Векторларды эксперименттік жолмен құрастырады және оларға келесі талаптар қойылады:
1) Репликация сайты (Ori);
2) құрамында рестриктазалар танып, үзе алатын нуклеотидтер тізбегі болуы керек, әйтпесе векторға ДНҚ фрагментін енгізу мүмкін емес;
3) оның, бір немесе бірнеше таңбаланған гендері (маркерлері) болуы керек, сол таңбалар бойынша қажет геннің клетканың (реципиенттік) ішіне енгенін анықтайды;
4) вектордың, клетка ішіндегі көшірмелері жеткілікті мөлшерде болуы керек.
5) Мөлшері үлкен болмауы тиісті.
6) Вектордың көбиюіне жасуша ішінде ештене бөгет жасамауы тиісті.
І. Векторлар және оларға қойылатын талаптар
Векторлық молекуланың шығу козі болып бактериялық плазмидалар мен вирустар (әсіресе фагтар) саналады.
Векторлардың негізгі 6 түрі бар.
1. Плазмида
2. Космида
3. Фазмида
4. Шаттл вектор
5. Жасанды бактериалды хромосомалар
6. Жасанды ашытқы хромосомалар
1. Плазмида
Плазмидалар — хромосомадан тыс реплекацияланатын ДНҚ молекуласы. Плазмидалар көбінесе бактерияларда кездеседі, ол екі тізбекті сақина молекулалары. Вектор ретінде мөлшері 15— 20 мың н. ж. дейінгі, көбінесе 2-ден 10 мың н. ж. құралған кішігірім плазмидалар қолданылады. Плазмидалық векторлар генді бактерияларға тасымалдап, оның тиімді жұмысын қамтамасыз ете алады. Плазмида терминің ең бірінші рет америкалық молекулалық биолог Джошуа Ледербергпен 1952 ж. ұсынылды.
1. Плазмида
Плазмиданы жасушаға тасмалдау жолдары.
Конъюгация
Трансдукция
трансформация
2. Космида
Космида (Cosmides) — құрамында лябда фагтың ДНҚ сының фрагменті және соs-телімі (участок) бар плазмида. Гендік кітапханалар құру үшін қолданылады. Космидаларды бірінші рет 1978 ж. Коллинс және Брюнинг құрастырады. Космида көмегімен 32-47 мың н.ж болатын мөлшердегі ДНҚ-ны тасмалдауға болады, салыстырмалы түрде плазмида көмегімен тек 4-5 мың н.ж мөлшерде ДНҚ-ны ғана тасмалдауға болады. Оған қоса космидалар фагты бөлшектерге оралады, бұл оларды трансдукция көмегімен бактерияға енгізуге мүмкіндік береді, және космида жасанды түрде құрастырылады.