Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата05.02.2017
өлшемі11,73 Mb.
#3436
  1   2   3   4

ҚАРМАҚШЫ

таңы


ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

Газет аптасына 2 рет шығады

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

ҚАРМАҚШЫ  АУДАНДЫҚ  ГАЗЕТІ

№15

(9368)

Сәрсенбі 

25 ақпан

2015 жыл

ПРЕЗИДЕНТ

АЙМАҚ

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  ҚР  Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаев  «Әскери  қызметтің 

белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери 

қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының 

азаматтарын  2015  жылдың  сәуір-маусымында  және  қазан-желтоқсанында  мерзімді 

әскери қызметке кезекті шақыру туралы»  Жарлыққа қол қойды.

 МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ КЕЗЕКТІ 

ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЖОСАЛЫ КЕНТІ 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 

НАЗАРЫНА!

Жер бетіндегі кейбір елдер мұнайымен, 

алтынымен,  материалдық  байлығымен 

мақтанып,    бренді  санаса,  біздің 

тәуелсіз,  көпұлтты,  көп  конфессиялы 

жас  мемлекетіміз  ұлттар  мен  ұлыстар 

арасындағы  халықтар  достығы  мен 

ауызбірлігін,  ынтымағын,  тұрақтылығын 

биік тұғыр етіп келеді.

“Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол” 

атты  Елбасымыздың  үстіміздегі  жылғы 

Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында 

атап 

көрсетілгеніндей, 



жәрдемақылар 

мен  зейнетақыларға  үстемелер  қосылды. 

Құрылыс  жұмыстары  жалғасын  табуда. 

Кәсіпкерлікке,  орта  және  шағын  бизнеске 

кең өріс ашылуда. Білім, денсаулық сақтау 

салаларының  жылдан-жылға  әлеуеті  артып 

келеді.  Алпауыт  елдердің  бірқатары 

қаржылық  дағдарысты бастан өткізіп, одан 

шығудың  жолдарын  іздеп,  бас  ауыртып 

жатқанда  қазақстандықтар  Елбасымыздың 

дәстүрлі 

 

Жолдаулары 



аясындағы 

мемлекеттік  бағдарламалардың  шарапатын 

көріп, игілігін сезінуде.

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы 

Кеңесі  мүшелері  қазақстандықтар  үшін 

аса  бағалы,  бүгінгідей  әлемді  дағдарыс 

жайлаған  шақта  ел  бірлігі  мен  татулығын,  

экономикасы мен әлеуетін арттырып, нығайта 

түсуде  шешуші  рөл  атқаратын  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  сайлауын 

уақытынан бұрын өткізуге ұсыныс жасады. 

Бұл ұсынысты мен парасатты пікір, орынды 

ой деп қабылдадым. 

Жаһандағы  қаржы  дағдарысы  мен  күн 

райындай  күнде  өзгеріп  отырған  саяси 

ахуалдарды  ескерер  болсақ,  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  сайлауын  биыл 

өткізу  керек  деген  ұсынысты  қолдаймын. 

Бұдан  біздің  еліміз  де,  онда  өмір  сүріп 

жатқан  қазақстандықтар  да  ұтпаса, 

ұтылмайтыны анық.

Бақыткүл РАЙЫМБАЕВА,

“Аңсаған” мүмкіндігі шектеулі 

балалар қоғамдық бірлестігінің 

төрайымы. 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  көтерген 

Қазақстан  Президентін  сайлауды  мерзімінен 

бұрын өткізу туралы идея дәл қазіргі уақытта 

қызу  талқыға  түсіп,  зор  қолдауға  ие  болып 

отыр.  Бұл  сайлау  мемлекет  басшысының 

«Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»  кең 

ауқымды  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

жұмыстарына  ден  қоюына  мүмкіндік  беріп, 

елді әлеуметтік жаңғырту кезеңінде халықтың 

бірлігін қамтамасыз етеді.  

Елбасы  сайлауын  өткізу-бұл  халық 

тілегі,  экономикалық  және  саяси  қажеттілік. 

Елбасымыздың саралы саясатының арқасында  

Қазақ  елі  Мәңгілік  ел  болу  жолында  алға 

қарай қарышты адымдап келеді. 

Тәуелсіз  еліміз  24  жылдың  ішінде 

қиындықтың бәрін артқа тастап, дос сүйсініп, 

дұшпан  күйінетіндей  жоғары  жетістіктерге 

де жетіп үлгерді.  Мұның барлығы көрегенді 

көшбасшының  батыл  қадамы,  ұшқыр  ойы, 

келешекті  болжай  алатын  ерекше  қасиетінің 

жемісі. 

Бүгінде  жас  ұрпаққа  мемлекет  болашағы 

ретінде  үлкен  сенім  артылып  отырғандығы 

белгілі.  Ендеше  еліміздің  жастары  нақ  осы 

сәтте  өздерінің  белсенділігін  дәлелдеп, 

Елбасының  жанынан  табылып,  артылған 

үмітті ақтай білуі тиіс. Себебі мемлекетіміздің 

бүгінгі күнге дейін жеткен толағай табыстары 

ғана  емес,  баянды  болашағы  да  Тұңғыш 

Президентіміздің есімімен тікелей байланысты.

Сондай-ақ, 

жастардың 

әлеуметтік 

жағдайын  жақсартуға  да  барлық  жағдайлар 

қарастырылған.  Осының  барлығы  -  жас 

ұрпақтың  болашағы  үшін  жасалып  жатқан 

шаралар.  Ендеше,  жастар  үшін  жауапты 

қадам  жасайтын  кез  келді.  Ауданымыздың 

барлық  белсенді  жастарын  Елбасы  сайлауын 

мерзімінен  бұрын  өткізуге  қолдау  көрсетіп, 

белсене  араласуға  шақырамын.  Бұл  біздің 

Елбасына  деген  алғысымыз  деп  білген  жөн. 

Бұл  ретте,  «Қорқыт  елі-Қармақшы»  жастар 

қоғамдық бірлестігі алдағы уақытта Мемлекет 

басшысының  идеясын  қолдауға  дайынбыз. 

Біз – қармақшылық жастар, ел Президентімен 

біргеміз.

Ақтолқын НҰРМАҒАМБЕТОВА,

«Қорқыт елі-Қармақшы» жастар 

қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі. 

Ел пікірі

ПАРАСАТТЫ 

ПІКІР, ОРЫНДЫ ОЙ

САЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ



“ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ” 

АТАҒЫ БЕРІЛДІ

БІЛІМ — БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ҚЫЗЫЛОРДА.  ҚазАқпарат  -  «Рза» 

АҚ  -  Қазалы  ауданының  көркейіп 

кеңеюіне, халықтың әлеуметтік жағдайын 

көтеруге  баса  көңіл  бөліп,  өз      үлесін 

қосып келе жатқан кәсіпорын.

Мұнда  1200-ден  астам  адам,  оның 

ішінде 

инженерлер, 



экономистер, 

агроном, 

зоотехник, 

құрылысшы,  

ауыл  шаруашылығы  және  өнеркәсіп  

мамандары  жұмыс  жасайды.  Сонымен 

қатар  Қызылорда,  Алматы  және  Астана 

қалаларында тұрақты өкілдері бар.      

Негізгі  қызмет  түрі  -  құрылыс-

монтаж  жұмыстарын,  оның  ішінде 

мелиоративтік 

құрылыс, 

тұрғын 

үй  құрылысы,  магистральдық  су 



құбырларын жүргізу. Халықты таза ауыз 

сумен  қамтамасыз  ету  бағдарламасы 

бойынша  2003  жылдан  бері  Қызылорда 

облысының  Арал,  Қазалы,  Қармақшы 

аудандарында  құрылыс  жұмыстарын 

атқарып келеді.

Оның құрамына бірнеше ЖШС енеді.

Атап  айтқанда,    «Рза-Агро»-ның 

негізгі  қызмет  түрі  -  дәнді  дақылдар 

мен  мал  азығындық  дақылдарын  егу 

және  өткізу.  Барлығы  35  мың  га  жуық 

жер  учаскесін  иемденетін  серіктестік    

жылына    1  млрд.  теңге  көлемінде  өнім 

өндіреді,  оның  ішінде  5  мың  тонна 

ақталған  жоғары  сапалы  күріш  -  Ресей, 

Украина, 

Беларуссия, 

Тәжікстан, 

Түркіменстан  мемлекеттеріне  экспортқа 

жіберіледі. 

«Рза-Асыл  түлік»  -  Қазақстанның 

индустриялық даму картасының белсенді 

қатысушысы болып табылады. Аталмыш 

бағдарлама  аясында  кәсіпорын  2010 

жылы    ірі  инвестициялық  жобаны 

жүзеге  асырды.  Экспортқа  бағытталған 

сүт  және  ет  өнімдерін  өндіру  бойынша 

типтік  жобадағы  тауарлы  сүт  фермасы 

және ауысымына 30 тонна сүт өңдейтін 

сүт  зауыты  салынды.  Серіктестіктің 

негізгі  қызмет  түрі  -  асыл  тұқымды 

мал  шаруашылығы,    ет  және  сүт 

өндіру  және өткізу. Венгриядан 660 бас 

голштинофриз асыл тұқымды қашарлары 

әкелінді.  Қазіргі  таңда  олардың  саны 

1600  басқа  жетті.  Әрбір  сауын  сиырдан 

8000 литрден сүт сауылып, жылына 5 500 

тонна  сүт  өндіріледі.  Кешенге  қажетті 

құрал-жабдықтар  Голландия,  Ирландия, 

Германия  мемлекеттерінен алынған.

«Рза-Сүт»-тің 

негізгі 


қызметі 

-  сүт  өнімдерін  өңдеу  және  сату. 

Тәулігіне  30  тонна  сүт  өңдейтін    зауыт 

еуропаның  озық  технологиялық  құрал-

жабдықтарымен  жабдықталған.  Зауытта 

пастерленген  және  ультрапастерленген 

сүт,  айран,  қаймақ,  ірімшік,  сары  май, 

құрт өнімдері шығарылады.

Сүт өнімдері Қызылорда облысының 

аумағымен  бірге  Маңғыстау,  Атырау, 

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 

сатылуда. 

Елбасының 

Жолдауында 

азық-

түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету, 



экспортты әртараптандыру, тауарлы-сүт 

фермаларын, мал бордақылау алаңдарын 

ұйымдастыру,  ет  өңдеу  өндірісін 

дамытуға ерекше көңіл бөлінгені белгілі. 

Рзалықтар  осы  мүддеден  табылуда. 

Аталмыш  акционерлік  қоғам  Қазалы 

ауданындағы ең іргелі кәсіпорын болып 

есептеледі.

«Рза-Транс»-тың  негізгі  қызмет 

түрі  -  акционерлік  қоғамның  барлық 

бөлімшелерінің  өндірістік  мақсатқа 

пайдалануларына қажетті техникалармен 

қамтамасыз  ету.  Онда  қуаттылығы 

жоғары  ауыл  шаруашылығы  және 

құрылыс  саласына  қажетті    қазіргі 

заман 


талабына 

сай 


техникалар 

жұмылдырылған,  яғни  жер  қазуға  және 

жүк  көтеруге  арналған  машиналар, 

сонымен  қатар  әртүрлі  мақсатқа 

пайдаланылатын механизмдер.

«Рза-Нан»-ның  өндірістік  цехы 

еуропалық стандартқа сай  құрылғылармен 

жабдықталған,  нан  өнімдерін    өндіру  

қуаттылығы 3200 келіден астам.  Мұнда  

нан  және  кондитерлік  өнімдердің  40-қа 

жуық  түрлері  дайындалады.    Толықтай 

еуропалық 

құрал-жабдықтармен 

қамтылған.  Ал  шұжық  цехының  ет 

өнімдерін  өндіру  қуаттылығы  тәулігіне 

2 тонна.


«РЗА-Мұнай  -  Газ  -  Құрылыс»-тың  

Арал,  Қазалы,  Қармақшы  аудандарын 

жанар-жағар  маймен  қамтамасыз  ететін 

сыйымдылығы  4855  м.куб.  (бензин, 

дизельдік  отын,  нигрол,  дизельдік  май, 

т.б.  сақтайтын)  мұнай  резервуарлары 

бар.  Сонымен  қатар,  жаңа  типтік 

жобамен салынған 4 май тарату бекеті өз 

қызметтерін көрсетуде.

«РЗА» АҚ  

ӨНІМІ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Кеше  аудан  әкімдігінің  мәжіліс 

залында  облыстық  мәслихаттың 

наурыз 


айындағы 

кезекті 


сессиясында  қаралатын  “Облыстың 

мәдениет  және  өнер  саласын 

дамытудың жайы және оны жақсарту 

шаралары туралы” мәселе бойынша 

қоғамдық талқылау өткізілді.

Қоғамдық 

 

талқылауды 



облыстық  мәслихаттың  кезекті 

сессиясының  төрағасы  А.Тайманов 

ашып, жүргізіп отырды.

Талқылауға  облыстық  және 

аудандық  мәслихат  депутаттары, 

кент,  ауылдық  округтер  әкімдері, 

бөлім 

басшылары, 



аудандағы 

мәдениет 

саласына 

қарасты 


мекемелер, 

әуез 


мектептерінің 

басшылары, үкіметтік емес ұйымдар 

мен БАҚ өкілдері қатысты.

Талқылауда  ауданда  мәдениет 

және  өнер  саласы  бойынша 

атқарылып 

жатқан 

жұмыстар 



туралы  аудан  әкімінің  орынбасары 

А.Қаржаубаев баяндама жасады.

Қоғамдық  талқылауда  Дүр 

Оңғар  ауылдық  мәдениет  үйінің 

басшысы  С.Сапақов,  аудандық 

мәслихат  депутаттары  М.Наятұлы, 

Ә.Дәуленбаев, 

А.Үсенов, 

О.Бодыбаев,  Жосалы  ауылдық 

округінің  әкімі  Б.Қалдашбаев, 

Ақжар  ауылдық  округінің  әкімі 

Қ.Мүсіркегенов,  әуез  мектебінің 

директоры  Т.Қуаңбаев,  Жыраулар 

үйі 


басшысының 

орынбасары 

Б.Рүстембеков  және  басқалар  сөз 

сөйлеп, ауданда мәдениет пен өнерді 

дамытуға  байланысты  өз  ойларын 

ортаға 


салды, 

ұсыныстарын 

білдірді.

Басқосуда  айтылған  ұсыныстар 

мен 

қойылған 



сұрақтарға 

байланысты  облыстық  мәдениет, 

мұрағаттар 

және 


құжаттама 

басқармасының 

басшысы 

Е.Әбдірахманов,  облыстық  халық 

шығармашылығын  дамыту  және 

мәдени  продьюсерлік  орталықтың 

директоры 

С.Аманкелдиев, 

А.Тәжібаев  атындағы  әмбебап 

ғылыми  кітапхананың  директоры 

Н.Мырзамұратова, 

облыс-


тық  экономика  және  бюджеттік 

жоспарлау  басқармасының  бас 

маманы Р.Демесіновалар жан-жақты 

жауаптар берді.

Қоғамдық  талқылауды  аудан 

әкімінің уақытша міндетін атқарушы 

Ә.Қошалақов қорытындылады.

Қоғамдық талқылау

«Дипломме

н-ауылға» бағдарламасы

Құттықтаймыз!

ҰЛТ МӘЙЕГІ – МӘДЕНИЕТ

Аудандық сайлау комиссиясы 

Қазақстан  Республикасы  Пре-

зи  дентінің  2013  жылғы  24 

сәуір дегі  №555  «Қазақстан 

Ре с публикасының 

аудандық 

маңызы  бар  қалалары,  ауылдық 

окр

 

угтері,  ауылдық  округ тің 



құрамына  кірмейтін  кент тері 

мен  ауылдары  әкімдерінің  сай-

лауын  өткізудің  кейбір  мәсе-

лелері  туралы»  Жарлығымен 

бекі тілген қағидаларының 9-тар-

мағының  1-тармақшасына  сәй-

кес өкілеттілігі мер зімі нен бұрын 

тоқтатылған 

Жосалы 

кенті 


әкімінің сайлауы 2015 жылғы 27 

наурызда өтетіндігін хабарлайды.   

Әкімдікке 

кандидаттарды 

ұсыну  мерзімі  2015  жыл ғы  25 

ақпан-1 наурыз  аралығы      болып         

жә не      әкімдікке  кандидаттарды 

тіркеу  мер зімі  2015  жылғы 

12  наурыз  күні  аяқталады.

Аудандық сайлау 

комиссиясы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бас та ма-

сымен  қабылданған “Дипломмен-ау ыл-

ға”  бағдарламасының  шарапатын  кө-

ріп  отыр ған  жастардың  бірі  Балымша 

Бегалиева.

Ол  1990  жылы  Тұрмағамбет 

ауылында туып өсіп, 1996 - 2007 жылдар 

аралығында ауыл орталығындағы №29 

орта мектепте білім алып  шығады. 

2010  жылы  Шымкент  қаласындағы 

М.Әуезов  атындағы  колледжді  қызыл 

дипломмен аяқтап, өзінің туған ауылы-

на  оралып  бастауыш  сынып  мұғалімі 

болып жұмысқа орналасады.

Сол  жылы  білімін  жетілдіру 

мақсатында  жоғары  оқу  орнына 

сырттай  түсіп, 2013 жылы бітіреді. 

Жас  маман  өз  қызметіне  белсенді 

араласа  жүріп,  бірнеше  байқаулардың 

да жеңімпазы атанады. 

Атап айтар болсақ, «Үздік бастауыш 

сынып  мұғалімі  –  2013»  аудандық 

байқауында  Алғыс  хат,  аудандық 

интерактивті  тақтамен  сабақ  көрсету 

байқауында І орын, «Білім сапасының 

құзіреттілігі»  тақырыбында  өткен 

жарыста ІІІ орын иеленсе, «Жас маман 

және  жаңа  технология»  сайысында 

дипломмен марапатталған. 

Сондай-ақ, 

Балымша 


Кемал бек-

қызының  шәкірттері  Ботакөз  Берікқызы 

Х  республикалық  «Зерде»  кон курсы-

ның І кезеңінде Дипломмен және Шұғыла 

Кенбайқызы 

республикалық 

сурет 

конкурсына қатысып ІІ орын жеңіп алды.



- Болашақ- білімді жастардың қолында. 

Ерінбей еңбек етсең оның жемісін жейсің. 

Біздің мемлекеттің жастарға жасап жатқан 

қамқорлығы  көп.  Соны  сезініп,  талмай 

еңбек  ету  керек.  Сонда  ғана  еліңнің  бір 

кірпіші  болып  қаланасың.  Өзім  білім 

алып  шыққан  №29  қазақ  орта  мектебінің 

қарашаңырағында  ұстаз  болғанымды 

мақтаныш  етемін.  Зарипа  Тасымова 

басшылық  жасайтын  мектеп  ұжымына 

және Жәмила Әбетова, Гүлнар Балғожина, 

Сәуле  Көзбергенова  сынды  ұстаздарыма 

ерекше алғысымды айтқым келеді.

Адам  алдына  қандай  да  бір  мақсат 

қойып  еңбек  ете  білсе,  ол  арман 

орындалады.  Ұстаз  болу  менің  бала  күнгі 

арманым  болатын.  Шәкірттерге  сапалы 

білім, саналы тәрбие беруде алған білім – 

парасатыммен, жастық жалын – жігеріммен 

аянбай жұмыс жасай беремін. Себебі, білім 

жастарды  биікке  жетелейді,-  дейді  жас 

маман бізбен әңгімесінде.



Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі спорт және денешынықтыру істері 

комитеті төрағасы Е.Қанағатовтың бұйрығымен жерлесіміз Кенеев Болатбек Жақсылықұлына 

қазақ  күресінен  “Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  жаттықтырушысы”  атағы 

берілді. Ол қазақ күресінен әлем чемпионы Ғалымжан Әбдірахмановтың бапкері.

Талантты жерлесіміздің алдағы уақытта да талай түлекті түлетіп, биікке ұшыратынына 

сенімдіміз.

“Қт” ақпарат.

Жуырда  аудандық  мәдениет  үйінде  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар  

енгізу  туралы»  2014  жылғы  қарашадағы  №257-V  Қазақстан  Республикасының 

Заңымен  Салық  кодексіне  енгізілген  өзгерістер  мен  толықтырулар  жөнінде 

түсініктеме  беру  мақсатында  Қармақшы  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер 

басқармасының  ұйымдастыруымен  аудан  аумағындағы  шаруашылық  нысандары 

бойынша  еңбек  ететін  заңды  тұлғалар  мен  жеке  кәсіпкерлердің  қатысуларымен 

аудандық семинар-кеңес болып өтті.

Семинар-кеңесті  аудан  әкімінің  орынбасары  Әділ  Қошалақов  ашып,  оның 

өткізілу мақсатымен таныстырып, жүргізіп отырды.

Содан соң мінберге көтерілген  Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер 

департаментінің  басқарма  басшылары  Совет  Бабанаев  пен  Қуаныш  Айтбаевтар  

«Салық  кодексіне  енгізілген  өзгерістер  мен  толықтырулар»  туралы  хабарламалар 

жасап,      Салық  кодексіне  енгізілген  жаңа  өзгерістер  мен  толықтырулар  туралы 

мағлұматтар берді.

Шара  барысында  Назира  Мықтыбаева,  Айна  Тұрғанова,  Жанар  Қойшығұлова 

және басқа да    кент тұрғындары зейнетақы, әлеуметтік аударылым, әлеуметтік салық 

туралы және басқа да көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандар тарапынан 

нақты жауаптар алды. 

Семинар-кеңесте    Қармақшы  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер 

басқармасының басшысы Қалдыбек Сүлейменов  ауданда сала бойынша атқарылып 

жатқан жұмыстар жайында айтып, шараны қорытындылады.

«Қт» ақпарат.

ЖАУАПТЫ ҚАДАМ 

ЖАСАЙТЫН КЕЗ


ҚАРМАҚШЫ

таңы


2

25 ақпан, 2015 жыл

Құқықтық ақпарат

-Айналайындар-ау,  әкелерің  жұмыстан  шар-

шап  келді  ғой.  Мазасын  ала  бермеңдер.  Қайта 

бірің киімін шешуге көмектесіп қолына су құйып, 

енді  бірің  жастық    әкеліп  беріңдер.  Жантайып 

отырып  тамағын  ішсін.  -Бұл  анамыздың  күнде 

кешкісін  әкеміз  жұмыстан  шаршап  келіп  үйдің 

сыртқы  есігін  ашып  ішке  енгенде    уралап  оның  

аяғына оратылып жататан бізге айтатын сөзі. Біз 

болсақ анамыздың сөзін құлағымызға қыстырмай, 

қайта  әкеміздің    қойнына  тығыла    түсеміз.  Ал, 

өз  кезегінде  біздің  қылығымызға  мәз  болған 

әкеміз  бірімізді  қытықтап,  күлкімізді  келтірсе, 

енді бірімізді аспанға көтере –«Айналып кетейін, 

менің  құлыншақтарым»  деп  еркелете  аялайтын.  

Мейірлене иіскеп, аймалайтын. 

Иә, әке-шешеміздің мойнына асыла еркелей тін 

сол бір бақытты  күндер  бүгінде біздер үшін  ес-

те лік болып қалды. 

Міне,  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан 

соғысының  аяқталғанына  да  биыл  70  жыл 

толады.  «Елу  жылда-ел  жаңа»  демекші,    әлемді 

дүр сілкіндерген сол бір сұрапыл соғыстың отын 

өшіріп,  жаңа  өмір  бастаған  осы  жетпіс  жыл 

аралығында   дүниеден кімдер кетіп,  кім келмеді, 

адамзат баласы үшін  қаншама игілікті жұмыстар 

атқарылды.  Оның  ішінде    ата-бабаларымыз 

армандап  өткен  егемендікке  қол  жеткізіп, 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саралы саясатының 

арқасында  әлемдегі  экономикасы  барынша 

дамыған елдердің қатарынан орын алдық. 

Десек те, ата-ананың орны бөлек екен. Осыдан 

10-20  жыл  бұрын  аудан  орталығындағы  алаңда  

жыл  сайын  өткізілетін    9  мамыр  мерекесі  күні 

омыраулары  орден-медальдарға  тола  жүретін  

Жеңіс  сарбаздарынан      бүгінде    естуімше  Шәкі-

ман,  Қуанышбай  және  Төремұрат  көкелерім  ғана 

қалыпты.


Иә,  «Өмір-өзен  ағады  да  кетеді»  демек ші, 

кезінде  осы  кісілермен  бірге    омырауына  ор ден-

медальдарын  тағып,  Жеңістің  мерекесін  той-

лап  менің  де    әкем  жүруші  еді.  Бірақ  Құдайға 

шүкір,  «Орнында  бар  оңалар»  дегендей,  бүгінде  

ұрпақтары оның өмірін жалғастырып келеміз.

«Әке -асқар тау» демекші, мен әрдайым әкемді 

мақтан  еттім,  қазірде    мақтан  етемін.  Өйткені  ол 

кісі өзі туып-өскен Отаны мен жері үшін, халқының 

болашағы  мен  біздей  ұрпақтарының  келешегі 

үшін  от  кешті.  Еңбек  етіп,  үлгі  көрсетті.  Ол  бар 

саналы  ғұмырларын еңбекке арнап өмірден озған  

Айтжан  мен  Қадиша  есімді  қарапайым  шаруа 

отбасында  дүниеге    келген  3  қыз,  2  ұлдың  бірі 

болатын. Өз замандастары сияқты  ол өзінің туып-

өскен ауылындағы орта мектепте білім алды. Ал, 

мектепті  тәмамдаған  соң    жалғыз  ағасы  Бірлеш 

інісінің  жоғары  білімді    болғанын    қалап,  1938 

жылы  Ташкент  қаласындағы  ауылшаруашылығы 

институтына оқуға түсіреді.  

Сөйтіп әкем Ташкент қаласында  оқып жүріп,  

яғни  1939  жылы  Отан  алдындағы  азаматтық 

парызын  өтеуге    әскер  қатарына  алынып,    сол 

уақытта  Финляндиямен  жүріп  жатқан  соғысқа 

қатысады.  Ол Ленинград әскери округіне қарасты  

№48  шекара  отрядында  қызмет  етеді.  Әкем: 

-Финдермен  өткізген  соғыста    атқыш  болып 

қызмет  еттім.  Біз  екі  ортаны  бөліп  жатқан  атын 

ұмытып қалыппын үлкен бір өзеннің бер жағында, 

ал  финдер  арғы  жағында    атысқа  шығатынбыз. 

Маған  атқыш  ретінде    берілген  тапсырма    тек 

жаудың офицерін  ғана ату. Басшысы өлген  жау 

солдаттарының  шабуылға  шығуы  екіталай. 

Сондықтан  олар  кейін  шегінеді.  Сондай  әскери 

тактикалардың  арқасында  біздің  жақ  шабуылға 

шығып,  көптеген  жаудың  көзін  жойдық,-  деп 

отыратын. 

Ал, Ұлы Отан соғысын ол кісі Ленинград әс-

кери  округіндегі    №96  әскери  бөлімде  сапер  бо-

лып  қызмет  етіп  жүрген  кезінде  қарсы  алыпты. 

Сол әскери бөлімде қызмет етіп жүріп, еліміздің 

көптеген  қалаларын  неміс  басқыншыларынан 

азат  етті.  Оның  ішінде  Батыр  қала  Ленинград 

және  Балтық    теңізі  бойындағы  Латвия,  Литва 

мен    Эстония  елдері  қалалары  бар.  Әкем    Ұлы 

Отан  соғысының  алғашқы  күнінен  бастап,  соңғы 

күніне  дейін    қатысқан.  Ол  өзінің  жауынгерлік 

жеңіс ті  жорықтарын Ленинградтан бастап Поль-

ша, Германия, Венгрия елдерінде   өткізіп, Же ңіс ті 

Чехославакияда қарсы алады. Неміс фашистеріне 

қарсы  өткізген  соғыста  көрсеткен  ерліктері  үшін 

1944 жылы ІІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, ал 1945 

жылы  «Ерлігі  үшін»  медалімен  марапатталады. 

Соғыстан қайтар кезде, яғни 1945 жылы Ленинград 

әскери  округінің  қолбасшысы,  КСРО  маршалы 

Л.А.Говоровтың  қолынан  Ұлы  Отан  соғысында 

көрсеткен  ерлікті істері үшін грамота алады. Екі 

рет, яғни бір қолы мен бір аяғынан ауыр жарақат 

алып, госпитальда емделіп шығады.

Міне,  7  жыл  бойы  туған  елден  жырақ  жерде  

Отан  үшін  от  кешіп,  ерлік  көрсеткен  әкем  

Қалдыбек Айтжанұлы 1945 жылдың қарашасында 

елге  оралып,  ағайын-туыспен  қауышады.  Елге 

оралғасын    әкеміз  Ташкент  қаласындағы  оқуын 

жалғастырып,  оны  тәмамдаған    соң  өзінің  еңбек 

жолын  агроном  болып  бастайды.  Ауданда   

ауылшаруашылығы  саласын  дамыту  мақсатында 

агроном  қызметінде  түрлі  мекемелерде  еңбек 

етіп,  туған  елінің  өсіп-өркендеуіне  өзіндік  үлесін 

қосады. 


Сонымен қатар, әкеміз Қызылтам елді мекенін-

де,  Иіркөл  және  Дүр  Оңғар  ауылдарында  ауыл-

шаруашылығы саласын дамытуға атсалысады.

Ал,  1962  жылы  аудандық  тұқым  тексеру 

инспекциясының  бастығы,  агроном  болып 

абыройлы  еңбек  етіп,  1973  жылы  құрметті 

зейнеткерлік демалысқа шығады. 

Ұрпақтарының  мақтанышы,  ағайын-туыстың  

ардақтысы  атанған  әкем  Қалдыбек  Айтжанұлы 

1946  жылы    өзінің  өмірлік  жары  болған    аяулы 

анамыз, «Алтын алқа», І-ІІ және ІІІ дәрежелі «Ана 

даңқы» ордені мен «Еңбек ардагері»  төсбелгісінің 

иегері,    тыл  ардагері  Әсемкүл  Тұрғанқызымен  

отбасын  құрып,  өздері  үкілеп,  өсірген  алғашқы  

екі қызы дүние салғаннан кейінгі Саякүл, Қалжан, 

Қайыржан, Бауыржан, Құндызай, Оразбек, Нұрлан 

атты    ұл-қыздарын    дүниеге  әкеліп,  тәрбиелеп 

өсірді.  Бүгінде  сол  ұрпақтарының  қызығын  көре 

алмай  дүниеден  озған  асыл  әкеміздің  арманын 

анамыз  жалғастыруда.    24  немере,  26  шөберенің 

қолдарынан су ішіп  отырған бақытты ана. Қазіргі 

таңда  ұрпақтары  еліміздің  әр  қалаларында  ел 

экономикасының 

өсіп-өркендеуіне 

өздерінің 

сүбелі үлестерін қосып, әке мерейін тасытып жүр.

Әкем  Қалдыбек  бейбіт  өмірде  де  ел  алдын-

дағы азаматтық борышын адал өтеді деп білемін. 

Оған    еліміз  Кеңестер  Одағы  құрамында  болған 

жылдары жыл сайын Мәскеу қаласында  өткізілетін 

Бүкілодақтық  халық  шаруашылығы  жетістіктері 

көрмесіне қатысып, марапатқа ие болуы мен ұзақ 

жылдардағы ерен еңбегі үшін  туған елінің берген 

марапаты  «Еңбек  ардагері»  төсбелгісі,  сонымен 

қатар аудандық, облыстық партия және жергілікті 

атқару  комитеттерінің  Мақтау  қағаздары  мен 

Алғыстары айғақ. 

Әкем тірі кезінде жыл сайын 9 мамыр  Жеңіс 

күндерінде  өзінің  бөлмесіндегі  төрде  ілулі  тұ-

ра тын    ІІІ  дәрежелі  «Даңқ»  және  «Ұлы  Отан  со-

ғысы»  ордендері  мен  «Ерлігі  үшін»,  «КСРО 

Қарулы  Күштеріне  50,60,70  жыл»,  «1941-1945 

жылдардағы Ұлы Отан соғысына 20,30,40 жыл», 

«1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысындағы 

ерен  еңбегі  үшін»,  «1941-1945  жылдардағы 

Ұлы  Отан  соғысында  Германияны  жеңгені 

үшін» сияқты  медальдарға тола  костюмін киіп, 

көшеге  шыққанда  мен  әкемді  құдды  бір  батырға 

теңейтінмін  және  де  мақтанатынмын.  Қасында  

қолын  ұстап  жүріп,  сол  кездегі  кентіміздің,  яғни 

пролетариат көсемі В.И.Лениннің есімімен аталған 

көшемен  жүріп  отырып,  орталық  алаң ға  өзінің 

қарулас  жолдастарының  қатарына  қосылғанша 

бірге еріп баратынмын.   

Иә, сол бір сұм соғыс кімге қасірет әкелмеді 

десеңші.  Бірінің  әкесін,  бірінің  жарын,  ал  енді 

бірінің  жалғыз  ұлын  жұтты  емес  пе.  Қаншама 

адамдар  әлі  күнге  дейін  хабарсыз  кеткен 

азаматтарын зарыға күтуде.

  Әттең-ай,  жер  бетінде    соғыс  болмағанда  

бүгінде  сол    майдан  даласында  шейіт  болған, 

арманда  кеткен  боздақтарымыз  бізбен  бірге 

бұрынғы ата-бабаларымыз зарыға күткен  егеменді 

елімізде бақытты ғұмырларын кешіп жүрер еді-ау.

Ардақты  әкем  Қалдыбек  Айтжанұлы  1991 

жылы  дүниеден  озды.  Бірақ,  ол  бүгінде  ұрпақ-

тары мен мәңгі жасауда.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет