Геоэкологиядағы антропогендік факторлар



Дата03.11.2022
өлшемі10,64 Kb.
#47161
түріСабақ
Байланысты:
document name



Автор: Жолдасова Жанар Шахидуллаевна
Пән: География
Сынып: 10-сынып
Бөлім: Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып: Геоэкологиядағы антропогендік факторлар

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

10.3.2.5 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру және графикалық түрде ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Антропогендік факторларды топтастырады және графикалық түрде ұсынады

Тілдік мақсаттар:

Оқу үдерісін жетілдіріп отыру мақсатында сирек қолданылатын сөздерден сөздік қорын жасау.
Ауызша , жазбаша сөздік қорын жетілдіру

Күтілетін нәтиже:

Ұсынылған жоспар бойынша 1 -нақты өнеркәсіп саласын сипаттап, қорғайды, өзара бағалайды. 

Бағалау критерийлері:

Геоэкологиядағы антропогендік факторларды түсінеді 
Геоэкологиядағы антропогендік факторларды анықтайды 
Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастырады және графикалық түрде ұсынады

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел құндылығы»,»Жалпыға бірдей Еңбек қоғамы» Құндылықтарға баулу арқылы зерттеу жұмыстарына,көшбасшылыққа,іздену мен шығармашылыққа тәрбиелеу

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд арқылы , интербелсенді тақтамен материалдармен танысу

Пәнаралық байланыс:

тарих , экономика, биология

Бастапқы білім:

Табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Іскерлік атмосфера орнату. Сәттілік тілеу Өткен тақырыпқа шолу . Миға шабуыл: 1. Қазақстан аумағында геоэкологиялық шиеленістің 5 деңгейін ата? 2. Ормандардың жойылуы туралы не айта аласың? 3. Топтырақтың антропогендік бұзылуы туралы сенің ойың қандай? 4. Жылыжай эффектісі туралы өз ойыңмен бөліс

Сабақтың ортасы

Оқушылар топтарға бөлінеді • 1-топ « Мұнай-газ» өнеркәсібі • 2-топ «Түсті металдар» өнеркәсібі • 3-топ « Қалалардың ластануы» 1-тапсырма: Әр топ өз тақырыптары бойынша тақырыпты оқып, келесі жоспар бойынша постер қорғайды
2-тапсырма: Ұсынылған жоспар бойынша 1 -нақты өнеркәсіп саласын сипаттайды
3-тапсырма: Картамен жұмыс.



Сабақтың соңы

Бекіту. Сабақта алған білімін бекіту мақсатында қорытынды тапсырма орындау ұсынылады. Жеке орындалады. Жауаптары тақтаға шығарылады немесе ауызша айтылады. Оқушылар өзін өзі тексереді. Мұғалім қорытындылау жасайды

Рефлексия

Кері байланыс. «Бір ауыз сөз» әдісі.
 Ұнады  пайдалы  қажет  білдім  үйрендім  қызықтым  ұмтылдым  есте сақтадым  жасай аламын


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет