Газет 1936 жылдан шығады



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата27.03.2017
өлшемі2,17 Mb.
#10426
  1   2   3

Газет 1936 жылдан шығады

Email:ekpin_1936@mail.ru

№6

(8479)



Жұма     

6 ақпан


2015 жыл

www.zhaikpress.kz

Құрметті жерлестер, ардақты 

ағайын!

Баршыңызды 



Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясының 

жылының  басталу  салтанатымен 

құттықтаймын! 

ақпан 



Қазақстанның  түкпір-түкпірінде 

осы  атаулы  мереке  өз  бастауын 

алуда.  


Биыл  –  қазақстандықтар  үшін 

ерекше  жыл.  Біз  биыл  бірлік 

пен  татулықтың  темірқазығына 

айналған 

Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясының  жылын,  Ұлы 

Жеңістің  70  жылдығын,  ҚР 

Конституциясының 20 жылдығын 

және  Қазақ  хандығының  550 

жылдығын атап өтеміз.

2014  жылғы  18  сәуірде  өткен 

Ассамблеяның  ХХІ  сессиясында 

ҚР 


Президенті, 

Ассамблея 

Төрағасы 

Н.Ә.Назарбаев 

2015  жылды  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 

жылы 

деп 


жариялады.  Сондықтан  осы    жыл  

өткізілетін  барлық  іс  -  шаралар 

Қазақстан халқы Ассамблеясының  

жылына арналатын болады.

ҚР  Президенті  1995  жылғы 

1  наурызда  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясын 

құру 


туралы 

Жарлыққа  қол  қойды.  Әлемде 

баламасы  жоқ  жаңа  институт 

Тәуелсіз 



Қазақстанның 

нығаюына,  соның  ішінде  қазіргі 

мемлекеттік 

құрылымның 

орнығуына, түпкілікті әлеуметтік-

экономикалық 

жаңғыртулар 

жүргізудің, бейбітшілік, бірлік пен 

Қазақстан  халқының  қоғамдық 

келісім  идеясын  іске  асыруға 

ерекше мүмкіндік берді. 

2007 


жылы 

Ассамблея 

конституциялық орган мәртебесіне 

ие 


болып, 

ҚР 


Парламенті  

Мәжілісіне    9  депутат  сайлау 

құқығы 

қамтамасыз 



етілді.  

Ассамблея 20 жыл ішінде қоғамдық 

келісімнің қазақстандық моделінің 

негізін 


құраушы 

құрылымға 

айналды.

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 

ХХ  сессиясында  «Ассамблеяның 

ең  басты  міндеті  -  еліміздегі 

қоғамдық  келісім.  Қазақстандағы 

қоғамдық  келісім  -  ең  алдымен 

қазақтың  келісімі  екенін  мықтап 

есте  ұстаған  абзал.  Татулық  пен 

тұрақтылық  ел  иесі  ретінде  ең 

алдымен  қазаққа  керек.  Қазақтың 

ынтымағы  мен  бірлігі  мықты 

болмайынша мемлекеттің тұтастық 

келбетін  сақтау  мүмкін  емес»,  - 

деген болатын.

Қазақстанның  бір  шетіндегі 

шекаралас біздің ауданымызда да 

ынтымақ пен бірлікте жиырмадан 

астам  ұлт  өкілдері  тату  –  тәтті 

ғұмыр  кешуде.  Олардың  өз  тілі 

мен  мәдениетін  сақтап,  дамыту 

үшін  барлық жағдайлар жасалған.  

Өздерінің 

салт-дәстүрлерін 

сақтауына  қай  уақытта  да  жол 

ашық. 


Ұлтаралық 

достықты 

нығайту 

жолындағы 

жұмыс 

жалғаса түсуде.



Ұлттар 

мен 


ұлыстардың 

өкілдері  қоғамдық-мәдени  өмірге 

белсене қатысып келеді. Олар түрлі 

мәселе бойынша пікір алмасуда, ой 

бөлісуде.  Осы  орайда    көршілес 

Ресей  Федерациясының  Саратов 

облысының 

аудандарымен 

ынтымақтастықта 

атқарылған 

шаралар да -  ежелден келе жатқан 

екі елдің достығының куәсі.

Сегодня 

Президентом 

Казахстана 

Нурсултаном 

Назарбаевым 

обозначены 

новые  ориентиры  деятельности 

Ассамблеи. 

Они 

полностью 



соответствуют 

современному 

этапу 

развития 



государства, 

обозначенному 

в 

Послании 



Президента 

страны 


народу 

Казахстана. Наступил новый этап 

в жизни Ассамблеи, она получила 

высокий конституционный статус. 

Её  представители  представлены  в 

высшем  законодательном  органе 

страны Мажилисе Парламента.

Все  эти  годы  Ассамблея  с 

успехом 

выполняет 

особую 

миссию – миссию крепкой дружбы. 



Сейчас  работа  этой  организации 

признана во всем мире, её считают 

образцом 

межнационального 

согласия. Сегодня о созидательной 

деятельности  Ассамблеи  широко 

известно не только у нас в стране, 

но и далеко за её пределами.

Қадірлі  ағайын!  Сіздерді 

бүгінгі 


Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясы 

жылының 


бастау  алуымен  шын  жүректен 

құттықтаймын!  Қазақстан  бір 

мақсат, 

ортақ 


құндылықтар, 

«Мәңгілік  Ел»  жалпы  ұлттық 

идеясы  айналасында  бірыңғай 

азаматтық 

қоғамдастықты 

нығайтатын  көпэтносты  және 

көпконфессиялы 

ел 


болып 

табылады.

«Мәңгілік  ел»  идеясы  –  бұл 

елдің  біріктіруші  күші,  ешқашан 

таусылмас  қуат  көзі.  Барлық 

қазақстандықтарды 

біріктіріп 

тұрған  Тәуелсіздігіміздің  рухани 

сенімді 

тірегі. 


Қазақстандық 

мемлекеттілігіміздің 

көне 

тарихынан 



бастау 

алатын 


жалпыұлттық  идея!  Сондықтан 

дәл  осы  Ассамблея  жылының 

басты  идеясы    –  «Менің  елім  -

мәңгілік ел».

Әлемдегі 

дамыған 


елдің 

қатарынан  көрінуге  ұмтылған 

Қазақстанның  гүлденуіне  әрбір 

азамат  бойындағы  күш-жігерімен, 

білімімен  атсалысуға  тиіс  деп 

есептеймін.  Сіздерді  Қазақстан 

халқы Ассамблеясының жылының 

басталу  салтанатымен  тағы  да 

құттықтай 

отырып, 


осындай 

игілікті істе жаңа табыстарға жете 

берулеріне тілектеспін.

Құрметпен,

аудан әкімі  С.Әлиев

АссАмблея - тАтулықтың 

темірқАзығы


Кәсіпкерлік  

қызмет үшін 

жағдайды  

жақсарту

Осындай    жағдайлардың  өзінде 

Қазақстан бюджетін жаңа бағытқа бұрып, 

жаңа әдіс – тәсілдер қосып отыр. Жолдау 

барысында көп назар бөлінген мәселелердің 

бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту 

бағыты  болды.Сондай-ақ,  Елбасының 

Жолдауында    шағын  және  орта  бизнесті 

дамытуға  айрықша  көңіл  бөлініп,  нақты 

ұсыныстар берілді.

2015 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа 

енгізілген  «Қазақстан  Республикасының  

кейбір  заңнамалық  актілеріне    Қазақстан 

Републикасында    кәсіпкерлік    қызмет 

үшін    жағдайды    түбегейлі    жақсарту 

мәселелері  бойынша    өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 

24  желтоқсандағы    Заңы  кәсіпкерлікті 

дамытуға  жол  ашып,рұқсат  беру  жүйесін 

барынша жеңілдетті.

Аталған заңға сәйкес заңды тұлғаларды 

мемлекеттік  тіркеу  саласы  бойынша 

келесідей өзгерістер қарастырылған:

-  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 

субъектілері үшін «электронды үкімет» веб-

порталында тіркеу мерзімін өтінішті берген 

кезден  бастап  жұмыс  қүнінің  1  сағатына 

қысқарту;

-  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 

субъектілеріне  жататын  заңды  тұлғаларды  

мемлекеттік  тіркеу  және  қызметінің 

тоқтатуын  тіркеу  кезінде  тіркеу  алымын 

төлеуді жою;

-  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  үшін 

100 теңге жарғылық капиталын талап етуді 

жою;


-  жеке  кәсіпкерлік  субъектілеріне 

жататын заңды тұлғалар үшін мөрді жою.

Жоғарыда  көрсетілген  заң  талаптарын 

жүзеге  асыру  мақсатында  қазіргі  уақытта 

тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық 

актілерге  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 



Қ. Тасқалиева,

аудандық Әділет 

басқармасының басшысы

     Апта тынысы

2

6.02.2015 жыл



Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Сансызбай 

Рахимов,  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы 

Айгүл  Дүйсенова  және  депутаттар  мен  белсенді  жастар 

қатысты. 

Басқосуда  «Ардагерлерді  ардақтайық»  партиялық 

жобасының  жергілікті  жерде  іске  асуы  талқыланды. 

Айгүл  Серікбайқызы  ауданда  тұратын  ардагерлердің 

қазіргі  жағдайына  тоқталып,  үлкен  кісілердің  кіммен, 

қайда  тұратындығы  және  тұрмыстық  жағдайы  жөнінде 

мәлімет  ұсынды.  Сонымен  бірге  ардагерлерге  қандай 

көмек керек екенін де айтып өтті. 

«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы мен 

аудандық мәслихат депутаттары ардагерлерге көрсетілетін 

құрметті  тек  Жеңіс  мерекесі  қарсаңында  қолға  алмай, 

үздіксіз  жүргізіп  отыруға  келісті.  Сондай-ақ,  алдағы 

аптада барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлерін 

аралап, азық-түлік топтамасын ұсынып, жағдайларымен 

танысып  шығуды  ұйғарды.  Депутаттардың  бұл  іске 

ерекше ықылас танытып отырғандығын айта кету керек. 

Халық  қалаулылары  бір  ауыздан  ардагерлерге  қандай 

құрмет көрсетсек те артық етпейді,- дейді.   

Отырыста 

аудандық 

мәслихат 

депутаттары 

мен  «Жас  Отан»  жастар  қанаты,  «Намыс»  жастар 

қоғамдық  бірлестігі,  аудандық  ресурстық  орталығының 

белсенділерінен  құрылған  топ  әр  ардагерге  жауапты 

болып  белгіленді.  Алдағы  уақытта  жастар  ардагермен 

жиі  байланысты  орнатып,  майдангерлердің  жағдайын 

үнемі назарда ұстамақ. 

Кеңесте  көтерілген  тағы  бір  мәселе  -  ардагерлердің 

ерлігін,  елі  үшін  атқарған  қызметін  насихаттау, 

жастарға аға ұрпақтың өнегелі ғұмырын үлгі ету. Партия 

филиалы  үлкен  кісілермен  түрлі  деңгейдегі  кездесулер 

ұйымдастыруға  жетекшілік  етсе,  аудандық  «Екпін» 

газеті отты жылдардың естелігін үздіксіз беріп тұрмақ. 

  Шара барысында «Тасқала – менің мақтанышым» атты 

слайд, «Менің ауылым» атты көрме, Тасқала туралы бейне 

ролик  көрсетілді.  Ауданымызда  тұратын  әр  ұлт  өкілдері 

туралы  мәлімет  беріліп,  әр  ұлттың    киімдерін  киген 

оқушылар  өнер көрсетті. 

  Сонымен қатар мектебіміздің әр сыныбында «Қазақстан 

–  татулық  пен  бірліктің  ордасы»,  «Ынтымақ  -  біздің 

тілеуіміз» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Бірлік – береке 

бастауы» атты кітап көрмесі, «Бейбітшілік – біздің ортақ 

еңбегіміздің  нәтижесі»    тақырыбында  дөңгелек  үстел 

өткізілді.  Алдағы  аптада  барлық  сыныптар  арасында 

«Отанымыз – ортақ үйіміз» тақырыбында ұлттар фестивалі  

жалғасын таппақ.



А.Сейтмұханова,

Қ. Сәтбаев атындағы мектептің 

 бастауыш сыныптар бойынша 

тәрбие ісінің орынбасары 

Аталмыш  шара  барысында    9-10  сынып  оқушылары 

әсем әуен ырғағымен коньки теуіп, өнерлерін көрсетті. 

Мұз  айдыны  балалардың  денсаулығына,  шынығып, 

бой сергітулеріне үлкен көмегін тигізеді. Оқушылардың 

сабақтан  тыс  уақытында  бекітілген  жоспарға  сәйкес 

коньки  теуіп,  мұғалімдер  мен  оқушылар  арасында 

допты хоккейден командалар құрылып, жаттықтырулар 

өткізілуде. 

Мектепте 24 коньки бар. Сонымен қатар мұз айдынына 

балалардың кешкі уақытта алаңсыз сырғанауы үшін сағат 

6-дан  бастап  электрошаммен  жарық  беріледі.    Жалпы 

осындай  игі  бастама  кезінде    қолдау  көрсетіп,  демеу 

болған  спорт  мектебі  мен    жас  туристер  станциясына 

алғысымыз шексіз. 

Мақсот Айғалиев, 

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

М е м л е к е т 

б а с ш ы с ы 

Н ұ р с ұ л т а н 

Н а з а р б а е в 

жария 

еткен 

«Нұрлы 

жол-

б о л а ш а қ қ а 

бастар 

жол» 

атты  Жолдаудың 

бірінші  бөлігінде 

әлемде 

болып 

жатқан 

экономикалық 

қайшылықтар, 

әсіресе 

көрші 

мемлекеттерде  болып  жатқан 

жағдайлар, 

оларға 

қатысты 

жарияланып  жатқан  санкциялар 

бізге  де  әсер  етпей  қоймайтыны 

жеткілікті айтылды. 

ЖеңіС Тойының 

бАСТАуы

«Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазездің 

төрағалығымен Жеңістің 70 жылдығын лайықты атап өту 

мен ардагерлерге көрсетілетін құрмет жөнінде басқосу өтті. 

н.Жәрдемова

«ТуғАн ЖеріМ – ТАСҚАлА» 

Кеше  дәл осындай тақырыпта Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте бастауыш 

сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары А. Нагиева мен сынып жетекшілерінің 

ұйымдастыруымен танымдық шара оздырылды. Мұндағы мақсат: оқушыларға 

ұлттар достығы – басты қазынамыз екенін  және Қазақстан халық ассамблеясы 

туралы түсінік беру,  оқушыларды өз туған жерін сүйіп, құрметтей білуге үйрету.

Мұз Айдыны Ашылды

Жуырда «Сәулет» мектеп-лицейінің жанынан  оқушылардың бос 

уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстану бағытында  

көлемі 60х30 м. мұз айдыны салтанатты түрде ашылды.


Жеңістің  жетпіс  жылдығына  да  жақын  қалды.  Ардагерлер 

де  азайды.  Соғыс  кезінде  бала  болғандардың  да  қатары  жыл 

санап сиреп барады. Соғыс көргендердің алды жүзден асса, арты 

тоқсанды төңіректеп жүр. 

Жеңіске 70 жыл

6.02.2015 жыл

3

Кәмелетке  толысымен  қолына 



қару  алып,  соғысқа  аттанғандардың 

қатарында  мерейлік  ақсақал  Кереш 

Иманғалиев  та  болды.  1925  жылы 

Жаңақала    ауданы,    Құскерей  

ауылында дүниеге келіп, 1928  жылы  

Ресейге  көшіп  барып,  1936 жылы  

қайтадан  өз еліне  Шипов  совхозына  

келген  ақсақалдың  соғысқа  жараған 

шағы 43 - тің қанды қырғынына тап 

келіпті. Астраханьда әскер қатарына 

қосылған  жиырма  жасар  жігіт, 

пулеметші  болып  жүріп  Берлинге 

дейін барады. Жеңісті де осы жерден 

қарсылайды. 

Бүгінде 

тоқсанға 

толған  қария  үйіне  барғанымызда 

күліп қарсы алып, өткен жылдардан 

есте  қалғанымен  бөлісті.  Дегенмен, 

үлкендік жеңбей қойсын ба, ақсақал 

бұл  күнде  соғыс  жылдарының 

естеліктерін  ұмыта  бастапты.  1-ші 

Белорусь  майданының  218 – зенит  

полкі    құрамында    шайқасқан.  1943 

жылы 

Астраханьнан 



басталған 

әскери  жолы  1949  жылы  аяқталған 

қарт  жауынгер  осы  жылдар  ішінде 

Сталинград,  Ростов  қалалары  мен 

Балтық  теңізінің  жағалауын  жау 

қолынан азат етіп, Одра өзенінен өтіп, 

Берлинге дейін барғанын айтады. Тек 

соғыс  жылдарының  естелігі  іспетті 

бір  көне  сурет  қана  сақталыпты. 

Суреттің  артында  «Сан-Суси.  1946 

жыл» деп жазылыпты. Германиядағы 

Потсдам  қаласындағы  Сан-Суси 

сарайы  шығар  деп  пайымдадық. 

Соғыс 


жылдарында 

госпиталь 

ретінде қолданылса керек. 

Жалынды  жылдарындағы  ерлігі 

ескерілмей  қалған  жоқ.  «Ерлігі 

үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін» 

медальдары - осының айғағы.

Алайда  соғыс  салған  сызаттың 

орны  әлі  де  сыздайды.  Соғыстан 

жарақатсыз  жеткен  жауынгердің 

өзегін  өртеген  өкініштер  аз  болған 

емес.  Әсіресе,  әкесінің  де  әскерге 

алынып,  Воронеж  қаласындағы 

ұрыстан қайтпай қалғаны. Сонымен 

қатар  әкесінің  інілері  Қойшығали 

майданнан  жаралы  оралса,  Ерғали 

да жау қолынан қаза болыпты. 

Соғыстан оралысымен көп ұзамай 

2  жылдан  соң  шаңырақ  көтеріпті. 

Жары  Нұрсұлу  екеуі  жеті  бала 

тәрбиелеп,  тоғыз  немере,  4  шөбере 

сүйіпті. 

Жұбайының 

дүниеден 

озғанына  да  бес  жылдың  қарасы 

болыпты.  Сан  сұрапылдан  аман 

оралып,  тоқсанның  торқалы  тойын 

тойлаған  ақсақалымыздың  әлі  де 

аман жүруін тілейміз.

Т о қ с а н д а ғ ы 

а р д а г е р

Рауан САтыбАлдиев

Ия, балалық шақтары  ашаршылық 

жылдарымен, жастық шақтары сұрапыл 

соғыспен  тұспа-тұс  келген  жандар 

қанша ма? Солардың бірі қару көтеріп 

майданға  аттанса,  енді  бірі  ауылда 

қалып, үлкендермен бірге тылда еңбек 

етті.


Ел  басына  түскен  қиын  шақта 

қара  жұмысқа  жегіліп,  күн-түн  демей 

еңбек  еткен  кешегі  бозбалалар  қазір  

бір  әулеттің  ақ  сақалды  атасы  мен 

ақжаулықты анасы атанып отыр.

Солардың  бірі  -  бүгінде  жасы 

тоқсанның  екеуіне  келген,  өмірде 

кездескен  ауыртпалықтарға  мойымай, 

керісінше алға ұмтылып, таудай талабы 

мен  еңбегінің  арқасында  көркейген, 

тыл  және  еңбек  ардагері,  атамекендік 

Ұлмекен әже Кадырова. 

Апайдың  айтуынша,  қолына  қару 

алып соғысқа қатыспаса да, Ұлы Отан 

соғысы  жылдары  тылдағы  еңбекке 

ерте араласқан. 

-Біз  не  көрмедік.Бала  болсақ  та 

ашаршылық  пен      соғысты  бастан 

кештік.  Қазір  бәрі  де  артта  қалды. 

Бірақ сол кездерім  есіме түсіп кетсе, 

жаным түршігеді,  -  дейді кейуана.

  Әңгімесін  әріден  бастап,  балалық 

шағына  тоқталған  әжеміз,  күрсіне 

отырып, сөзін сабақтады.

-Үлкендердің  айтуы  бойынша,    бұл 

жерге біз менің бала күнімде Жаңақала 

жағынан көшіп келіппіз.  Ол уақыттағы 

жағдай белгілі ғой. Бала болып  ойын 

ойнамадық,  доп  қумадық.  Өмір  ерте 

есейтті.  Үлкендермен  бірге  таңның 

атысы, күннің батысы бел шешпестен 

еңбек  еттік.  Ол  уақытта  техника 

деген  жоқ.  Өгіз  жегіп,  егін  салуға 

қатыстық,  жер  жырттық,  қой  бақтық. 

Әйтеуір  қарап  отырмадық.  Қолдан 

келгенше  еңбек  етуге  тырыстық. 

Сонда да  мойымадық. Әкем көп жыл 

осы совхозда  шопан болды. Соның да 

арқасы болар  ашыға қоймадым .Бірақ 

бала  болсақ  та  кей  жерлерде  адамдар  

аштан  өліп жатыр дегенді еститінбіз. 

Тіпті саршұнақ аулап, үстері майланып 

кетті дегендерді де құлағымыз  шалып 

қалатын. Бірақ соның бірін де көргенім 

жоқ. Сөйтіп 1940 жылы мехенизаторлар 

дайындайтын  курсқа  оқуға  бардым. 

Бригадиріміз  Ишанғали  Үмбеткалиев 

деген азамат болатын. Содан ауылдың 

бір  топ    жастары    төрт  ай  оқып, 

курсты бітіргеннен кейін 1941  жылдың 

көктемінде егін салуға қатыстық. Сол 

жылы егіс аяқталысымен, бірге оқыған 

Құбай деген жігітпен отбасын құрдық. 

Көп кешікпей соғыс басталып, қартым    

майданға  аттанды.  Бірақ  қай  жерде 

болғаны есімде жоқ.  

Шалым    соғысқа  кеткеннен  кейін 

«Маслопромда» жұмыс істедім. Сиыр 

сауып, екінші Шежінге май тапсырдық. 

Қойдың  сүтінен  брынза  жасап,  оны 

да  майданға  жіберетінбіз.  Кейін  ол  

брынза  да  өтпей  қалды.  Ол  кезде 

қант  пен  кәмпитті  тіпті  көрмейтінбіз. 

Қолдан  құрт  немесе  сарсу  қайнатып, 

соны  шайға  батырып  ішетінбіз  Тамақ 

әр адамға тиісті мөлшерде кәртішкімен 

берілетін. Ал ауылдағы адамдар қолда 

барды талғажау етіп, өлмешінің күнін 

кешті.  Қазір  қайта  заман  жақсы  ғой. 

Не ішем, не кием жоқ. Тек қымбаттау 

болғаны  болмаса,  нағыз  жұмақ  деуге 

болады,-дейді өз сөзінде кейіпкеріміз.

Соғыс  басталысымен    майданға 

аттанған Құбай аға араға жылдар  салып, 

елге  оралады.  Ол  кезде  солдаттарды 

бронға жіберетін. Құбай ата  солардың 

қатарына  ілігіп,  1943  жылы  елге 

келген. Сөйтіп, ауылға келіп қайтадан 

трактордың тізгініне  отырады. Содан 

зейнетке  шыққанша  туған  жерінде  

еселі еңбек етеді.  Құбай ата жан жары 

-  Ұлмекен әже екеуі   өмірге 3 ұл мен 

5 қыз әкеліп, оларды  тәрбиелеп өсірді. 

Бүгінде  олардан  тараған  немере-

жиен,  қала  берді  шөберелерін  көріп, 

маңдайларынан  бір  иіскеп    отырған 

әжеміздің  ендігі  арманы  -  елдің 

тыныштығы.  «Сұм  соғысты  ешкімнің 

басына  бермесін.  Еліміз  тыныш, 

жұртымыз аман болсын»,- дейді ол. 

Қазіргі  таңда  әжеміздің  тек  көз 

жанарының  көріңкіремейтіні  ғана 

болмаса,  тіл  -  көзіміз  тасқа,    әлі  де 

тың деуге болады. Кіші ұлы Жанатпен 

бірге  тұрып  жатқан  жайы  бар.  Осы 

кезге дейін   қолына екі келін ұстаған 

анамыздың  жастарға  өмірден  түйгені 

туралы    әлі  де  айтары  мен  үйретері 

көп.

т

рАктор АйдАп, егін сАлғАн...



Санаулы уақыттан соң ел болып, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін атап өтпекпіз.  

Бірақ сол соғыстың аяқталғанына осынша  жыл уақыт өтсе де оның салған жарасы 

талай жүректе әлі де бар. 

Назгүл Серікқызы 

Ассамблея

4

6.02.2015 жыл



Залумхан ағайды ауыл тұрғындары 

Захар  деп  атап  кеткен.  Ол  1950  

жылы  Дағыстанның  Ахвах  ауданына 

қарасты  Тукита  ауылында  дүниеге 

келген.  1974  жылы  сәті  түсіп, 

жұмыс  бабымен    Қазақстанға  келген 

авар  жігіті,  Залумхан  аға  қазіргі 

Жігер  (Красненький)  ауылынан  бір-

ақ  шығады.  Осы  жерде  құрылыс 

жұмыстарымен айналыса жүріп, қазақ 

елінің кеңпейіл, дархан, жаны жомарт, 

қонақжай  халық екеніне көз жеткізеді. 

Белгілі  мерзімдері  бітіп,  жұмыс 

сапары  аяқталғаннан  соң,    туған 

жеріне  оралған  Залумхан  аға  көпке 

дейін  өз  жеріне  үйренісе  алмайды. 

Жатса  -  тұрса  ойлайтыны  -  қалайда 

Қазақстанға  қайту  болатын.  Мұны 

әкесі  сезеді.  Сөйтеді  де,  батасын 

беріп,  баласын  шығарып  салады.  Ал 

Залумхан  аға  болса  өзі  еңбек  еткен 

Красненький  ауылына  қайта  оралып, 

үйреншікті ісімен айналысады. Сөйтіп, 

араға жылдар салып, 1977  жылы сол 

ауылдың  Латипа  атты  бойжеткенімен 

танысып, жұптары жарасып, шаңырақ 

көтереді.  Осылайша  Захар  аға  сол 

ауылдың тұрғынына айналады. Содан 

бері  де,  міне,  41  жылға  жуық  уақыт 

сырғып өте шығыпты. 

Бүгінде  Залумхан  Зубайрұлы  мен 

Латипа апайдан  тараған қызы - Ләйла 

Талғат есімді татар жігітімен отбасын 

құрса,  ұлдары  Расул  қазақтан  келін 

алып  отырған  жайы  бар.  Екі  немере 

мен  бір  жиенді  құшағына  басқан 

Захар  ағаның  бүгінде  бақыттан  басы 

айналады. Тіпті балабақшаға баратын 

кенже немересіне Зубайр деп  әкесінің 

есімін берген. 

-Мен  осы  ауылдың    жергілікті 

тұрғынымын  десем  қателеспеймін. 

Өйткені  24  жасымнан  бері  осында 

тұрамын. Барлық саналы ғұмырымды 

құрылыс  саласымен  байланыстырып, 

осы  жерде  өткіздім.    Отбасымның  

ұйытқысы, үйімнің берекесін кіргізіп 

отырған    жан  жарымды  да  осы 

жерден тауып, қазақша той жасадым. 

Осылайша  қазақтың  қара  қызымен 

отбасын құрдым. Екі балам осы ауылда 

дүниеге келді.Қазіргі таңда қызымды 

қияға,  ұлымды  ұяға  қондырып, 

олардан  немере,  жиен  сүйіп,  ата 

болып  отырған  жайым  бар.  Жалғыз 

жиенім - қазір студент. Финанс-аудит 

мамандығы  бойынша  білім  алуда. 

Немеремнің  үлкені  3  сыныпта  оқып  

жатса,  кішісі  балабақшаға  барады. 

Осының өзі мен  үшін - үлкен дәреже. 

Қайта қазір  басқа елдерге қарағанда 

еліміз 


тыныш, 

нанымыз 


мол. 

Осыған  шүкірлік  қыламыз.  Соның 

арқасында  барлық  адамдармен  өзара 

ынтымақтастық  пен  татулықта  өмір 

сүрудеміз.    Осының  өзі  Елбасының 

көрегендігі мен салиқалы саясатының 

арқасы деп білемін,- дейді кейіпкеріміз 

өз сөзінде. 

Биыл  алпыстың  бесеуіне  келген 

Захар  ағаны  жүзіне  қарап,  зейнеткер 

деп  айтудың  өзі  қиын.  Қимылы 

ширақ.  Қонақжай.  Адаммен  тез 

тіл  табыса  біледі.  Орынды  қалжың 

айтқанды  да  жаны  сүйеді.  Әңгімеміз 

жарасқан  аз  ғана  уақыт  аралығында 

кейіпкеріміздің  бойынан  осындай 

жақсы қасиеттерді аңғардық. 

-Биыл 


Залумханмен 

отбасын 


құрғанымызға  38  жыл  толады.  Ол 

өзін осы елдің азаматы болғаны үшін 

мақтан  етеді.  Тіпті  Қазақстанды 

өзіне  құт  мекен  санайды.  Бірақ  қазақ 

тілінде  сөйлей  алмаса  да,  жақсы 

түсінеді.  Қазақша  бағдарламаларды 

қарайды.    Жалпы  халқымыздың  

әдет-ғұрыптарын 

жақсы 

біледі 


десем  қателеспеймін.  Ораза  тұтады. 

Жұбайымның  туған  жеріне  жиі 

болмағанмен  барып  тұрамыз.  Алғаш 

рет  тұңғышымызды  ілестіріп  1979 

жылы  бардық.  Барлық  ағайын, 

туғандары жиылып қарсы алды. Қазір 

де хабарласып тұрамыз. Көбіне скайп 

арқылы сөйлесеміз. 

Әрине,  отбасындағы  бақыттың 

кілті-оның 

ұйымшылдығы 

мен 


татулығында.  Үш  ұлттың  өкілінен 

құралған  біздің  отбасымызда  да 

осындай  татулық  орын  алған,  -дейді 

Латипа апа сөз барысында.  

Қазіргі  таңда  Захар  аға  өз  алдына 

«Расул»  шаруа  қожалығын  құрып, 

жеке  кәсібімен  айналысып  жатқан 

жайы  бар.  Былтырғы  жылы  200  

гектарға егін салып, жақсы өнім алған. 

Шабындықтары  да  бар.  «Қыстың 

қамын  жаз  ойла»  демекші,  әр  жыл 

сайын мал азығын да жоспарлы түрде 

дайындап  алады.  Әрине,  оған  күйеу 

баласы  Талғат  пен  баласы  Расул 

қолғабыс береді. Захар ағайдың ендігі 

ойы  -  биылғы  жылы  лезингке  жаңа 

трактор  алып,  шаруасын  одан  әрі  

жандандыру. 

-Тұрған  жерім  шаруашылыққа  өте 

қолайлы  жер.    Жалпы  еңбектенемін 

деген адамға елімізде барлық жағдай 

жасалған.  Тек  ерінбеу  керек,  -  дейді 

Залумхан Зубайрұлы.

Қазақта  «берекені  көктен  тілеме, 

бірлігі  мол  көптен  тіле»  демей  ме? 

Қазақ  елі  130  -  дан  астам  ұлт  пен 

ұлыстың ынтымағын ұйыстырып, бір 

шаңырақтың  астында    тату  -  тәтті 

өмір сүріп келеді.

 Оған Залумхан аға мен Латипа апай 

сынды  интернационалды шаңырақтар 

дәлел.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет