Где мрнти ащысай рудниктеріндегі әйел еңбегі ресми қҰжаттар мен естелік материалдарында мырзатаева Забира Балабековна1



бет4/6
Дата09.01.2023
өлшемі46,99 Kb.
#60714
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мырзатаева З. для журнала Ұлттық жад

Зерттеу нәтижелері.
Сонымен, партияның қатаң бақылау режиміндегі Оңтүстік Қазақстан облысында еңбектегі қызу өмір басталып кетті. Тыл өмірін әскери жағдайға бейімдеу, «социалистік жарыстар», үш күндік, он күндік декадалар ұйымдастыру, соғыс салықтарының түрлерін енгізу: майданға азық-түлік, жылы киімдер жөнелту; әйелдер кеңесінің жұмысын үздіксіз жүргізіп отыру, оларды соғыс өнеріне үйрету с.с. еңбек пен қоғамдағы жаңа тәртіптер орын алып жатты.
Мемлекет халықтың назарын ендігі таңда «Гитлер - әйелдердің қас жауы!», елдің барлық бақытсыздығына кінәлі фашистік Германия деген насихатты үндеумен болды. Осындай советтік бірегейлікті қалыптастырушы құралдардың мықтап іске асқаны сондай, тіпті 30-жылдардағы кәмпескеден, ашаршылықтан отбасының анасынан басқа, 14 адамынан айырылған Социалистік Еңбек ері, ардақты Ана - Ибрагимова Мәрзия апамыз сияқты көптеген жастар «мен байдың қызы түк білмейді деген атқа қалғым келмей, жұмысты аянбай істедім» (Мырзатаева, 2014), «мен халық жауының баласы емес, ал әкем халықтың жауы емес екенін дәлелдеу үшін соғысқа өз еркіммен аттанып кеттім» (Қойгелдиев, 2014: 125) деп советтік жүйенің арбауына іліккен көнбіс қазақ азаматтарының пікірлерін кездестіре аламыз.
Тылдағы әйел-аналарға жүктелген міндеттердің тағы бір түрі - жылы киім, шұлық, қолғап тоқу болатын. Бұл тапсырманы орындау әсіресе, облыстағы ауыл әйелдерінің үлесіне тиді. Онсыз да ауыр өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында күн-түн еңбек етіп жүрген қарапайым, көнбіс аналар бұл жұмысты да асқан шыдамдылықпен орындап шықты.
«Да здравствует советская женщина!» рубрикасымен «Горняк Кара-Тау» газетінің 1949 жылдың 8 наурызына арналған санында бірнеше кенші әйелдерге арналған мақалалар жарияланды. Онда Ащысай руднигінде қызмет еткен әйелдер туралы жазылды. «Большая сила» аталатын мақаланың авторы женсовет төрағасы А.Санович социалистік революцияның әйелдерге әперген «жарқын бақытты» өмірі туралы жазды. Сөйтіп әлемде ең ауыр жұмыс саналатын рудабасқармаларында (Ащысай) 475 әйелдің жұмыс істейтіні көрсетілді, оның 112-сінің рудникте яғни тікелей жер астында, ал фабрикада 41 әйел адамдарының жұмыс істейтінін көрсетеді. Ал Мырғалымсай руднигінде 135-тен аса әйелдер жұмыс істеген (// Горняк Кара-Тау, 1949).
Соғыс жағдайында еңбек орындарында бәрі жеткіліксіз болды. Техникалық еңбек құрал-жабдықтары, машиналар, шахта, заводтарда арнайы киімдер, әсіресе аяқ киімдер жоқтың қасы еді.
Бұл жөнінде Дүйсенбаев Нәби (1926 ж.т.) - Ащысай руднигінің ардагер-кеншісі: «4–5 жасымда әкем еңбек армиясына әкетілді, ол да осындай шахтада еңбек еткен, содан қайтып оралмады... мен соғыс басталғанда 3-класты бітірдім, мектеп жабылды, «все ушли на фронт» деп жазып қойған. Колхозда «табельші» болдым, екі жыл істедім. Кім қанша жұмыс істеді, белгілеп отыратынмын. Менің жасым еңбек жасына жетпегендіктен істеген жұмыстарым анама жазылып отырды. Аптасына есептеп еңбек ақысын береді, сол кезде бригадир айтатын «әй, ана Болпанның алатыны неге көп?» – деп жүрмеңіздер, баласының ақысын жазып отырмыз дейтін»... «мені осы дәрежеге жеткізген - Анам. Інім екеумізге қарады, көктемде егін суғарады, қолы, аяғы тілім-тілім болып жүретін (көзіне жас алды)»... «кейін жасым жеткен соң шахтаға кірдім, ойбоой күнде көрге кіргендей жанымызды үйіріп, Бісмилләхир-рахман и рахим!» деп кіретінбіз. Өйткені апат көп болатын...» (Қойгелдиев 2019a: 45) - деген болса, - Хантағы ауылынан Байбеков Ибадулла (1930 ж.т.), Қарасай, Мырғалымсай рудниктерінің, Глубокий шахтасының ардагер-кеншісі: «1948 жылы Қарасай руднигіне жұмысқа орналастым, жер астындағы проходчик деген ауыр жұмысты істедім»... «астың тас, үстің тас, екі жаның да тас. Тас үстімізден құлап кете ме деп, қорқып жүреміз, «апатты жағдайлар өте көп болды. Тас опырылып түсіп жатады. Аспаптары бұзылып жатады», - деді. Рудниктегі алғашқы бір күндік жұмысыңызды әңгімелеп беріңізші? деген сұрағымызға, «о-ой балам атаңды тергеуге келген екенсің ғой. Жұмысты алғашында 1948 жылы Қарасайдан бастадым. Таңертең тұрып, жолдың бойынан машинені күтеміз. Ол рудниктің алдына апарып тастайды. Бастықтар наряд береді. Соны орындап шығуға тиіспіз. Барлық жұмыс қол еңбегімен жүргізілетін. Мына қолдың күшімен күрек-қайламен тауды құлату, 2 метр, салмағы ауыр перформатормен тауды тесу, тарс-тұрс еткізіп күніне 18–20 рет жарылыс жасау, О шіркі-і-і-н! Ол перфораторды әрі-бері көтеріп жүру де оңай емес, оның өзі бұзылып қалады. Енді айтпа шахта жұмысының ауырлығын! Анау-мынау тас емес қорғасыны бар ауыр тастарды, вагонеткаларға салу, оны толған соң далаға итеріп шығару! Бір күні күндіз, бір күні түнде істейміз жұмысты...» (Қойгелдиев 2019a, 56), - деді, - ал Байылдыр ауылы Қалдыбеков Қуанбек (1930 ж.т.). Мырғалымсай руднигінің (15-16 жасынан бастап) ардагер-кеншісі: «...Әкем ауқатты кісі болатын. Совет үкіметінен қашып Шыршыққа (Өзбекстан республикасы) жер аудық. Кейіннен Созаққа келдік. «...содан Мырғалымсайға теңге береді деген соң, теріскейден (Созақ) 1945–1946 жылдары келдім анаммен, қайбір дүниеміз бар ғой дейсің, есекке артып көрпе-төсегімізді алып келдік осында. Мырғалымсай сазды жер, әдемі. Оны ...«Новая зона» дейтінбіз, жапондар жатты. Ол сормаңдайлар жұмыстарын істеп кетті ғой еліне... Ең алғаш 1945–1946 жылдарда жас едім, рудник астына түсу аса қорқынышты болды. Техника жеткіліксіз, бәрін қолмен жасаймыз. Оның үстіне шахтада улы газ болады. Көз алдымда бірнеше апатты оқиға болды. Жасалған жұмысымызға қарай теңгесін беретін үкімет. Алайда сол еңбегіміз ақталды дей алмаймын...» (Қойгелдиев 2019a, 67), - деген естеліктер айтты.
Майданда соғыс өрті қызып жатқанда, тылда еңбеккерлердің ерен үлгісі орын алып жатты. Қатарға жаңа заводтар, рудниктер, электростанциялар, тар табанды темір жолдары қосылып жатты. Хантағы кен байыту фабрикасы мен жаңадан жұмысын бастаған Мырғалымсай руднигінің аралығынан 1941 жылдың 1 шілдесі және 17 тамыз аралығында тар табанды темір жолын төсеу жұмысына Геологиялық бас басқармасынан рұқсат алынып, ол 1-17 тамызға дейін 5 км қашықтағы жол рельсіне шпал, костыль төсеу, оны болтпен бұрап бекіту және басқа да жұмыстар орындалды. Бұл жөнінде құжатта: «в основоном силами женщин-домохозяек рабочих, ИТР и служащих рудника Хантаги было закончено 17 августа, в результате чего перевозка руды на фабрику с 18/У11 - 41 г. осуществлялась жел.дорожным транспортом Комбината» (РГАЭ, 17: 331), - деп көрсетілді. Міне бұл - Түркістан өңірі әйел-аналарының тарих бетінен өшпес ерлігі, еңбектегі даңқты қызметі еді.
Алайда советтік жүйедегі өткен соғыстың өзіндік кешірілмес ақтаңдақтарының болғанын айтпауға болмайды. Шексіз еңбекке тартылған халық өмірі ресми қағаз беттерінде ашық көрсетілмеді, жалған идеология арнасында әйел адамдарының шын мәніндегі ауыр еңбектері «бақытты» өмірге теңеле берді.
Шахтадағы әйелдер еңбегі. Әлемдегі ауыр жұмыс санатындағы жер асты, яғни шахта әйелге лайық жұмыс емес еді. Біз енді осы фактілерге тоқталайық. Ащысай шахталарында депортациямен келгендер, жапон әскери тұтқындары ж.б. адамдар көп болды. Жер асты жұмысында қылмыстың барлық түрлері орын алып жатты. Ұрлық, зорлық ж.б. Бұл деректерде былайша баяндалады: «...трест шахталарында 10 өндірістік учаскелерге бөлінген 490 жапон әскери тұтқын жұмысшылары еңбек етеді. Одан басқа орасан зор спецпереселендер, репрессияланғандар да сол жерде жұмыс істейді, соған сәйкес олар бір-бірімен қоян-қолтық араласып кеткен. Қылмыстың барлық түрлері кең етек алып барады, оның басым көпшілігі сондағы жұмыс істеп жүрген әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылықтардан тұрады. Сондай-ақ, күшпен тонау, жеке заттардың ұрлануы, ұрыс-керіс, төбелес ж.б. бұзақылықтар орын алуда» (АП РК, 725: 1-6), - делінді.
Қазақстанға депортациялық жолмен келгендердің басым көпшілігі - поляк азаматтарынан тұрды. Соғыс басталғанда әкелініп, соғыс аяқталған соң елдеріне қайтарылды. Алайда осы бес жыл олар үшін: аштық, түрлі індет, азапты еңбек, советтік жазалаулар (советтік паспортты қабылдамағаны үшін (1943) түрмелерге қамалды) ж.б. с.с қайғы-қасіретке толы еді. Міне соғыс аяқталып отанына оралған азаматтардан бүгінде «Айтылған тарих» орталығы хат алаысып тұруды жолға қойған. Поляк азаматтарының айдаудағы өмірі жөнінде мемуар жазу мәдениеті өте биік. Бұл ұлттық жадты сақтаудың, тарихи сабақтастық дәстүрінің беріктігін көрсетеді.
Ал біздің елімізде тыл ардагерлері басым жағдайда жазба естеліктерін қалдыра алмады. Мұның бірнеше себептерін атаған болар едік. Балалық шағы ұрланған аға буынның ғұмыры ХХ ғасырдың 20-30 жылдарымен тұс келеді... 80-100 жасаған әжелеріміз сұхбаттарында «арманым дейсің бе? Менің арманым мектепте оқу еді...» деп ақтарылады, «мектепте оқуыңызға не кедергі болды?» деген сұраққа «әкемді тұтқындады, білмейміз қайда әкеткенін, отбасымның жартысы аштан өлді, анам жалғыз бізге тамақ табудың жолында жүрді. Мектепке барар едім аяқ киімім болмады... т.б.» делінетін мұңды естеліктер айтты. Советтер үкіметі қазақты сауат ашу мүмкіндігі былай тұрсын, өмір сүру құқығынан айырды. Ел енді есін жия бастағанда екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті.
Сонымен, Волынская облысынан (қазіргі Украина) 1940 жылы Сібірге депортацияланған, кейін Оңтүстік Қазақстанға Шолаққорған, Созақ, Ащысайға жіберілген поляк азаматы Тадеуш Кулъик (1930ж.т.) соғыс жылдарындағы Ащысай руднигіндегі аналар еңбегі жөнінде мынадай маңызды естелік жазады: «Ең қорқыныштысы – шахтаның жер астындағы тоғызыншы және он бірінші қабатындағы жұмыс болатын. Онда су ылғи тасып кетіп жатады, тіпті адамдардың басына құйылады. Сол себепті гүрілдеген насос жер асты суын сыртқа шығарып тұрды. Ол жерде апат көп болатын, бәрінен де бұрын дымқыл жерлердегі электр тогынан көп адам көз жұмды. Ал, он екінші қабатта жұмыс істейтіндер, онда кірген соң аз уақыттан кейін-ақ түрлері өлік сияқты болып кететін. Онда улы газ бар, үнемі үрейде жүру оңай ма, құр сүлдері қалатын. Менің есімде, еліме оралатын уақыт жақындап қалғанда, ер азаматтардың жеткіліксіз болуынан тура осы жерде көп әйелдердің жұмыс істеп жүргенін көрдім. Әйелдер тікелей руда өндіретін шахталарда істеді. «На горных уровнях работали исключительно женщины. А мужчины работали только при отпалке, но через некоторое время и эту работу стали выполнять и женщины» (Қойгелдиев, 2019а: 354). Міне мұндай детальді көрсетулер біздерге ұмыт болған тарихи кезеңді, ортаны көзалдыңа келтіреді. Сондықтан тарихи жадты жаңғырту үшін архивтік деректермен қатар сол дәуірдің тірі куәгерлерінен ақпарат алуға асығуымыз қажет.
Поляк және қазақ балаларының өз аналары жөніндегі естеліктерінен. Ванда Исанская4 «балалар үйі - балалар үйі емес, ол - өлім үйіне айналып кетті, күнде бірнеше бала қаза табады. ...аштықтан көз жұмған анасының жанында жүрген кішкентай Касправичувтар есімде қалыпты. Мен оларды Шолаққорғаннан кездестірдім. Анасы балалардың көз алдында жан тапсырды. Олар кішкентай қолдарымен анасын көмбек болып жүр екен. Ал мен ашпын, тым әлсіз болдым. Алайда өзімнің ең соңғы күшімді жинап алып, балаларды балалар үйіне дейін жеткізіп салдым»», - деп жазады. 18-19 жасқа жетіп қалған Ванда [Қойгелдиев 2019б: 18-19], - дейді.
Балалар үйінде азық-түліктің, киім-кешектің жеткіліксіз болғаны көптеген архивтік құжаттарда айтылады [РГАЭ, 9032: 56-59]. Бұл жөнінде жергілікті куәгерлер де әңгімелерінде көрсетеді. Мысалы Түркістан облысы, Созақ ауданы, Балдысу ауылының тұрғыны Нұрғожаев Тәжі (1924 ж.т.) елді жайлаған аштықтан үлкен ағасының осы балалар үйіне тапсырылғанын айтады: «Бізге анам жалғыз өзі бас-көз болып қалды. Қиыншылықты, жоқшылықты көбірек көріп өстік, ағам балалар үйінде өссе, мен туысқандар қолында жүрдім. Содан ағам өз өзіне келген азамат болған соң, балалар үйінен кетіп, Меркідегі аудандық газетке жұмысқа кірді. Сөйтіп, соғыс аяқталған жылы бәріміздің басымыз қосылып үй болдық» (Қойгелдиев 2019: 44), - десе, Mустахим Дүйсенұлы «...ол кезде [соғыс жылдары] 7 сыныпта оқитынмын. Сол кезеңде менің әке-шешем дүниеден өтті. Кейін ағам екеуміз балалар үйіне тапсырылдық. Қиын кездер еді ғой. Біз онда күнде аш жүретінбіз. Ол жерде күніне тек 2 жапырақ нан береді, болды...» (Кабдрахманов 2020), - деп еске алады.
Ал поляк азаматтарының естеліктерінде мысалы, Тадеуш Кулъик анасы және балалар үйіндегі көңілсіз өмірі туралы былайша баяндайды: «Не имея средств для существования, я с младшей сестрой попали в детдом в Чулаккургане. Мне было тринадцать лет... Господствовал голод, надо было быть готовым на всё, даже на смерть. Убивали кошек, собак. С прокормлением там была страшная беда. Позже я убежал оттуда, а моя сестра осталась до конца и затем вернулась с этим детдомом в Польшу.
Я находился там больше чем полгода, потому что ждал возвращения матери из тюрьмы. Она не отсидела полный срок. Так как она опухла от голода, ее отпустили. Пришла к нам в детдом, потому что больше некуда ей было идти. Хотела встретиться с нами. Через неделю уехала в Ачисай и там умерла. Я даже незнаю, где ее похоронили. Выпустили ее из тюрьмы только для того, чтобы она умерла не там, а в другом месте...» (Қойгелдиев 2019: 354).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет