Где мрнти ащысай рудниктеріндегі әйел еңбегі ресми қҰжаттар мен естелік материалдарында мырзатаева Забира Балабековна1



бет3/6
Дата09.01.2023
өлшемі46,99 Kb.
#60714
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мырзатаева З. для журнала Ұлттық жад

Талқылау.
1941 жылдың 1 қазанында Ащысай полиметалл комбинатына әйелдерден маман даярлау ісі шұғыл түрде қолға алынып, іске асырылды. Мысалы:

  1. Комбинатқа барлығы 528 маман қажет етілсе, оның 428-і әйелдер үлесіне тиді. Әйелдер үш айлық курстардан өтіп слесарь, токарь және басқа да мамандықтарды игерді, мысалы каменьщик, штукатурщик, дробильщик, отметчик және басқа мамандықтарды игеру үшін бір айлық курстан өтті.

  2. Ащысай руднигіне 1941 жылдың 10 қазанында 483 адам мамандандырылды, оның 216-сы әйел адамдардан тұрды. Оның 90-ға жуығы шофер, электровозчик, счетовод, паровоз машинисі мамандықтарына даярланды.

  3. 1941 ж 1 қазанында рудникке 231 адам тіркелсе, 125 әйел отметчик, жер асты транспортының мамандықтары, химиктер, запальщиктер, электромонтерлер, машинистер, бұрғышылар т.б.с.с. мамандықтарға даярланды. Құжатта 50 әйелдің забойларға жіберілгені, оларды «жеңіл перфораторлармен» қамтамасыз етіліп, бұрғышы жұмыстарына бөлінгені де баяндалады. Құжатта комбинат директоры Косяковтың және кадр бөлімінің басшысы Емельяновтың қолы қойылған (//Горняк Кара-Тау, 1942). Байқап отырғанымыздай «бақытты совет әйелдері» тіпті бурильщик жұмыстарына жаппай тартылса керек. Халықтың еңбектегі «энтузиазмын» билік шексіз пайдаланды.

Сөйтіп, 1941 жылдың 15 қазанындағы мәлімет бойынша комбинатта 10707 адам еңбек еткен болса, оның 6354-і әйелдер болды (//Горняк Кара-Тау, 1942).
Ал, 1942 жылы Оңтүстік Қазақстандағы өнеркәсіптерде және басқа мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер саны 22 мыңнан асып түсті, оның 56 %-ы ауыл шаруашылығында, ал 30%-ы өнеркәсіп орындарында еңбек етті. Нақтырақ айтсақ МТС-тарда 200 тракторист, 173 комбайыншы, 313 комбайнер көмекшісі қызметінде, ал Ащысай рудниктерінде әйелдер саны бұрынғыдан 3,5 есеге артты, рудниктердегі ер адамдарға арналған ауыр жұмыстарға 207 әйел тартылды, ал 235-сі ФЗО-да даярлық курсына алынды (1942 ж. есеп бойынша).
1942 жылдың 23 ақпанында тылдағы әйелдердің еңбек жағдайын жақсарту туралы Оңтүстік Қазақстан обкомының КП(б)К VIII пленумында арнайы мәселе қойылып, мынадай қаулы қабылданады:

  1. Өнеркәсіп жұмыстарына әсіресе, қазақ әйелдерін тарту қолға алынсын, барлық партия ұйымдары мұны ерекше бақылауға алсын;

  2. облыстағы әйел-аналардың саны анықталып, МТС жұмыстарына тартылсын;

әсіресе қазақ әйелдерін партиялық және комсомолдық шаруашылық жұмыстарына тарту, советтік еңбекке баулу жұмыстары жүргізілсін, Оңтүстік Қазақстан КП(б)К обкомы, горкомы, райкомы әйелдер активтерін қалыптастырып, олармен тығыз жұмыс жасалынсын;

  1. жаппай әйелдер еңбегін ұйымдастырумен байланысты егістік даласында өңірлік маусымдық бөбекжай, тіпті қажет жағдайда жылжымалы бөбекжай ұйымдастырылсын;

  2. әйелдер арасында жүйелі түрде партия жиналыстары өткізілсін;

  3. әйелдерді саяси сауаттылыққа үйрету жұмыстары жүргізілсін;

  4. сот органдары мен прокуратураларының жауапкершілік қызметі күшейтілсін. Сонымен қатар, өткеннің сарқыншағы болып табылатын қандай да бір істерге аяусыз жаза қолданатын болсын (// Горняк Каратау, 1941 г.), - деп аяқталды.

Қаулыда қабылданған мәселелерге қарай отырып, партияның тылдағы негізгі еңбек күші - әйелдердің еңбектегі өмірін мықтап тұрып бақылауға алғанын байқаймыз. Әрине бұл, «елдегі орын алған соғыс жағдайына байланысты еді» деп ақтағанның өзінде, қаулының ең соңғы параграфы 30-жылдардағы тоталитарлық тәртіп ызғарының әлі есіп тұрғанын байқатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет