Где мрнти ащысай рудниктеріндегі әйел еңбегі ресми қҰжаттар мен естелік материалдарында мырзатаева Забира Балабековна1



бет2/6
Дата09.01.2023
өлшемі46,99 Kb.
#60714
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мырзатаева З. для журнала Ұлттық жад

Ключевые слова: женщины-шахтеры, тыл, депортация, воспоминания, историческое интервью, дети войны.


Где МРНТИ
WOMEN'S LABOR IN ASHYSAY MINES
IN OFFICIAL DOCUMENTS AND ORAL SOURCES
Myrzatayeva Zabira3 Должность Науч. степень

Today, scientists of the post-Soviet state summarize the history of the Soviet power of the twentieth century. In historical science, the driving force of new thought is directly related to its methodological and methodical means. Accordingly, the problems of human rights violations in the conditions of the imperial order (unjustified conviction, imprisonment, national discrimination, etc.) led to the life of anthropological research methods that have mental, direct access to feelings and thinking, completely unlike previous historical research methods. This allowed us to look into the life of an ordinary person, conduct a discourse analysis, democratize the history of the people.


In the article, the author tells about the painful labor of women mothers in the rear, relying on archival documents, memories and materials in the testimony of witnesses.
The article analyzes the criminal actions of the totalitarian regime that continued during the war years, which further complicated the life of the country. Especially illustrative examples are when deported citizens, as cheap labor, are in a state of disenfranchisement, are under the control of local residents, are punished for minor actions.
Keywords: women miners, home front, deportation, memories, historical interview, children of war.


Кіріспе
1941 жылдың 22 маусымынан бастап барлық совет қоғамы сияқты Ащысай тұрғындарының өмірінде неміс-фашистері басқыншылығына қарсы күрес кезеңі басталды. Сұрапыл шайқас даласында атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда даярланды деген қанатты сөз бар. Ал сол он оқтың жетеуі Ащысайға тиесілі еді. Сонау патша заманынан бай қорғасынымен даңқы артқан Ащысай шикізат базасы ретінде Одақ көлемінде көш бастап тұрды.
Қазіргі жаңа технологиялық құралдар әлем ғалымдарын тұрақты түрде өзара ғылыми-теориялық ықпалдастықта болуға жол ашты. Советтік биліктің құрсауынан шыққан мемлекеттер бүгінде жаңа қоғам құру, ұлттық бірегейлікті сақтау ісіне ерекше мән беруде. Бұл тұрғыда «тарихи жад» қызметінің алар орны зор. Өйткені «тарихи жад» арқылы ұлттың өзін-өзі тануға, тамырын сақтауға жол ашады және өткенін келер ұрпаққа жеткізе алады.
1941 жылы 2 шілдеде КСРО Жоғарғы Советі Президиумының «Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытын соғыс жағдайына қарай бейімдеу туралы» жарлығы баспа бетінде жарық көрді. Онда түрлі мекеме, өнеркәсіп т.б. жұмыс орындарында әскери жағдайларға байланысты жұмыс уақытын 1 сағаттан 3 сағатқа дейін ұзартуға; 16-ға толмаған жасөспрімдерді жұмысқа тартуға рұқсат етілсін; жүкті әйелдерді, жүктілігінің алтыншы айынан бастап жұмысқа тартуға рұқсат жоқ, емізулі әйелдерді де – бала емізіп жүрген алты айы ішінде жұмысқа тартуға болмайды – делінген еңбек ережелері белгіленді. Бұл құжатты КСРО Жоғарғы Советі Президиумының төрағасы М.Калинин мен оның хатшысы А.Горкин бекітті. Әрине бұл қағаз жүзінде болатын.
Социализм әйелдер еңбегін мәдениет пен өндіріс саласында пайдалануға кеңінен жол ашты. Елімізде әйелдердің еңбегін қоғамдық өндіріске көптеп қатыстыру, біріншіден халық шаруашылығының қаулап дамуын жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатынан болса, екіншіден отбасының жаңа социалистік формасын құрудың негізі болатын. Ал соғыс жағдайында әйелдер қауымына түскен бұл ауыр жүктің салмағы ерекше ауыр болды. Аса күрделі әрі, қыруар еңбек күшін қажет ететін Түркістан өңіріндегі (мал шаруашылығы, егін шаруашылығы сонымен қатар Қаратау кен бассейндері) еңбек оңай емес еді.

Материалдар мен әдістер


«Айтылған тарих» ғылыми ғылыми лабораториясы Польша республикасының Клодзкая-Быстшица, Хелм қалаларындағы «Репрессия құрбандары мен жер аударылған поляк азаматтарын еске алу Қоғамымен» өзара байланыс орнатқан. Аталған қоғам еріктілерінің көмегімен Түркістан ауданына депортациялық жолмен келген поляк азаматтарының сол уақыттағы балаларынан (қазіргі күні 70-80-90 жаста) естелік материалдары жинақталды.
Идеологиялық бақылау жағдайында, ғалымдар назары басым түрде өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеу, өндірістік даму жағдайын насихаттауға, жұмысшылар мен шаруалар еңбегіндегі энтузиазмды дәріптеуге арналды. Бұл бағыттағы еңбектер қатарына Байтиков С.Б., Тайбеков И.Е., Бакшилов Т.К. (Байтиков 1953; Тайбеков 1943; Бакшилов 1964) және басқаларды атауға болады.
Мақалада өңірлік баспасөз құралы – «Қаратау кеншілері» (1933 - 1956 жж) газеті пайдаланылды. Газет партиялық бақылауда болды, сондықтан онда стахановшылдыққа негізделген шексіз еңбекке беріліп жұмыс істеу жағдайы, советше өмірге бағытталған тұрғындардың әлеуметтік-мәдени бірегейлігі ж.б да кеңестік кезең бейнесі көрініс тапқан (Горняк Каратау, 1943). Соғыс жылдарындағы өмір газет беттерінде әсіресе руда өндіруді күшейтуге белсенді түрде үгіт-насихат жүргізуімен ерекшеленеді (Горняк Каратау, 1943). Халық назарын майдандағы ерлікке, фашистік басқыншылардың қатыгездігін сынауға, коммунистік партияның асқан «қамқорлығы» мен «әділетті қоғам» құруы сияқты «игілікті істері» жазылған.
Сонымен қорыта айтқанда, өнеркәсіп кешенінің одаққа арнаған қызметін дәріптеумен шектелген советтік тарихнаманың осал тұсы мынада еді: соғыс жылдарындағы қарапайым халық өміріне, яғни тылда кең қанат жайған ашаршылық мәселесіне, НКВД қызметкерлерінің түрлі қылмыстық істеріне, қарапайым адамдарға бағытталған саяси-репрессиялық шаралар және депортациялық жолмен келген түрлі ұлт азаматтарының ауыр тұрмысына, өңірдегі әскери тұтқындар (жапон) лагерлерінің тарихына терең объективті ғылыми талдау жасай алмады.
Ресей мемлекеттік экономика архивіндегі (РГАЭ) іс-құжаттар пайдаланылды (РГАЭ, 9032: 15) .
Сонымен қатар көзкөрген куәгерлердің естеліктері шын мәнінде «бәрі де қалай болған еді?» деген сұраққа детальды жауап береді. Сондықтан жұмыста автор әлеуметтік-мәдени өмірді зерттуе құралы - халық жадына барынша сүйенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет