгі қабаттың көбін төбеден аққан жаңбыр

суы  ірітіп  сылағы  түгілі  қабырғасын  көгертіп  түсіре

бастаған. Жалғыз кітапхана мен көрермен залы ғана ел

пайдалануға  жарамды.  Аудан  әкімі  Халел  Мұқатайұлы

осының барлығын көріп шықты. Қыруар қаражатты қажет

ететін  жұмыс  ауқымына  орай  тиісті  мамандармен

ақылдасайық, -деген ой айтты. Одан соң ауылдағы №31

орта  мектепті  аралады.  Мектеп  директоры  Берік

Егешовтің  ұстаздық,  іскерлік

тәжірибесі жетерлік. Ел тарихын,

еңбек  ерлерін  дәріптейтін  Ұлы

Отан  соғысына,  спортшыларға

арналған  және  республиканың

әр тарабын айқындап көрсететін

қабырғадағы  тақталар  көздің

жауын алады. Яғни, осы істелген

істердің 

барлығы 

мектеп


мақтанышы  десе  боларлық  әрі

сапар 


барысында 

аудан


басшыларының 

көңілінен

шықты.

Округ әкімі Ә.Қ.Нүркенованың



есебінен  соң  сөз  алған  ауыл

тұрғыны, 

«Құт» 

шаруа


қожалығының жетекшісі Серік Мұқанов талғамды ой-пікір

білдірді.

-  Қасиетті  Қарқаралының  өз  халқын  да  келген  мейман-

дарды қызықтырар жерлері, сұлу табиғаты жетерлік, -деді

ол, соның бірі атақты Шайтанкөл. Сонау ерте көктемнен

қар  түскенге  дейін  ол  арадан  адам  аяғы  үзілмейді.  Ал

бара  қалсаңыз  бос  бөтелке,  полиэтилен  қапшықтардан

бастаған қоқыстан көз ашпайсыз. Айналасы түгілі суын да

лайлаған осындай сұмдықтан жүрегің ауырады. Менің ай-

тайын дегенім-осы көлді ерекше қамқорлыққа алатын бір

орын  ашылса.  Маңын  реттеп,  демалушыларды,  көлді

қызықтаушыларды арнайы ескертпелермен таныстыра-

тын,  тіпті  қажет  болса  ластаған  адамдарға  шара

қолданатын  мүмкіндігі  бар  жанашырлар  жиналса  деген

өтініш. Сонда талай ұлыларды тамсандырған киелі көл өз

сұлулығын сақтай түсіп ұрпаққа мұра болып қала берер

еді.  Секеңнің  бұл  бастамасы  аудан  басшысы  Халел

Мұқатайұлының қызу қолдауына ие болды.



(Жалғасы келесі бетте)

Әкім бол, халқыңа жақын бол!

Болашақ Бағыты - Бүгіннен

Б.Ахметжанов

А.Көшербаев

Қ.Рахимов

2

24 қаңтар 2015 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте)

- Сіз көтерген бастама бұрын да айтылып жүрген еді.

Көл  маңына  көктем  мен  күзде  тазалық  шаралары

жүргізілгенімен оны сақтап тұру мүмкін емес. Көл ұлттық

парктің иелігінде және қамқорлығында. Соның өзінде кел-

ген адамдардың бәріне ие болу қиын. Олар үздіксіз келіп

жатады, бірі болмаса бірі әлгіндей қоқыс тастап кетеді.

Ал, сіз айтқандай орын ашу үшін бөлек қаражат керек ол

енді халықтың еншісінде.

Бұл арада Серік Мұқанов ағай да мұндай құрметті іске

қолдаушылар табылатынын, соның бірі, әрі алғашқысы

өзі  болатынын  да  айтып  өтті.  Өз  пікірін  жалғастырған

Серік Мұқанұлы, шаруашылығы орналасқан маңда бұлақ

суын, еріген қар суын бөгейтін жер барын білдіріп осы

жерге  картоп  өсіріп,  балық  жіберу  мүмкіндігін  жеткізді.

Оны  да  реті  келсе  өзі  қолға  алмақшы.  Әулиекөл  асыл

тұқымды  малын  алған.  Алайда,  оларды  арнайы  азық

болмағандықтан  жергілікті  малмен  бірге  асырауға

мәжбүр. Осыған байланысты Балқантау селолық округі

жерінен жер берілсе, оған егін егіп қажетті мал азығын

әзірлесем  деген  де  жоспары  жоқ  емес.  Мал  өнімдерін

қабылдайтын орын болса, шаруаларға арзан бағаға со-

лярка берілсе, мал дәрігерлік аптека әр ауылдан ашылса

деген де өтініштер білдірді. Бәрі орынды, әрі халықтың

көкейінде жүрген сауал.

Тағы бір ауыл тұрғыны Құралай Арилина кондитерлік

цех  ашсам  қандай  көмек  болады  деген  ойын  айтты.

Бұлардың барлығына аудан әкімі ретімен жауап беріп тиі-

сті мамандарға тапсырма берді.

Қаракөл шағын ауылдар қатарында. Шаруашылықтарды

дамытуға арналған арнайы бағдарламаларымен жұмыс

істеу  баяу  түрде  жүруде,  тіпті  жоқтың  қасы.  Бастауыш

мектептегі 

бала 


саны 

азайған. 

Округ 

әкімі


Б.Әбдікәрімовтің есепті баяндамасынан кейін сөз алған

осы мектептің шаруашылық меңгерушісі Раушан Манан-

баева түскен көмір нашар содан мектеп суық деген уәж

айтты.  Тілеубек  Сәбитов  ақсақал  көктемгі  қар  суын

тоқтататын бөгеттің тозғанын, кейбір жерлері тіпті құлап

жатқанын айтып көмек сұрады. Ол туралы аудан әкімі жаз

мезгілінде топырақ қатқан кезде ғана тракторлар келіп

бөгетті тұрғызуға мүмкіндік ала-алады деп жауап берді.

Ауылдағы  мал  дәрігері  Талғат  Мужимов  малды  тіркеу,

есептен шығару, тағы басқа жұмыстарға қажетті есеп тап-

сыру  үшін  интернет  қажеттілігін  түсіндірді.  Жалпы,  ин-

тернет 


мәселесі 

осы 


есепті 

кездесулер 

өткен

ауылдардың әзірше толық шешімін таппай отырған ша-



руасы болуда.

Жиын  үстінде  ауданға  қарасты  Ақтерек,  Сарыобалы,

Қаракөл ауылдарының малы мен жаны, тұрмыс-тіршілігі,

алдағы  мүмкіндіктері  мен  жасалған  жұмыстар  жөнінде

сөз қозғап салыстырма жасаған аудан әкімі тұрғындарға

үлкен ой тастады. Ол ойдың негізі туралы алда әлі де

болса  біраз  жұмыстар  атқарылатынын  ескере  отырып

түйінін  кейінге  қалдыруды  жөн  көрдік.  Келесі  кездесу

өткен  Балқантау  селолық  округі  керісінше  жағымды

жаңалықпен қарсы алды. Соның бірі осындағы №33 орта

мектеп ішінде «Балбөбек» атты шағын орталықтың ашы-

луы.  Бес  адамды  жұмыспен  қамтып  33  баланы

қамқорлыққа  алған  орталықтың  ашылу  салтанатына

қатысқан аудан әкімі Х.М.Мақсұтов оның лентасын қиып

жаңа орынға жақсылықтар мен сәттіліктер тіледі. Өз ке-

зегінде  орталық  меңгерушісі  Жібек  Аскербай  да  аудан

басшысына алғыс білдірсе, ата-аналар ақ тілекпен бірге

шашу  шашты.  Орталық  ашуға  ата-аналар  өздері  ниет-

тенген, оларды тәрбиешілер қолдаған. Жастары кіші 20

баланың  төсек  орын,  үстел-орындығына  аудандық  оқу

бөлімі  көмектескен.  Жалақы  да  сол  мекемесінің  мой-

нында тәрізді. Олардың тамағын ауылдағы жеке кәсіпкер

Гүлмира  Ибраева  беріп  отыруды  өз  міндетіне  алған.

Сөйтіп,  ынтымақтастық  пен  ауызбірліктен  туған  игі  ба-

стама  ауыл  балаларының  болашағы  мен  бүгінгі

шаттықты өміріне қызмет етпек.

Округ әкімі Р.Смағұловтың  баяндамасы едәуір нәрсеге

көз жеткізді. Шаруа қожалықтарының жұмысы жақсы, көбі

қазіргі заман қалыбына сай еңбек етуде. Егіншілік, малды

асылдандыру,  халықты  жұмыспен  қамту  дұрыс  жолға

қойылған.  Біраз  жыл  тұрып  қалған  мешіт  білімді  жас

Ердос Аққалықов келгеннен бері есі-

гін жамағатқа айқара ашқан. Мұндағы

бір  мәселе  телефон  байланысының

жиі істен шығуы. Осы мекемеде істе-

ген  маман  қысқарып  қалған.  Жүйе

істен  шықса  не  Егіндібұлақтан  не

Қарқаралыдан  кісі  шақырту  керек.

Жаз  бойы  сондай  мамандар  30  рет

келген екен. Бүгіннің өзінде ауылдың

7-8 

үйінде 


телефон 

істемейді.

Әкімнен  кейін  сөз  алған  ауыл

ақсақалы  Хамит  Нұрбеков  өз  мама-

нымыз жұмысына қайта келсе екен,-

дейді. 


Қарағанды-Егіндібұлақ

маршрутымен  жүретін  автобустар

ауылға  бұрылып  соқпай  кетуді  жиі-

леткен. Соның қырсығынан талай жо-

лаушы  қыстың  көзі  қырауда  9

шақырымды жаяулап келуге мәжбүр болған.

Айнабұлақ  ауылының  тұрғыны  Сейфолла  Коскин

ағамыз тағы да ауызсу мәселесін көтерді. Ауылдан 1,5

шақырымда  тұрған  құдықтан  ауыл  тұрғындары  суды

тасып ішеді. Жазда жер асты суын тексерушілер келіп

жұмыс  істеп  кеткен.  Олардың  айтуынша  жерасты  суы

мол,  тек  құбыр  қойып  қондырғы    орнатса  болды.  Бұл

мәселе  туралы  тиянақты  жауап  берген  аудан  әкімі

Х.Мақсұтов ол тексеріс республикалық деңгейден келеті-

нін, оның қорытындысы әлі күнге дейін қолға тимегенін

айтты.  Су  құбырын  қою  сол  қорытынды  бойынша

жүргізілмек. Яғни халықтың ауызсуы өте күрделі мәселе.

Оны жүрдім-бардым орната салуға болмайды және ол

үлкен жауапкершілікті керек етеді.Тақырып төңірегінде

әлі де болса көңіл аударарлық шаралар жетерлік.

Аспаздық  мамандығы  бар  Сургулин  Ерген,  заңгер

Оңайгүл Тойбекова, 10 жылға жуық жұмыссыз отырған

Алтынай  Ахметова,  Шолпан  Ахметовалар  жұмыс

сұрайды. Орал Бұзаубаев ағамыз несие

ала-алмай қынжылады. Зарубай Шака-

манов,  Қасымбек  Шөкенов  ақсақалдар

ауылдағы  жұмыстар  туралы  жәрдем

берер ақыл-кеңестерін қосты.

Қойылған  өтініштер  мен  сұрақтар

төңірегіндегі  аудан  басшысы  тұщұмды

жауап  беріп,  шешімін

күтер  сауалдарды  тиісті

мамандар 

еншісіне


қалдырды. 

Сондай-ақ

алдағы  уақытта  тексері-

ліп, ой елегінен өткізілетін

мәселелер  де  хаттамаға

жазылып алынды. Жалпы

осы 

жиындар 


өткен

барлық ауылдарда Халел

Мұқатайұлы халықты бір-

лікке,  еңбек  етуге  соның  ішінде  үкімет

беріп  отырған  бағдарламалардан  құр

қалмауға  шақырды.  Шаруақожалықтары

иелеріне берілер мүмкіндіктер зор. Олар

жұмыстарын 

дамытса, 

жұмыссыз


жүргендер несие алып өз ісін бастауға бо-

лады.  Кездесулерге  аудан  басшысымен

бірге  келген  әр  сала  мамандары,  мекеме  басшылары

еңбек етемін деген адамға кеңес беруге, көмек жасауға

даяр. Тек ел сол мүмкіндікті пайдалана білсе болғаны.

-Елбасымыздың республика халқына арнаған «Нұрлы

жол-болашаққа 

бастар 


жол» 

атты 


Жолдауында

мемлекетіміздің басты байлығы-оның халқы туралы баса

айтылған  деді,  әр  кездесуде  аудан  басшысы.  Қазір

барлық жағдай жасалуда, елдің еңбек еткені, өркендегені

басты  мақсат.  Барлығымызға  белгілі  биыл  Қазақ

хандығының құрылғанына 550 жыл, Қазақстан халқы Ас-

самблеясы  мен  Ата  заң,  конститутциямыздың  20

жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтіледі. Сон-

дай-ақ шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының

200,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Нығмет

Нұрмақовтың  120  жылдығы  мерейтойы  болмақ.  Олар

біздің  өлкеге  жат  емес,  тіпті  жерлестеріміз.  Тарих  та

басты 

құндылығымыз. 



Оны 

дәріптей 

білгеніміз

мемлекеттің  бүгінгісі  мен  болашағына  үлкен  үлес

қосқанымыз.  Ол  үшін  іргетасы  орнатылып,  қабырғасы

қаланған  тәуелсіз  еліміздің  өркендеуі  үшін  алаңдамай

еңбек етсек болғаны.

Бұл  өткен  есепті  кездесулерге  өңір  халқы  өздерінің

орнықты бағаларын берді.

***


Аудан әкімі Х.Мақсұтовтың кезекті есепті кездесуі Ма-

мыраев және Қоянды селолық округтерінде өтті. Алды-

мен  батырлардың  ұясы  атанған  Мамыраев  ауылына

атбасын  бұрып  ауыл  тұрғындарымен  кездесу  өткізді.

Ауыл әкімі Қ.Жантурин елді мекеннің тыныс-тіршілігінен

хабардар етті. 48 шаруақожалығы бар мал шаруашылығы

мен егін шаруашылығын қатар өрістетіп отырған елді-ме-

кенде атқарылған ауқымды жұмыстар жоқ емес. Мәселен

бүгінгі күнде қалада бизнестің бір шетінде жүрген кәсіпкер

азаматтар туған жерлеріне келіп жер алып, шаруашылық

ашуда  екен.  Сонымен  қатар,  өңірлерді  дамыту

бағдарламасы бойынша 951 мың теңге бөлініп екі бала-

лар алаңы салынды.  Жалпы ауылды түлетуге арналған

түрлі бағдарламалардың игілігін ауыл тұрғындары көріп

отыр. Округ бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 65

субьекті  тіркеліп,  188  адам  жұмыс  жасайды.  Бұл

экономикалық  белсенді  халық  санының  16  пайызын

құрайды.  Сонымен  қатар,  «Жұмыспен  қамту  2020»

бағдарламасы  негізінде  3  млн  теңге  кредит  алған

«Самал» шаруашылығының жетекшісі Р.Нұрмағанбетов

сүт  фермасын  ашуды  жоспарлап  отыр.  Көшелерді

жарықтандыру, 

абаттандыру 

жұмыстары 

осы

бағдарламаның жемісі екендігі де айтылды. Алайда жиын



барысында  Тойбекова Мағрипа апайымыз ауыл басшы-

ларынан  бастап,  білім,  денсаулық  саласы,  жәрдемақы

мәселелері  бойынша  өкпе-ренішін  алға  тартты.  Дәл

осындай назбен шыққан Сыздықова Қазкен апайымыз да

Қарқаралы 

қаласындағы 

орталық 

аурухананың

жұмысына  қатты  шүйлікті.  Нақтырақ  айтқанда,  анализ

тапсыратын кабинеттің жұмысы сөз болды. «Біз ауылдан

таксимен кісі жиналып шыққанша сағат 10-нан асады. Біз

больницаға  барғанда  уақыты  бітіп  ол  кабинет  жабық

тұрады. Бір анализ тапсыру үшін бірнеше күн жүреміз,

оның үстіне сонда жүрген қызметкерлер кезексіз таны-

старын жетектеп әкеп кіргізіп жібереді, біз қала береміз»

деген реніштерін алға тартты. Осындай келеңсіздіктердің

орын алып жатқандығы да өтірік емес. «Қалауын тапса,

қар  да  жанады»  маңызды  сараптама  жасататын  каби-

неттерде арнайы ауыл күні деген белгіленсе, мәселе ше-

шімін табар деген ой да жоқ емес.  

Атақты Қоянды жәрмеңкесі өткен Қоянды ауылы

халқының  жағдайы  да  жаман  емес.  Ауыл  әкімі

Е.Кәріпбаевтың  мазмұнды  баяндамасында  айтылған

жұмыстар ауыл тұрғындарының көңілінен шықты.   Асыл

тұқымды  мал  шаруашылығына  ден  қойған  ауылдағы

шаруақожалықтары  қолда  бар  мүмкіндіктерді  кеңінен

пайдаға  жаратуда.  Асыл  тұқымды  бұқалар  көптеп

әкелінуде.  Сыбаға  бағдарламасы  бойынша  «Атантай»

шаруашылығы  «Аграрлық  несиелік  корпорациясы

арқылы» 40 млн теңгеге 156 бас жылқы малын алуда. 4

шаруақожалығы  егін  шаруашылығымен  айналысады.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 448 мың теңге

бөлініп көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары

жүргізілген.  Сонымен  қатар,  кейіннен  ашылған  ірі

«Жайма» шаруақожалығының ауыл халқына тигізер пай-

дасы мол. Қос ауылдың есепті кездесуінен байқағаным,

ауылда ілгерлеушілік бар. Таза ауыз су ағып тұр, теле-

фон  байланыс  бар,  мектеп,  аурухана,  кітапхана,  клуб

үйлері жұмыс жасауда. Ауыл тұғындары ата кәсіптері мал

мен егін шаруашылығына бет бұрған. Өз қолдарынан ке-

летін кәсіптің барлығын игеріп, жүзеге асырып отырған

жайлары бар. Тек, екі ауылдың тұрғындарының өтініші,

ұялы  байланыс  пен  интернет  жүйесін  орнату  болды.

Алайда бұл мәселені аудандық деңгейде шешу мүмкін

емес. Облыстағы басшылар ауыл тұрғындары санының

аз екендігін желеу етеді екен. Заманауи технология көз

ілеспес қарқынмен дамыған тұста, бізде де ұялы байла-

ныс пен интернет желісі үздіксіз қызмет көрсетсе деген ті-

лектерін алға тартты. 

Д.Жүнісбекұлы.

С.Әбілова.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет