Толық тіркесу — талданатын белгілердің гендері бірі-біріне жақын, кроссинговер жүруіне мүмкіндігі болмайтын тіркес тұқым қуалаудың түрі.
Толық емес тіркесу — талданатын белгілердің гендері бірі-бірінен біраз қашықтықта орналасқандағы, кроссинговер жүруіне мүмкіндік беретін тіркес тұқым қуалаудың түрі.
Тіркесу тобы — бір хромосомада орналасқан және бірге тұқым қуалайтын гендер.Тіркесу тобының саны хромосомалардың гаплоидты жиынтық санына тең.
Кроссоверлі емес гаметалар — пісіп жетілу үдерісінде кроссинговер жүрмейтін гаметалар.
Кроссоверлі гаметалар — пісіп жетілу үдерісінде кроссинговер жүрген гаметалар. Кроссоверлі гаметалар барлық пісіп жетілген гаметалардың аз мөлшерін құрайды.
Рекомбинантты еместер — белгілер жиынтығы ата-аналарына ұқсайтын гибрид даралар.
Рекомбинанттылар — белгілер жиынтығы ата-аналарына ұқсамайтын гибрид даралар.
Хромосомалық теорияның негізгі қағидалары.Медицинада моногендік және тіркес тұқым қуалау заңдылықтарын білудің маңызы.
Морган өз шәкірттерімен бірге дрозофила шыбынына тәжірибе жасаудың нәтижесінде “тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” ашты.
Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай:
1. Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) болады.
2. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол организмге тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді.
3. Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді.
4. Хромосомадағы гендердің ара қашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал.
Гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан гендер аллельді гендердеп аталады. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі аллель ішілік әрекеттесу деп те аталады. Аллельді гендердің өзара әрекеттесулерінің негізгі типтері: