Гендік инженерия



бет7/9
Дата04.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#54702
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ген инженерия

ІІІ. ДНК-лигаза

  • Гендік инженерияда ДНҚ-лигазаның екі түрін қолданады. Олар бір-бірінен әсер етуі және кофакторды қажет етуі жағынан ерекшеленеді.
  • E. Coli-дің ДНҚ-лигазалары кофактор ретінде дифосфопиридинуклеотидті қажет етсе, ал Т4-фагтың лигазасы Мg2+ иондарын қажет етеді. Т4-фагтың лигазасы универсалды, себебі ол жабысқақ түптерді байланыстырып қана қоймай, жабысқақ емес екі тізбекті ДНҚ бөлшетерінің бірігуін де катализдейді, сол себебпті ол жиірек қолданады.

ІV. ДНК-полимераза

  • Бірінші рет ДНҚ-полимераза 1958 ж E. Coli-дан Коренберг және қызметкерлермен бірге бөлініп алынды.
  • ДНК-полимераза — ДНҚ репликациясына қатысатын фермент. Бұл класс ферменті ДНҚ-ның нуклеотидетр тізбегінің бойында дезоксирибонуклеоитидтердің полимеризациясын катализдейді, оны фермент оқып шаблон ретінде қолданады. Бұл фермент молекулалық салмағы 103 кДа болатын мономерлі полипептидті тізбектен тұрады және 3 доменді құрылымнан тұрады, әр домен өзіне тән ферментативті белсенділіктен тұрады.

V. Кері транскриптаза

  • Ревертаза — кері транскриптаза. Кері транскрипция (яғни РНҚ негізінде ДНҚ түзу) жүргізетін фермент. Өте сирек фермент, ол тек ретровирустардың құрамында табылған. Трансферазалар тобына жатады. Оның әсерінен ең алдымен РНҚ —ДНҚ буданы пайда болады, одан соң ДНҚ-полимеразасының катынасуымен ДНҚ түзіледі, ол тізбек екі есе көбейеді. 1964 ж Темин РНК-матрицасында комплементарлы ДНК синтездейтін вирусспецификалық фермент бар екендігі жәйлі гипотеза ұсынды. Көптеген таппыныстардың нәтижесінде 1970 ж Темин мен Мизутани және олардан тәуелсіз Балтимор іздеген ферментті “Раус саркома” вирусының клеткадан тыс виринондарының припаратынан табады.

Векторлар

  • Жоспары
  • І. Векторлар және оларға қойылатын талаптар
  • ІІ. Вектор түрлері

І. Векторлар және оларға қойылатын талаптар

  • Вектор деп бөтен генетикалық материалды (ДНҚ фрагментін) клеткаға (реципиенттің) тасымалдауға қабілетті ДНҚ молекуласын айтады. Векторлар — ген тасығыштар, ал вектор деген сөздің өзі бағыттағыш деген мағынаны білдіреді.
  • ДНҚ молекуласын векторсыз, мысалы, бактериялық клеткаға енгізсе, онда оларды бактериялық ферменттер ыдыратып жібереді. Кейбір жағдайда ДНҚ сақталуы мүмкін, бірақ клетканың бөлінуінде олар тұқым қуаламайды. Осындай жағдай болмас үшін векторлық молекулалар қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет