Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата05.02.2017
өлшемі11,73 Mb.
#3436
1   2   3   4

Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.

ЕРЛІКТЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ ҚАЛАДЫ 

Жуырда  Тұрмағамбет  ауылындағы 

Т.  Ізтілеуов  атындағы  №29  орта  мектепте  

мектеп  директорының  бейінді  оқыту  жөнін­

дегі орынбасары Б.Қойшығараева мен «Өзін­

өзі»  тану  пәнінің  мұғалімі  Қ.  Иса ева ның 

ұйымдастыруларымен  «Өзін­өзі тану: Махаб­

бат  пен  шығармашылық  педагогикасы» 

тақыры бындағы онкүндік аясында «Мейірім­

ді жүрек­шуақты ана мерейі»  атты апталық 

болып өтті.

Апталықтың  алғашқы  күні  5­6  сынып 

оқушылары  арасында  «Өзімді  өзім  танумен 

өсіп келем» атты ертеңгілік ұйымдастырылып, 

онда  «Мейірім  шашқан  жүрек»  атты    сурет 

көрмесі  өткізілді.  Көрмеде  оқушылар 

мейірімділік,  махаббат,  қайырымдылық 

тақырыптарында  суреттер  салып,  өздерінің 

шығармалары туралы түсініктемелер берді. 

Содан  соң,  1  және11  сынып  оқушылары 

арасында 

«Арман­жарық 

жұлдызым» 

тақырыбында  қазақ  ақындарының  жазған 

өлеңдерін  оқу  және  талқылау  бойынша 

пікірталас,  «Шығармашылық  шаттық  бас­

тауы»  тақырыбында  ертеңгілік,  «Жақсы 

көңіл  күй­жанға  қуат»  атты  ән  байқауы, 

«Қайырымдылық­ізгілікке 

бастар 


жол» 

атты  оқушылар  арасында  қайырымдылық 

акциясы  ұйымдастырылды.  Акцияда  мектеп 

оқушылары мен ұстаздар аталмыш мектепте 

білім  алушы  әлеуметтік  қолдауды  қажет 

ететін  бір  топ  оқушыларға  сыйлықтар 

ұйымдастырып, тапсырды.

Сондай­ақ, апталық барысында мектептің 

жас  қылқалам  және  қолөнер    шеберлері 

арасында  «Мен дара тұлғамын» тақырыбында 

сурет    және  қолөнер  сайысы    мен  салауатты 

өмір  салтын  қалыптастыру  мақсатында 

8­11  сынып  оқушыларының  қатысуларымен  

«Спорт­сенің 

серігің» 

тақырыбында 

баскетболдан    және  9­10  сынып  оқушылары 

арасында волейболдан жарыстар өткізілді.

Апталық  барысында  мектеп  қабырға 

газетінде    жарияланған  жас  ақындар  мен 

тілшілердің  мақалалары  мен  өлеңдері 

талқыланды. 

«Мейірімді  жүрек­шуақты  ана    мерейі» 

тақырыбында  өткізілген  апталық  ауылдық 

мәдениет  үйінде  мектеп  оқушыларының 

ұйымдастыруымен  өткізілген  концерттік 

кешпен    қорытындыланып,    апталық 

барысында  белсенділік  көрсеткен  оқушылар 

мақтау 

грамоталарымен 



және 

Алғыс 


хаттармен марапатталды. 

Раушан ДАСТАНБЕКҚЫЗЫ,

№29 орта мектептің тарих пәні 

мұғалімі.

МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК  —  ШУАҚТЫ АНА МЕРЕЙІ

Егемен  елімізде  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев қоғамға өлшеусіз еңбек 

сі ңі ріп,  оның  дамуына  сүбелі  үлес  қосқан 

ар дагер  қарттарға  қамқорлық  аясын  үнемі 

кеңей тіп  келеді.  Тәуелсіз,  зайырлы,  үлкенге 

құрмет, кішіге ізет көрсете білетін елде өмір 

сүріп  отырғанымыздың  өзі  бір  бақыт  деп 

есептеймін.

Ауданымызда өткен жылы көптен күткен 

ау дандық емхана тұрғындар игілігіне берілді. 

Жа ңа лыққа  жаны  құмар  қармақшылықтар 

бүгінде  осы  денсаулық  сақтау  нысанының 

игілігін көруде. 

Науқас жандарға сапалы қызмет көрсетіп, 

өздерінің  біліктілігімен,  адамгершілігімен, 

жылы  қарым­қатынасымен  көптің  көңілін 

тауып  жүрген  ақ  желеңді  абзал  жандарды  

қашан  да  мақтаныш  тұтатынымыз  анық. 

Әсіресе,  емхана бас дәрігерінің орынбасары 

Ж.Ізмаханов,  күндізгі  емдеу  бөлімінің  дәрі­

гері  Ә.Балымбетова,  медбикелер  М.Шай­

мер денова,  Г.Мақсатбаева,  А.Кірекесова, 

Ә.Наурызбаева,  Г.Алматова,  кіші  аяжан 

Ш.Мырзағалиевалардың  тия на қ ты  жұмыс­

тарына аудан ардагерлерінің ық ыла сы ерек­

ше.  Жылы  да  жарық,  жаңа  жиһаздармен 

жаб дықталған,  бір  сөзбен  айтқанда  барлық 

жағ дайы  жасалған  бөлімде науқас  адамның 

көңіл­күйі  де  жадырап  сала  береді.  Ден­

саулық саласында жемісті еңбек етіп жүрген 

медицина саласы қызметкерлерінің жұмысы 

әрі қарай да табысты бола бергей!

Қанымкүл ӘБДІКЕРІМОВА,

ардагер ұстаз.

ҚАМҚОРЛЫҚ 

АЯСЫНДАМЫЗ

Ауылдық 


клуб 

үйі 


мен 

кітапхананың 

ұйымдастыруымен  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы» 

тақырыбында мерекелік кеш болып өтті. 

Кеш  барысында  ауыл  кітапханашысы  Жаңыл 

Жанақаева  «Халықтар  достығы  –  ел  достығы» 

тақырыбында 

кітап 


көрмесімен 

таныстырып, 

мағлұматтар берді.

Мерекелік  кеш  барысында  клуб  үйінің  көркемдік 

жетекшісі  Әділ  Төлегенов,  мектеп  оқушылары 

Гүлжанат Әмзеқызы, Фариза Мусағалиева, Жолдасбек 

Серікбаев  ән­жырдан  шашу  шашса,  «Томирис» 

бишілер  тобы  өзбек,  татар,  орыс  билерін  нақышына 

келтіре орындады.

«Қт» ақпарат.

Ауыл жаңалықтары

ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫ

Жуырда  облыстық  білім,  спорт  және  дене 

шынықтыру    басқармаларының  ұйымдастыруымен 

Қызылорда қаласындағы №264 орта мектепте жастарға 

патриоттық  тәрбие  беру,  Отанды  сүюге,  қорғауға 

тәрбиелеу  мақсатында  «Әскерге  шақырылушы  – 

2015» әскери қолданбалы спорт түрінен облыс мектеп 

оқушылары арасында сайыс болып өтті.

Аталмыш  шараға  №29  орта  мектебінің  алғашқы 

әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  С.Абауовтың 

жетекшілігімен  мектептің «Жас қырандар» командасы 

да  қатысып,  белсенді  өнер  көрсетіп,  облыстық  білім 

басқармасының, аймақтық спорт және дене шынықтыру 

бөлімінің дипломымен марапатталды.



АҚЖАР АУЫЛЫ

Жақында №28 орта мектебінің ұйымдастыруымен 

ауылдық  клуб  үйінде  «Шапағат  нұрын  шашайық» 

тақырыбында қамқорлық акциясы болып өтті.

Шара аясында ауыл әкімі Құрманғали Мүсіркегенов, 

«Ақжар АгроИнвест» ЖШС директоры Сапар Асқаров, 

мектеп директоры Ақмарал Жарасова, №7 «Шаттық» 

балабақшасы  меңгерушісі  Әсемкүл  Есқабылова,  клуб 

меңгерушісі  Роза  Кенжеғұловалар  мекемелері  атынан 

барлығы 15 оқушыға көмек көрсетіп, қайырымдылық 

жасады.

Өз  кезегінде  ата­аналар  ризашылықтарын  айтып, 



ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

ДҮР ОҢҒАР АУЫЛЫ

№107  мектепте  Кеңес  әскерлерінің  Ауғанстаннан 

шығарылғанына 26 жыл толуына орай “Ерлікке тағзым­

ұрпаққа  ұлағат”  ұранының  аясында  спорт  түрлерінен, 

атап  айтқанда  волейбол,  баскетбол  және  футболдан 

8,  9,10,11  сыныптар  мен  жас  мұғалімдер  арасында 

сайыс  болып  өтті.  Жарыстың  ашылу  салтанатында 

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, бірлестік жетекшісі 

Ардақ  Алмағанбетов  пен  алғашқы  әскери  дайындық 

пәнінің  мұғалімі  Амангелді  Қиясов  сөз  алып,  балғын 

спортшыларға сәттілік тіледі.

Алғашқы  күні  болған  волейбол  додасында  І 

орынды  11  сынып  оқушылары  иеленсе,  ІІ­ІІІ  орынды 

жас мұғалімдер мен 10 сынып оқушылары жеңіп алды. 

Сондай­ақ,  осы  спорт  түрінен  11  сынып  оқушысы 

Дәурен Мейрамбеков “Үздік ойыншы” деп танылды.

Келесі күні қыз балалар арасында ұйымдастырылған 

баскетбол жарысы да тартысты болуымен есте қалды. 

Нәтижесінде  І  орынды  10  “б”  сынып  оқушылары 

иеленсе, ІІ­ІІІ орындарды 8 “а”, 8 “ә” сынып оқушылары 

өзара бөлісті. Осы спорт түрінен 8 “ә” сынып оқушысы 

Перизат Нұрлыбекова “Үздік ойыншы” атанды. Футбол 

ойыны да өз жанкүйерлерін бей­жай қалдырмады. Бұл 

сында 8 “ә” сынып оқушылары жеңімпаз атанса, ІІ­ІІІ 

орындарды 8”а” сыныбы мен 7 “а” сынып оқушылары 

иеленді.  Теңбіл  доп  қуған  жасөспірімдер  ішінен  7  “а” 

сынып  оқушысы  Нұртілеу  Ғаниұлы  “Үздік  ойыншы” 

номинациясына ие болды.

Жарыс  соңында  жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер 

Алғыс  хат  пен  арнайы  номинациялар  бойынша 

марапатталды.

Дүр  Оңғар  ауылында  “Кока­Кола­Былғары  доп” 

жүлдесі  үшін  аудандық  іріктеу  жарысы  болды.  Дүр 

Оңғар,  Иіркөл,  Ақтөбе,  ІІІ  Интернационал  және 

Төребай  би  ауылдарының  балғын  аяқ  доп  шеберлері 

жас мөлшерлеріне қарай 3 топқа бөлініп, өзара сайысқа 

түсті.

Нәтижесінде  үшінші  топта  өнер  көрсеткен  2000­



2001 жылы туылған №107 мектептің аяқ доп шеберлері 

озық шығып, аудандық сайысқа бөлінген жолдамаға ие 

болды.

ИІРКӨЛ АУЫЛЫ

Мүмкіндігі 

шектеулі 

тұлғаларға 

барынша  жағдай  жасау  мақсатында 

мемлекетіміздің 

тарапынан 

көптеген 

жеңілдіктер  қарастырылып,  осыған  сәйкес 

біршама  жұмыстар  жасалуда.  Соның 

бірі  халыққа  қызмет  көрсету  орталығы 

тарапынан  I  және  II  топтағы  мүмкіндігі 

шектеулі  азаматтардың  тұрғылықты  мекен­ 

жайларына  барып  мемлекеттік  қызмет 

көрсету ұйымдастырылған. Бұл қызметті алу 

үшін  “1414­Бірыңғай  байланыс  орталығы” 

арқылы  өтініш  берсеңіз,  Орталықтың 

арнайы  қызметкерлері  үйлеріңізге  барып 

құжаттарыңызды  қабылдап,  рәсімделген 

құжатыңызды  тұрғылықты  мекен­жай лар ы­

ңыз ға жеткізіп береді. 

Тәулік  бойы  жұмыс  атқаратын  1414 

бірыңғай байланыс орталығына ұялы немесе 

қала  телефондары  арқылы  қоңырау  шалу 

Қазақстан бойынша тегін. 

А.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,

“ХҚКО”  РМК аудандық бөлімінің 

инспекторы.   

БІРЫҢҒАЙ 

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ 

ҚЫЗМЕТІ

Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,

Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін.

Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,

Бір қолыңмен мына әлемді тербеттің,­

деп анамызды көктемнің алғашқы күнімен 

қатар  келетін 70 деген мерейлі жасымен шын 

жүректен құттықтаймыз.

Аяулы ана! Жүзіңізден шуақ кетпей, 

біздің ортамызда күліп­ойнап, қуанышқа 

толы күндеріңіз көп болып, шаттыққа кенеліп, 

бақытқа бөленіп, денсаулығыңыз мықты 

болып, Алланың берген жасын жасай беріңіз.

Ізгі ниетпен құттықтаушы жұбайы, 

балалары, немерелері.

Кірекесов көшесі, №1 үйдің тұрғыны

Жарылқасынова Зинетайға!

Сізді Пайғамбар жасы 63­ке толып, зейнет демалысына шығуыңызбен 

шын жүректен құттықтаймыз. Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды 

ісіңізбен, қарапайым да парасатты мінезіңізбен ұжымдастарыңыздың 

арасында үлкен абырой­беделге ие болған жансыз. Осындай қуанышты 

сәтте Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ 

ғұмыр, сәтті істер, қажымас жігер мен толағай 

табыстар тілейміз.



Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,

Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.

Дәулет пенен мерейіңіз таси берсін,

Арта берсін абырой, беделіңіз.

Ізгі ниетпен құттықтаушы “Республикалық 

фитосанитарлық диагностика және болжамдар 

әдістемелік орталығы” ММ Қызылорда облысы 

Қармақшы аудандық филиалы ұжымы.

Наурыз көшесі, №5 үйдің тұрғыны

Махамбетов Ерболатқа!

Елбасының    Қазақстан  халқының 

әлеуметтік  тұрмыс­тіршілігін  жақсарту 

және  қолдау  жөніндегі  сара  саясатын 

іске  асыру      мақсатында  елімізде,  оның 

ішінде  ауданымызда  көптеген  келелі  істер 

атқарылуда.  Солардың  бірі    әлеуметтік 

көмекке    мұқтаж  азаматтарға  қолдау  көр­

сету  мақсатында  ұйымдастырылатын 

республикалық «Қамқорлық» қайырым ды­

лық акциясы.

Міне,  бүгінде еліміздің барлық ай мақ­

тарында кең көлемде өткізіліп жатқан  шара  

аясында жуырда Т.Көмекбаев ауылындағы  

№185  орта  мектепте  жылдағы  дәстүрмен 

әлеуметтік  педагог  Рахман  Нұрғалиев  пен 

мектеп  директорының  тәрбие  ісі  жөнін­

дегі  орынбасары  Мөлдір  Үкішеваның  

ұйымдастыруларымен «Қамқорлық» акция­

сы болып өтті. 

Акцияны мектеп директоры Рабиға Қа­

нат шаева ашып, оның өткізілу мақ сатымен 

таныстырды. Мектеп оқу шылары арасында 

«Қайырымдылық 

жасау­ 

азаматтық 



борышым»    тақырыбында  эс се  жазу    бай­

қауы өткізілді.  

Нәтижесінде 

әділқазылардың 

шешімімен 10 сынып оқушысы Әйгерім 

Әлиакбардың  шығармасы  үздік  деп 

танылып, марапатқа ие болды.

Акция  барысында  ұстаздар    Рабиға 

Қанатшаева, Айнұр Ештаева, Қаламқас 

Мырзабарақова,  Мөлдір  Үкішева, 

Қаламқас  Қанатова  және    Жанар 

Қайырқұловалар    тағылымды  да 

тәрбиелік  мәні  зор  болып  өткен  шара 

туралы  өздерінің  жылы  лебіздерін 

білдіріп,    әлеуметтік  қолдауды  қажет 

ететін  бір  топ    оқушыға      қаржылай 

көмек көрсетті.

  Акция  барысында  ата­аналар 

Гүлсім 

Жаңабаева, 



Хадиша 

Киікбаева  және  басқалар    акцияны 

ұйымдастырушыларға    алғыстарын 

айтып, ризашылықтарын  білдірді.



Н.ЖАНӘДІЛОВ.

“Эльдорадо” сауда үйі Сіздерді 8 наурыз­Халықаралық әйелдер 

күнімен құттықтайды.

Мерекеге байланысты біздің сауда үйі Сіздерге 1 наурыздан бастап 

сауда жасаушыларға жеңілдік картасын сыйға тартады. Мысалы, құны 

180 000 теңге тұратын жатын бөлме жиһазын Сіз жеңілдік картасымен 

174600 теңгеге ала аласыз. Сонымен қатар, осы жеңілдік картасымен 

Сіз “Эльдорадо” сауда үйінен жыл бойы арзан бағада сауда жасауға 

мүмкіндігіңіз бар. Асығыңыздар! Жеңілдік картасы шектеулі.

Мекен-жайымыз: Ізтілеуов көшесі, “Сұлтан-2” сауда үйінің 2 

қабаты. Хабарласу телефоны: 2-19-00.

Жосалы кенті, Ібаш жырау көшесінде жер үй сатылады немесе қабатты үйге 

үстеме ақымен ауыстырамыз. Хабарласу телефондары: 8­777­137­58­23, 8­778­

935­46­85.

ххх

ЖД Казарма көшесі, №3 үй тез арада сатылады. 4 бөлмелі. Бағасы 1300000 



теңге. Келісеміз. Хабарласу телефондары: 8­777­530­12­01, 8­775­481­61­64.

ххх


130  теңгеден  шом  сатылады.  Ұзындығы  2­3  м  аралығындағы  шомдарға 

тапсырыс қабылдаймыз. Мекен­жайымыз: Сәтбаев көшесі, №32 үй. Хабарласу 

телефоны: 8­705­431­62­51.

“Ақниет”  дүкені  ақшалай  және  соңғы  үлгідегі  жиһаздар  мен  құрылыс 

заттары, пластик терезелерге “Банк Хоум Кредит” арқылы несие рәсімдейді. Не 

бәрі бір құжат (Жеке куәлік). Мекен­жайымыз: Абай көшесі, №6 үй. Хабарласу 

телефондары: 2­20­44, 8­705­158­48­50, 8­701­333­58­32.

“АҚНИЕТ” ДҮКЕНІ ШАҚЫРАДЫ

ГҮЛДЕР САТАМЫЗ

“Жібек  жолы”  дүкенінде    бөлме  гүлдерінің  түр­түрлері  және  8  Наурызға 

қарсы тірі гүлдер сатылады. 8 наурызға қарсы өзіңізге ұнайтын гүл бумаларын 

бізден табасыз. Хабарласу телефоны: 3­10­24.



САТЫЛАДЫ

ҚР  IIД  Көліктегі  ІІД  Қызылорда  стансасы  IIЖб­нің,  Төретам 

стансасы  ЖПб  қызмет  ету  аймағында  орналасқан  темір  жолда 

қоғамдық  қауіпсіздікті  сақтау  мақсатында  қызмет  атқарады.  Оның 

ішінде жолаушылар, жүк пойыздары, темір жол мекемелері де кіреді. 

Жұмыстың ең басты мақсаты­азаматтардың жеке мекемелері де кіреді. 

Жұмыстың ең басты мақсаты­азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін 

және  тыныштығын  сақтау,  қылмыс  пен  құқықбұзушылықты 

болдырмау.

Осы мақсатта осы жылғы ақпан айының 16­19 күндері “Құқықтық 

тәртіп”  және  19­22  күндері  “Допинг”  жедел  алдын­алу  іс­шаралары 

өткізілді. Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттік жол жүру 

арқылы Ташкент қаласынан Ресей Федерациясының Самара қаласына 

бару  мақсатында  №17  “Бішкек­Мәскеу”  бағытындағы  жолаушылар 

пойызымен  жол  жүру  құжатынсыз  келе  жатқаны  төрт  Өзбекстан 

азаматтары анықталып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы 

транзиттік жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін, оларға ҚР ӘҚБтК­нің 

517 бабының 2 бөліміне сай әкімшілік хаттама толтырылды. Байқоңыр 

қалалық сотының шешімімен екі тәулікке қамалды. 

Сонымен қатар, қызмет ету аймағында сауда­саттық орындарымен 

жасөспірімдерге  шылым  мен  спирттік  ішімдіктерді  сатпау  жөнінде 

түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 



А.БАЕКЕЕВ, 

Төретам стансасы ЖПб-нің кезекші инспекторы, полиция 

лейтенанты. 

Жақында №121 орта мектепте сынып жетекшілері 

Сәуле 

Самыратова, 



Қарлығаш 

Мырқиева, 

Ғалымжан  Кәрібаевтардың  ұйымдастыруымен  9 

сынып  оқушылары  арасында  “Мамандық  таңдау 

–  маңызды  шешім”  тақырыбында  дөңгелек  үстел 

отырысы болып өтті. 

Отырысқа өмірлік жиған­терген тәжірибесі мол, 

өз саласының білікті мамандары мен ұстаздар және 

ата­аналар қатысып, пікірлерін ортаға салды.

Шарада  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

орталығының 

Қармақшы 

құрылымдық 

бөлімшесінің жауапты дәрігері Қалыгүл Бәлібаева, 

осы  бөлімшенің  медбикесі  Аида  Жеткергенова, 

Қармақшы 

аграрлы­техникалық 

колледжі 

оқу  шеберханасының  меңгерушісі  Әбдікәрім 

Жұбанышев,  №121  орта  мектеп  директорының 

бейінді  оқыту  жөніндегі  орынбасары  Балқаш 

Тұрмағамбетова, осы оқу ордасының ардагер ұстазы 

Бақыт  Нұрымбетова,  ата­ана  Роза  Әміровалар 

оқушыларға  мамандықты  дұрыс  таңдауға,  одан 

қателеспеуге  ақыл­кеңестерін  айтып,  тәртіпті  де 

білімді  шәкірттер  болуларына  тілектестіктерін 

жеткізді.

Дөңгелек үстел отырысында мектеп оқушылары 

Айдос  Ибрагимов,  Шапағат  Өтешова,  Азиза 

Есбергенова,  Әдемі  Амантай,  тағы  басқалары 

мамандық  таңдауға  байланысты  сауалдар  қойып, 

өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісті.

Басқосуды мектеп директоры Мәуегүл Ералиева 

қорытындылап, білім ошағында білім алып жатқан 

жас өрендерге мамандық таңдаудың маңыздылығын 

түсіндірді.



Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.     

МАМАНДЫҚ 

ТАҢДАУ — 

МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ



ЖАНЫҢДА

 ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ

Қайырымдылық акциясы

ТӘРТІП ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

Бермағамбетов Білімжанның атына берілген Момышұлы көшесі, 

№28  үйдің  7.09.2006  жылғы  №77  санды  Жосалы  кенті  әкімінің 

шешімі,  26.09.2006  жыл  №0120782  санды  жер  учаскесіне  меншік 

құқығын  беретін  акты,  кадастрлық  нөмірі  10­151­001­1471  жер 

учаскесіне  берілген  мемлекеттік  акт,  техникалық  паспорты,  үй 

кітапшасы жоғалуына байланысты іске аспасын.

Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы, Қ.Ізтілеуов көшесі, №51 үйдің 

Оспанов Орынбайдың атына 7.12.2006 жылы берілген №728 санды 

кадастрлық  нөмірі  10­151­023­231  жылжымайтын  мүлікті  жария 

етуді  жүргізу  жөніндегі  комитет  шешімі  жоғалуына  байланысты 

іске аспасын.



ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖӨНДЕЙМІЗ

Кез  келген  маркада  тоңазытқыштарды,  жартылай  автомат  кір  жуғыш 

машинасын  жөндейміз.  Істен  шыққан  тоңазытқыштарды  қабылдаймыз. 

Хабарласу телефондары: 8­701­860­40­02, 8­705­412­57­66, 6­13­73.



ІСКЕ АСПАСЫН

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет