ҚАРМАҚШЫ
таңы
ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ
12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ
E-mail: Karm_tany @ mail.ru
АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ГАЗЕТ
№77
(9531)
Сенбі
1 қазан
2016 жыл
Газет аптасына 2 рет шығады
Жалғасы 2-бетте.
Ата Заңымызда айқын айшықтал ға
нындай, өзін демок ра тиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырған, тәуелсіз елімізде ата дәстүрін
ардақтау үрдісі, үлкенге ізет, кішіге құрмет
дәстүрі жаңа мазмұнға, жаңаша сипатқа ие
болып, жанжақты жетілдірілуде.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
өзі нің Қазақстан халқына арнаған Жол
дауында: «Ел басына күн туған небір қилы за
ман дарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап
қалған осы ынтымағы мен бірлігі емес пе?»
дей келіп, ел ынтымағы мен бірлігінің діңгегі
ақ сақалдарға, ел сөзін ұстаған, көпті көрген
тә жірибелі ел ағаларына үлкен сенім артқан
еді.
«Ауылыңның іргесінде биік төбе болса
ерттеулі атпен тең, ауылда ақсақалды қария
болсажазулы хатпен тең»,деген бабалар
даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен
халқымыздың үлкенді ұлық тұтып, кішіге
ұлағат қалдырған жақсы дәстүрі бүгінде
жалғасын тауып, жаңа қырынан көрінуде.
Бүгінгі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық
мерейтойы қарсаңында 2940 ардагердің
басын қосып, оларды 37 бастауыш ұйым
ның төңірегінде топтастырып
отырған Жосалы кен ті ардагерлер
кеңесі де кент әкім дігімен бірлесе
отырып, өзі қабылдаған жылдық
жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар
жүргізіп келеді.
Бастауыш ұйымдар бойынша кент
ардагерлерінің әлеуметтік картасы жаса
лып, онда кентте тұратын әрбір ардагердің
отбасылық, әлеуметтік жағдайы туралы
нақты мәліметтер жинақталды. Осы ар
қылы кімге қандай көмектер көрсету
қажеттігі, еңбегіне қарай белгілі бір марапат
түрлеріне ұсыну мәселелері реттеледі. Алқа
мүшелерінің әр отырысында әлеуметтік
карта жасалмай қалған кісілер болса есепке
алынады. Олардың қандай мекемеден зей
нетке шыққаны, кезінде мекемесі жұмысын
тоқтатып, қазір еш ұйымның есебінде болмай
қалу жағдайлары нақты ланып, әр қайсысына
әлеуметтік көмек көрсетудің шаралары
қарастырылып отырады.
Ауданда басшы қызметтер атқарып,
қоғамдық өмірге белсенді араласқан, ұрпақ
тәрбиесінде елеулі орны бар ардагерлердің
азаматтық тұлғасын айшықтап, жастарды
олардың өнегелі өмір жолымен таныстыру
мақсатында 70, 80, 90 жылдық мерейтойын
ұйымдастыру дәстүрге айнала бастады.
Өзінің қарттығына қарамай еңбек етуін
жалғастырып, бақша өсірген, мал баққан
қариялардың істерін елеусіз қалдырмай
елге өнеге ету жұмыстары да назардан тыс
қалмайды. Себебі, олардың тиянақты да
сапалы істері мен бай тәжірибесі біздің
барлық саладағы жұмыстарымызға қажет
екендігі сөзсіз.
Кент тұрғындарының тұрмыстық, әлеу
меттік жағдайын жақсартуға, көше тазалығы,
көркейту жұмыстарына да аға буынның
ұсыныстарымен бірге қол көмегі аз емес.
Ардагерлердің бос уақытын мазмұнды
да тиім ді ұйым дастыруға байланысты
шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойын
дарынан жарыстар өткізіліп, өлкеміздің
тарихи орындарына тұрақты түрде серуенге
шығу ұйымдастырылып тұрады. Қорқыт ата
кешенін тамашалап, баба рухына тағзым етіп
отыру дәстүрге ай налған.
Кентімізде бүгінгі күні 3 соғыс ардагері
бар. Ұлы Жеңіс мерекесіне орай оларға
құрмет көрсетіліп, оқушылармен, жастармен
тақырыптық кездесулер өткізуде.
Соңғы жылдары кент ардагерлер ке
ңесінің бастамасымен ардагерлердің әлеу
меттік жағдайын көтеру мақсатында аудан
шаруашылықтарымен
келісім
жасап,
қажет еткен ардагерлерге мал азығындық
дақылдарды қол жетімді бағамен сатуды
ұйымдастыру жұмысы көпшіліктің риза
лығын туғызып, жұртшылық аудан әкімі мен
шаруашылық басшыларына алғыс сезімдерін
білдіруде.
Биылғы жаздың өзінде кенттегі 112 үйге
33 200 дана жоңышқа тайы, 255 үйге 23 500
дана пішен тайы ар зан бағамен түсірілді.
Бұл жұмыстарға «Тұрмағамбет» ЖШС,
«Достық» ЖШС басшылары жүйелі түрде
көмегін тигізіп, кент ардагерлер кеңесімен
тығыз байланыста жұмыс жасап отыр.
Жақын күндердің ішінде 26 үйге 8 тонна
дан астам күріш қалдығы түсіріліп, кент
тұр ғын дарының мал азығын қысқа даярлап
алуына өзіндік көмегін тигізуде.
Кент ардагерлер кеңесі өз жұ мы сын
аудандағы түрлі үкіметтік ем ес ұй ым дармен
тығыз бай ланыста жүр гізеді. Кент тегі Батыр
Аналардың, мүм кін дігі шектеулі азаматтардың,
Ауған соғы сына қатысушылардың, Семей,
Чер но быль апаттарының зар дабын жоюға қа
тыс қандардың әлеуметтік жағдайына, ден
саулығына үнемі назар аударып, тиісті орын
дарға ұсыныстар жасап отыруды өз мін
деттерінің бірі санайды.
Жақсыбай ЖӘКЕЕВ,
«Жосалы кенті ардагерлері»
қоғамдық бірлестігінің
төрағасы.
Құрмет
КЕҢЕСТІҢ КЕЛІСТІ ҚЫЗМЕТІ
Кезінде
аудан өмірінің әр түрлі
салаларында елеулі еңбек етіп, зейнет
жасына келгеннен кейін де қоғамнан тыс
қалмай, әлі де болса бойдағы күш-қуатын ел игілігіне
жаратуды көздеген зейнеткерлердің басын
қосқан ардагерлер ұйымы игі істердің
бастамашысы болып келеді.
Салтанатты кеш барысында
аудан әкімінің орынбасары Болат
Нақыпов аудан әкімінің құттықтауын
жеткізіп, ізгі лебізін білдірді.
Сонымен
қатар,
аудандық
мәслихат хатшысы Марат Наятұлы,
аудандық және кент ардагерлер
кеңесінің төрағалары Қаршыға
Есдәулетов, Жақсыбай Жә кеев,
Батыр ана Айша Бөлекбаевалар құт
тықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды ыс
тық ықыластарын жеткізсе, ақын,
еңбек ардагері Талайлы Досымова
«Ақжаулық» атты туындысын оқып
беріп, қарттарға ақеден лебізін
жырмен білдірді.
Тәуелсіз Қазақстанның эконо
ми калық дамуымен халықтың әлеу
меттік ахуа лының жақсара түсуі
жолында есе лі еңбек сіңірген сала
ардагерлері Назым Бүркітбаева,
Шакизада Қасымов, Кө шер бай
Іскендіров, Орынбасар Са ри ев,
Мәскеубек Ерболатов, Тұр сын күл
Дүйсенбаева, Қаншагүл Жү ні сова,
Тал маш Жұмабаева, Амангелді
Ақ жігітов аудан әкімінің Алғыс
хатымен марапатталды.
Мерейтой иелеріне аудан көр
кем өнерпаздары әнжырдан ша
шу шашып, көтеріңкі көңілкүй
сыйлады.
Мерекелік кеш қорытындысында
Ұлы Отан соғысы ардагері Қуа
нышбай Би сембаев ақ батасын
беріп, алғысын айтты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің
төр ағасы Қаршыға Есдәулетов:
Саналы ғұ мырларын ұрпақ тәр
биесіне ар наған қазыналы қариялар
мерекесі бар шаңызға құтты болсын.
Сіздер өзіндік өнегеге толы өмір
жолдары бар, қоғамда өшпейтін
қолтаңбасын қалдырған қадірменді
ел ағаларысыздар. Мәңгілік елмен
бірге жасай беріңіздер. Мерейлеріңіз
үстем, мәр тебелеріңіз биік болсын,
құрметті
қариялар,деді
өзінің
жүрекжарды ізгі ле бізін жеткізіп.
Тұрар ШАЙДІЛДАҰЛЫ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет).
ҚАРТ – ҚАЗЫНА
Құрметті қармақшылық қариялар!
Сіздерді бүгінгі Қарттар күні мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі ұрпағы үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсетіп, халқымыздың үлгі тұтар озық дәстүрлерін бүгінге
жеткізген аға буынды әрқашан ардақ тұтып, оларды қолтығынан
демеп, төрден орын беруді өзінің басты міндеті деп санайды.
Достық пен татулығымыздың, берік бірлігіміз бен тірлігіміздің
тірегі, өмірден көргені мен түйгені мол ағалардан алар өнегеміз
бен тәлімтәрбиеміз ұшан теңіз.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей, ақсақалдарымыз
бен ел ағаларының төңірегіне топтасқан еліміз ауызбірлікпен іс
қылып, талайталай асулардан асып келеді.
Осыны негізге алған Елбасымыздың бірлік идеясы қоғам
дамуында саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Тәуелсіз жас
мемлекетіміздің туы тұғырлы, іргесі бекем елдердің қатарында
бейбіт өмір сүруде.
Бүгінгі гүлденген тәуелсіз мемлекетімізде бейбіт аспан
аясында өмір сүріп жатқан кейінгі ұрпақ Сіздердің шежіреге толы
ерліктеріңіз бен Отансүйгіштік істеріңізді жалғастыра береді.
Мерейлі мерекеде Сіздерге, сіздердің отбасыларыңыз бен
жақын туыс тарыңызға зор денсаулық, берекелі ұзақ ғұмыр
тілеймін, ай на ла ңыздағы жаны жомарт жандардың ықыласниетіне
бөленіп, әрқашан ара мызда жүре беріңіздер!
Құрметпен, аудан әкімі С.Мақашов.
ҚҰТТЫҚТАУ!
1 қазан-Қарттар күніне орай аудан әкімі атынан елдің өсіп-өркендеуі жолында
өлшеусіз үлес қосқан еңбек ардагерлеріне арнап, «Сұлтан» мейрамханасында
дас тарқан жайылып, құрмет көрсетілді.
ТЫҢ ІЗДЕНІСТЕР ИГІЛІКТІ
ІСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ
Аудандық мәслихат сессиясынан
Сейсенбі күні Жо-
салы кенті әкімі
аппаратының мәжіліс
залында аудандық
мәслихаттың кезекті
5-ші сессиясы бо-
лып өтті. Сессияға
аудандық мәслихат де-
путаттарымен бірге
аудан әкімі Сұлтан
Мақашов, аудан
әкімінің орынбасарла-
ры, аппарат басшысы,
бөлім басшылары және
кент, ауылдық округ-
тер әкімдері қатысты.
Сессияны оның төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ерәлиев Төлеу Айманұлы
ашып, жүргізді.
Сессияда «Қармақшы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен
міндеттерінің орындалуы туралы» аудан әкімі С.Мақашов есепті баяндама жасады.
Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер мен Үкімет тапсырмасын жүзеге
асыруда аудан халқының әлауқатын арттыру бағытында біршама жұмыстар атқары
лып, ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуы ның не гіз гі көрсеткіштердің өсуіне қол
жеткізілді.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы барлығы 21714 гектар егіс
орналастырылды, оның ішінде 14025 гектарына күріш дақылы себілді. Өткен жыл
мен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 296 гектарға, ал күріш көлемі 1365 гектарға кем
егілген болса, ал бидай 80 гектарға, мақсары 670 гектарға, мал азығындық дақыл дар
444 гектарға артық егілді.
Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы тауар өндіру ші леріне мемлекет тарапынан
қолдау көрсетіліп 640,5 млн. теңге көлемінде субсидия (егін шаруашылығына 590,7
млн. теңге, мал шаруашылығына 49,8 млн. теңге) есептеліп берілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2 млрд. 166 млн. теңге болып,
өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,5 пайызды құрады.
Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан «Сыбаға»,
«Құлан», «Алтын Асық» бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді.
Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыстар
нәтижесінде барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал басының
барлық түрлерінде (ешкіден басқа) өткен жылғы есепті кезеңге салыстырғанда өсім
қалыптасып отыр.
«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы аясында 38 маманға 5,6 млн. теңге
көтерме жәрдемақы және 9 маманға тұрғын үй сатып алуға 28,6 млн. теңге
несие берілді.
Кәсіпкерлік саласы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ди-
намикасы жаман емес. Есепті кезеңде тіркелген шағын субъектілердің саны
3210-ға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,0 пайызға,
онда жұмыспен қамтылғандар саны 5613 адамды құрап 4,9 пайызға өсті.
Алайда, кәсіпкерлікті ойдағыдай қарқынды дамытуға әзірге қол жет-
пей отыр. Себебі ауданда 2000 мыңнаң астам кәсіпкерлердің 60,0 пайызы
негізінен сауда-саттыққа бағытталған.
Жыл басынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде
құны 64,0 млн. теңге болатын 2 жоба несие пайызын субсидиялауға қол
жеткізді.
Бағдарлама аясында жобаларды ұйымдастыру және іске асыру
үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің
шешімімен 8 жоба 5,8 млн. теңгенің грантына қол жеткізді.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нен өндіріс
және қызмет көрсету саласындағы 16 жоба 114,18 млн. теңге несие алды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда аудан тарапынан құны 16,0 млн. теңгені
құрайтын 2 жоба «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-
нің бақылау кеңесінің отырысында қаралып, несие алуға оң шешімін тапты.
Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймаққа инфрақұрылым
жұмыстарын жүргізу үшін 2015-2016 жылдары 112,0 млн. теңге бөлініп,
құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айының аяғында аяқталды.
Аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2 млрд. 264 млн. теңгені
құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 96,0 пайызды құрады.
Ауданның өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 1 млрд. 076 млн.
теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда
бұл көрсеткіш 96,7 пайызды құрады.
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд.
245 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыс тыр ған да 48,0
пайызды құрады.
Есепті кезеңде 13880 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 439,0 млн. теңгені құрап, өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызды құрады.
Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілуде.
Ағымдағы жылы ауданның автокөлік жолдарын күрделі және ағымдағы
жөндеу жұмыстарына облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 266
млн. теңге қаралып, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы
жөндеу және оны күтіп ұстау жұмыстарына 28 млн. 611 мың теңге қаржы
бөлінді. 2 млн. 769 мың теңгеге Ақжар-Көмекбаев елді мекендерінің жолда-
рын күтіп ұстау жұмыстарына конкурстық процедуралар өтуде.
Сонымен қатар, елді мекендердің автокөлік жолдарын жөндеу
жұмыстарына 206 млн. 500 мың теңге қаржы қарастырылды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 30 млн. 832 мың теңге
(аудандық бюджеттен 3426,0 мың теңге) барлығы 34258,0 мың теңге бөлінді.
Автомобиль жолдары мен көшелерді жөндеу бойынша жалпы құны
3246,9 млн. теңгенің 10 жобасын жүзеге асыруға облыстық жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсы-
рылды.
Жосалы кенті бойынша жеке тұрғын үй салу үшін кезегімен Жо-
салы кентіндегі «Мөлтек» ауданының инженерлік коммуникациялық
инфрақұрылымын салу жобасына республикалық бюджеттен 720,0 млн.,
облыстық бюджеттен 72,0 млн., барлығы 792,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жолаушы тасымалы бойынша қазіргі таңда аудан орталығы мен ауылдық
округтер арасына жолаушылар тасымалдау қызметімен 10 жеке кәсіпкер ай-
налысады.
Жосалы кентінде автостанса салу жұмыстары жеке кәсіпкер
Б.Жұмабеков тарапынан қолға алынып, ағымдағы жылы «Достық» авто-
стансасы пайдалануға берілді. Автостанса қолданыстағы заңдылықтарға
сәйкес облыстық автовокзалдар мен автостансалар тізіліміне енгізілді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылы аудандық бюд-
жет есебінен Ақжар елді мекені тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету
мақсатында ауыз су скважинасын бұрғылау жұмыстарын жүргізуге 15,0
млн. теңге қаржы бөлініп жұмыстарын бастауда.
Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты 2017 жылы
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде 2 жобаны («Жосалы
кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос стансасын қайта жаңғырту»
(227,3 млн.) және «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу
желісінің құрылысы» (434,5 млн.) барлығы 678,8 млн. теңге жобалары) іске
асыру жоспарда бар.
Елді мекендерді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық
тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Ағымдағы жылы барлық кент және ауылдық округтеріне абаттанды-
ру және көгалдандыру жұмыс тарына аудандық бюджеттен және жергілікті
өзін-өзі басқару органының арнайы шоты арқылы (ҚБШ) қаржы бөлінді.
Атап айтқанда, абаттандыру жұмыстарына барлығы 123 млн. 338 мың
теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен 93 млн. 286 мың теңге, арнайы
шот арқылы 30 млн. 052 мың теңге бөлінді. Санитарияға барлығы 19 млн.
145 мың теңге, оның ішінде, аудандық бюджеттен 8 млн. 001 мың теңге, ар-
найы шот арқылы 11 млн. 144 мың теңге бөлінді. Жарықтандыруға барлығы
39 млн. 503 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен 14 млн. 594 мың
теңге, арнайы шот арқылы 24 млн. 909 мың теңге бөлінді.
Қазіргі таңда бөлінген қаржыларға елді мекендерде абаттандыру және
көркейту жұмыстары жүргізілуде.
Жылдан жылға Жосалы кенттінде абаттандыру жұмыстары кезең-
кезеңмен атқарылып келеді.
Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде
өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске
асыру» бюджеттік бағдарламасы аясында 71 дана жарықтандыру бағаналары
орнатылды.
Қармақшы ауданы бюджетінің 2015 жылдың 1 қыркүйегіне түсімдер
болжамы 6 млрд. 257 млн. 225 мың теңге болып, нақты 6 млрд. 228 млн. 186
мың теңгеге атқарылып, 99,5 пайызға орындалды.
Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 761 млн.
645 мың теңге болса, нақты 732 млн. 606 мың теңгеге атқарылып, 96,2 пай-
ызды құрады.
Аудан бюджетінің шығындар жоспары 6 млрд. 384 млн. 813 мың теңге
болып, нақты 6 млрд. 138 млн. 761 мың теңгеге, яғни болжам 96,1 пайызға
атқарылды.
Бюджеттік жоспарлау ауданның әлеуметтік-эконо мика лық дамуында
үлкен орын алатындықтан, салық базасын нығайту және өз түсімдерімізді
ұлғайту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Әлеуметтік салаға келсек қазіргі таңда есепте тұрған жұмыссыздар
саны 932 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 3,8 пайызды құрайды. Өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайызға көбейіп отыр. Жалпы
жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады.
2016 жылдың 1 қыркүйегіне 440 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға
тартылып, 838 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 595 жаңа жұмыс орында-
ры ашылды.
Ауданда 7 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде
56 азамат жұмыспен қамтылды.
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж 8056 азаматтарға
мемлекет тарапынан 172,9 млн. теңге көлемінде әлеуметтік төлем түрлері
төленді.
Ауданда әлеуметтік көмек алушылардың саны азаюда. Жыл басынан
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 20 адамға, тұрғын
үй көмегін алушылар саны 64 отбасыға азайып отыр.
«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жыл ба-
сынан хабарласқан 713 адамның 712-мен әлеуметтік келісімшарт жасалды,
оның ішінде 89 адам өзін-өзі қамтығандар, 623 адам жұмыссыздар.
«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдар лама сы ның І бағыты ая-
сында Ақтөбе ауылында орналасқан №16 «Перизат» балабақшасында (25,7
млн. теңге) және Төретам кентіндегі №4 «Күн нұры» балабақшасында (78,4
млн. теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 15 адам жұмысқа
жолданды. Сонымен қатар, қосымша ағымдағы жөндеу мен абаттанды-
ру жұмыстары бойынша 16 жобаға 124,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі
таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты «Ау-
ылда кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2016 жылға шағын несиелендіруге
қаралған қаржының 284,5 млн. теңгесі 122 адамға таратылды.
Қосымша 2015 жылдың соңында шағын несиелендіруге 300,0 млн.
теңге бөлінді. 100,0 млн. теңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау
қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 50 адамға таратылды. Қалған 200,0
млн. теңгеге «Байқоңыр» ӘКК ҰК арқылы 5 несие серіктестіктерінің жоба-
лары («Ел Нұр капитал», «Арна 1», «Талант 2020», «Қармақшы 2», «Бади-
Нур» ЖШС) несиелендірілуде. (Қазіргі таңда игерілгені 128,0 млн. теңге).
2016 жылдан бастап пилоттық режимде 6,0 млн. теңгеге дейін 20 адамға
115,0 млн. теңге қаралды.
Жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Ауыл шаруашылығын
қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалына 43 азаматтың тізімі жол-
данып, 5 азамат оң шешім тауып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
ІІІ бағытының І құрамдас бөлігі «Оқу және қоныс аудару» бағыты бой-
ынша қайта даярлау курсына 55-64 жас аралығындағы адамдарды оқытуға,
республикалық бюджеттен 951,0 мың теңге қаржы қаралып, 5 адамды қазан
айында оқыту жоспарланып отыр.
2016 жылы «Әлеуметтік жұмыс» орындарында 40 адам ға 5,1 млн. теңге
бөлінді. Қазіргі таңда 1,5 млн. теңгеге 24 адам жолданды.
«Жастар тәжірибесіне» республикалық және жер гі лік ті бюджеттер-
ден 22,8 млн. теңге қаралған. 108 адам 55 мекемеге жұмысқа жіберілді,
игерілген қаржы сомасы 18,9 млн. теңге.
ІІ құрамдас бөлігі «Оқу және қоныс аудару» бағыты бойынша
Т.Көмекбаев ауылында салынып жатқан екі пәтерлі 7 қызметтік тұрғын үй
құрылысы толық аяқталып, тиісті құжаттары әзірленіп, Қармақшы аудандық
жұмыс пен қамту орталығы КММ-нің теңгеріміне алынды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 мау сымдағы №636
қаулысына сәйкес жұмыс беруші лер дің қатысуымен 10 пайыздық үлесін
қосу арқылы салынған қызметтік тұрғын үйлерге Қармақшы ауданы бой-
ынша әлеуеті төмен болып белгіленген, Т.Көмекбаев ауылдық округіне
қарасты Шобанқазған, Кекірелі елді мекендерінен 14 отбасы қоныстанды.
Білім саласы бойынша ауданда 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1
негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Жаңа оқу жылындағы
13566 оқушы мектеп партасына отырды (оның ішінде Байқоңыр қаласындағы
оқушылар саны-4772 бала).
Биылғы жылдың ерекшелігі, аудан бойынша 1-ші сыныпқа келетін 1860
оқушы жаңартылған білім мазмұны (12 жылдық білім беру жүйесі) бой-
ынша білім алуға көшті. 1-сыныпқа арналған оқулықтар түгел дерлік жаңа
бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 85 педагогтың 71-і
(83,5%) арнайы даярлықтан өтті. (Байқоңыр қаласы бойынша 1-сыныпқа
645 оқушы қабылданды).
2015-2016 оқу жылында мектеп бітірген 594 оқушының 454-і
(76,4%) ҰБТ-ге қатысты. Ұлттық Бірыңғай тестілеудің орташа баллдық
көрсеткіші-83,01. ҰБТ көрсеткішімен 19 оқушы «Алтын белгі» иегері атан-
са, 27 оқушы «Үздік аттестатты» иеленді.
Аудан бойынша 57 (31 балабақша, 26 шағын орталық) мектепке дейінгі
ұйым жұмыс жасайды, онда 3615 бала тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығында
балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылды.
Сондай ақ, Қуаңдария ауылдық округінде апаттық жағдайдағы мектеп
құрылысын бастауға 20,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары келер
жылы жаңа оқу жылына дейін аяқталады.
Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» (5,0 млн.
теңге) және №5 «Айгөлек» (5,0 млн. теңге) балабақшалары) құрылысын
бастауға 10,0 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді, конкурстары
жүргізілуде.
Денсаулық саласы бойынша бірыңғай ұлттық ден саулық сақтау
жүйесінің бағдарламасына сәйкес тәу ліктік стационарлардың төсек орында-
рын азайтып, күндізгі емдеу стационарына басым бағыт берілген.
Аудандық аурухананың күндізгі стационар бөлімі 7 ай көлемінде 85
төсек орынмен жұмыс жасады. Осы мерзімде-1679 науқас емделген.
Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы 68 жас болса, 2015-2016
жылдары 70 жас төңірегінде болып отыр.
Соңғы 3 жылда ана өлімі тіркелмеген болса, бала шетінеуі төмендеді.
Аудан тұрғындары арасында туберкулез ауруын азайту мақсатында
оңтайлы жұмыс жүргізілуде.
2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында 100 мың тұрғынға шаққандағы
өкпе туберкулезімен аурушандық көрсеткіші 40,8 пайызды құрады, ал 2015
жылдың қаңтар-тамыз айларында аурушаңдық көрсеткіші 35,2 пайызды
құрап, 15,9 пайызға өсті.
Мәдениет саласы бойынша жыл басынан бері 425 мәдени шара өткізіліп,
оның ішінде облыстық және аудандық байқауларға ауданымыздан қатысқан
өнерпаздар жүлделі орындарға иеленуде.
Мәдениет саласын қолдау мақсатында 2016 жылы аудандық бюджеттен
Қорқыт ата кешенін қоршауға 20,0 млн. теңге, мұражайға экспозициялық
зал жасауға 22,0 млн. теңге, өнерпаздарға сахналық киім алуға 5,0 млн.
теңге, аудандық жыраулар үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3,5 млн.
теңге бөлінді.
Спорт саласы бойынша аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту
бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Есепті мерзімде 83 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 8604 спортшы
қатысты.
2016 жылы аудандық бюджеттен Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-
сауықтыру кешені ғимаратының жылу жүйесінің күрделі жөндеу
жұмыстарына-8,3 млн. теңге және жылу қазандығын және дизельмен от
жанатын мойын сатып алуға-2,2 млн. теңге, Төретам кентіндегі спорт
мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарды
әзірлеуге-2,8 млн. теңге бөлінді.
Есепті кезеңде аудан көлемінде жалпы саны 213 қылмыс тіркелді, өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыс тыр ғанда 33,2 пайызға азайған. Оның ішінде,
көше де жасалған қылмыс 36,3 пайызға азайды.
Жер қатынастары саласы бойынша 2016 жылдың 8 айында
республикалық және жергілікті бюджетке 27 млн. 482 мың теңге түсірілді.
Нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты жыл басынан 45 өтініш
түсіп, жер учаскелерінің бағалық құны 2 млн. 163 мың теңге болып, аудан
бюджетіне толық аударыл ды.
Мемлекеттік жер учаскесін сатып алуға байланысты 59 келісімшарт жа-
салып, жергілікті бюджетке 7 млн. 447 мың теңге түсірілді.
Биылғы жылдың осы кезеңіне Жосалы кентінде жеке тұрғын үй салуға жер
учаскесін сұраған кезекте тұрған 1300 азаматқа жер учаскелерін табыстауға
мүмкіндік туып отыр. 2016 жылы инженерлік инфрақұрылымдарды салуға
ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен 720,0 млн. теңге, облыс бюджеттен
80,0 млн. теңге, барлығы 800,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда конкурстық
процедуралар өтуде. Жыл аяғына дейін жұмыстарды бітірсек, 1300 жер
учаскесі ашылып, жер учаскелерге сұраныс 100 пайыз ға қамтамасыз етіледі.
Ауданда 14-29 жас аралығында 15 мыңға жуық жастар бар. Бұл барлық
тұрғындардың 27,7 пайызын құрайды.
Ауданда жастар мәселесі бойынша Қармақшы ауданы әкімдігі жанынан
құрылған жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беру жөніндегі біріккен
кеңес жұмыс атқарады. Кеңес құрамына мемлекеттік мекеме басшыла-
ры, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар ұйым дары ның жетекшілері
енгізілген.
Жыл сайын «Жастар саясаты саласындағы іс-шара лар ды іске асы-
ру» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржы көлемі ұлғайтылып, жастар
мәселесіне байланысты жобалар жүзеге асырылуда. Биылғы жылы аудандық
бюджеттен бөлінген 4580 мың теңге көлеміндегі қаржыға жастардың
әлеуметтік, мәдени, рухани және дене дамуына жәрдемдесу, жастарды
қоғамның әлеуметтік экономикалық, саяси және мәдени өміріне араласуына
ықпал ету, жас адамның өзінің өмірлік жолын таңдауға, жеке жетістіктерге
қол жеткізуіне жәрдемдесу, жастардың жаңаруға деген ұмтылысын ояту
бағытындағы мақсаттар жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі таңда аудан көлемінде кәсіпкерлердің мүдде сін қорғау,
мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету, көз мүгедектерінің мүддесін
қорғау, Ауғанстан және аймақтық соғыс мүгедектерінің мүддесін қорғау,
өскелең ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу, салауатты өмір салтын на-
сихаттау, ардагерлер мүддесін қорғау, жастар бастамаларын дамыту және
басқа да бағыттарда 16 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. Олардың
қатарында белсенді жұмыс жасайтыны-14 ұйым.
2016 жылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын
жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен барлығы 25 млн. 041 мың теңге
бөлінді.
Ақпараттық саясат бойынша ауданда 2 басылым жұмыс жасайды. Атап
айтқанда, «Сыр медиа» холдингіне қарасты аудандық «Қармақшы таңы»
ЖШС (таралымы 4391 дана, аптасына 2 рет шығады) және «Бәйтерек-
Байқоңыр» газеті (таралымы 2500 дана, аптасына 1 рет шығады).
2016 жылы газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық са-
ясатты жүргізу қызметіне жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге бөлінсе, теле-
радиохабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу
жөніндегі қызметтерге 4 млн. 206 мың теңге қаржы бөлінді.
Кәсіби әкімдікке келер болсақ, аудан бойынша мәслихат аппара-
тын қосқанда 172 мемлекеттік қызметші лауазымдық бір лі гі нен тұрады.
Мемлекеттік қызметкерлердің 62,4 пайызы ер адам, 37,6 пайызы әйел аза-
матшалардан тұрады.
Аудан әкімі аппаратына ағымдағы жылдың 8 ай көлемінде жеке және
заңды тұлғалардан 336 арыз-шағым, өтініштер келіп түсіп, оларға тиісті
мерзімінде жауаптар қайтарылды.
96 азамат аудан әкімінің жеке қабылдауында болып, сұраныстары
қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес оң шешімін тапты.
Қабылдауға келген адамдардың дені жұмысқа орналастыру, тұрғын
үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйге жер бөлу және әлеуметтік жәрдем
сұраушылар болды,-деді аудан әкімі С.Мақашов.
Сонымен қатар, баяндама соңында алдағы уақытта атқарылатын
жұмыстарға тоқталды.
Баяндаманы талқылауға депутаттардан О.Бодыбаев, Е.Рзалиев,
М.Ибраевтар қатысты.