Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (гаж)


ГАЖ-жүйелердің жинақталған қызметі



бет2/3
Дата30.09.2023
өлшемі20,78 Kb.
#111945
1   2   3
Байланысты:
лек1

1.3 ГАЖ-жүйелердің жинақталған қызметі

Заманауи ГАЖ көпшілігі ақпараттарды кешендің өңдеумен айналысады.


ГАЖ-жүйелердің жинақталған қызметі:
– мәліметтерді енгізу және редакциялау;
– кеңістіктік мәліметтердің үлгісін қолдау;
– ақпараттарды сақтау;
– координаттар жүйесін түрлендіру және картографиялық проекцияларды трансформациялау;
– растрлық-векторлық операциялар;
– өлшемдік операциялар;
– полигональды операциялар;
– кеңістіктік талдау операциялары;
– кеңістіктік үлгілеудің әртүрлі түрлері;
– бедерді сандық үлгілеу және беттерді талдау;
– нәтижелерді әртүрлі нысандарда шығару.
Аталмыш қызметтердің мәні бұдан әрі қарастырылатын болады.


1.4 ГАЖ жіктелуі

ГАЖ жүйелер төтенше жағдайлар және басқа жағдайлар шартында шұғыл шешім қабылдау үшін экологиялық ахуалға мониторинг жасау, табиғи ресурстарды тиімді қолдану бойынша ғылыми және қолданбалы тапсырмаларды шешу мақсатында, сонымен қатар инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық және аймақтық жобалау үшін әзірленеді.


Өмірде туындайтын көптеген тапсырмалар әртүрлі ГАЖ құруға итермеледі, олар келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін.
Функционалдық мүмкіншіліктер бойынша:
– жалпы тағайындамадағы толық функционалдық ГАЖ;
– қандай да бір пәндік саладағы нақты тапсырманы шешуге бағытталған мамандандырылған ГАЖ;
– үй және ақпараттық-анықтамалық қолданысқа арналған ақпараттық-анықтамалық жүйелер.
Сонымен қатар ГАЖ функционалдық мүмкіншіліктері оларды құрудың сәулетшілік принципімен де анықталады:
– жабық жүйелер – кеңейту мүмкіншілігі жоқ, олар сатып алу кезіне ғана тән қызмет жинағын ғана орындауға қабілетті;
– ашық жүйелер икемделу жеңілдігімен, кеңейту мүмкіншілігімен ерекшеленеді, себебі арнайы аппараттың көмегімен (бағдарламалаудың енгізілген тілдері) тұтынушы тарапынан құрылуы мүмкін.
Кеңістіктік (аумақтық) қамту бойынша:
– ғаламдық (планетарлық);
– жалпы ұлттық;
– аймақтық;
– дербес (соның ішінде муниципалды).
Мәселелік-тақырыптық бағдар бойынша:
– жалпы географиялық;
– экологиялық және табиғатты пайдалану;
– салалық (су ресурстары, орман пайдалану, геологиялық, туризма және т.б.);
Географиялық мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі бойынша:
– векторлық;
– растрлық;
– векторлық-растрлық ГАЖ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет