Жауабы: Жер бетіндегі температура +30°С-қа тең.
2-мысал: Гималай тауының 4648 м биіктігінде ауа температурасы -10°С-қа
тең. Гималай тау жүйесінің ең биік нүктесіндегі ауа температурасын тап.
Шешу жолы: ші қадам: Гималай тауының ең биік нүктесі Эверест (Джомолунгма)
шыңының биіктігі 8848 м. Осы 8848 метрден 4648 метрді азайтамыз, сонда 4200
м болады. Демек, Эверест шыңына жету үшін тағы 4200 м жоғары көтерілу
қажет.
ші қадам: 4200 м биікке көтерілгенде, температура неше градусқа
төмендейтінін анықтау үшін 0,6°С-ты 42-ге көбейтеміз. Сонда, 25,2 0C шығады.
Демек, 4648 м биіктіктен 8848 м биіктікке көтерілгенде, температура 25,2 ()С-қа
төмендейді. 4648 м биіктікте температура -10 0C болса, одан 25,2 °С-ты азайтсақ,
Эверест шыңындағы температура белгілі болады.
Жауабы: Эверест шыңындағы ауа температурасы -35,2 0C.
§2.2.1. Туліктік/жылдық орташа температураны және
температураның туліктік/жылдық амплитудасын анықтау
Орташа температура - тәулік/жыл бойына болған көрсеткіштердің
арифметикалық ортасы.
Амплитуда - ең жоғарғы көрсеткіш пен ең төменгі көрсеткіштің айырмасы.
1-мысал: Ауаның температурасы сағат O1:00-де (-3oC), сағат 07:00-де (OoC),
сағат 13:00-де (+6oC), сағат 19:00-де (+4oC) болса, орташа тәуліктік
температураны және тәуліктік амплитуданы тап.