78
14 дəріс. ҰҢҒЫМАЛЫҚ ЦЕМЕНТОМЕТРИЯ
Бұрғылау
аяқталғаннан
кейін,
түсірілген
колонна
сыртындағы кеңістікті ұңғыма оқпанын шегендеу жəне
қабаттарды
бір-бірінен
ажырату
мақсатында
цементтейді.
Цементтеу дұрыс жүргізілмесе коллектор қабаттарды су басып,
мұнай жəне газ өнімдері өндірістік құндылықтарын азайтады.
Цементтеудің басты параметрлері:
-
цементтің көтерілу биіктігі оның жобалаған деңгейіне
сəйкес келуі;
-
Колонна сыртындағы кеңістікті интервалдар ұзындығына
қарай бөлшектеп немесе тұтастай цементпен толтыру жəне
оның беріктігі;
-
Цемент сақинасының колоннамен жəне тау жыныстарымен
жақсы жабысуы;
-
Ұңғыманы цементтеудегі ақаулар: жасырын, жарылған
жəне т.б. Осылардың ішінен мыналар ерекшеленеді:
-
Цемен
сақинасындағы
ақаудың
көлемі
(жарылып
тегістіктің жоюылуы, каналдар, бос жерлер);
-
Цемент жоқ жерлер, нашар немесе сапасыз цемент (қуыс
>200 мкм);
-
Цемент сақинасының колоннамен əртүрлі (частичный
контакт) байланысы (микроқуыс);
-
Цементтің беріктігі;
-
Цементтеуді бақылау əдістері:
-
Термометрия,
цемент
қатуының
экзотермиялық
реакциясын қолдану;
-
Қысқа мерзімді изотоптарды қолданатын радиоизотропты
əдіс;
-
Цементтің, жыныстың жəне бұрғылау сұйықтығының
тығыздықтырын анықтауға негізделген, Гамма-гамма
цементомер;
-
Акустикалық цементометр.
Мұнда акустикалық əдістер ең басты əдістер болып
саналады, өйткені олардың аспаптары жəне жұмыс жүргізу
əдістемелері əрқашанда жаңартылған болады.
ВНИИГИС өңдеген НПО “Геофизика” (Уфа қ.) заводы
жасаған əмбебап АКЦ-НВ-48Т аспабы, өңдеушілердің айтуы
бойынша ең жоғарғы көрсеткіштерге ие.
79
Цементтеу кезінде, цемент сақинасының ақауларын
анықтауда локатор муфт, шумомер аса сезімтал. Тіркелетін
амплетудалық жəне уақыттық параметрлер цемент сапасының
бірнеше көрсеткішін анықтайды.
Кешенді аспаптар арқылы алынған диаграммалар бойынша
толық жəне жартылай (частичная) интерпретация жүргізіледі:
а) жартылай интерпретацияны шұғыл орындауға болады
жəне диаграмма шыққаннан соң ұңғыма ішінде де жасауға
болады.Жартылай
интерпретациялау
келесі
мəліметтермен
қортындыланады
-
тампонажды сұйықтықтың көтерілуі;
-
цемент
тасының
колоннамен
тығыз
байланыстағы
интервалдарының бар болуы;
-
колоннамен тығыз емес байланысы бар жерлерді,
цементтің беріктігі аз интервалдпрдың болуы;
-
колонна сыртындағы ағын интервалдары жəне колоннаның
тегіс емес жерлері;
-
колонна тегістігінің бұзылған жерлерін, перфорация
интервалдарын жəне муфта қосылыстарының жағдайын
анықтау.
Ұңғыманы цементтеудің сапасын толық қорытындылауды,
тек интерпретациялау кезінде ұңғыманы зерттеу туралы барлық
геолого-техникалық мəліметтерді қолдана отырып алуға болады.
Осылардың маңыздылары болып төмендегілер саналады:
-
фазалық
сызықтар
жəне
толқынды
суреттер
диаграммалары;
-
қиманың акустикалық жəне электрлік көрсеткіштері,
зерттеудің радиометриялық мəліметтері;
-
радиометриямен акустикалық каротаж көрсеткіштерімен
ұңғыма жəне көрші аудандар үшін корреляциялық
байланыс;
-
бұрғылау сұйықтығының көп кеткен жерлері жəне оларды
болдырмау нəтижелері;
-
газ шығарушы интервалдар болуы;
Кешенді АКЦ-НВ аспабы арқылы ұңғыманың техникалық
жағдайын жəне цементтелу сапасын бағалаудағы негізгі нəтижелер
мыналар:
80
-
цемент сақинасының көтерілу биіктігі;
-
колонна сыртындағы өнімді қабаттардың жəне су
горизонттарының сенімді изоляциялануын бағалау;
-
колонналардың
қабырғаларының
механикалық
бұзылуларын
анықтау
(муфта
қосылыстарындағы,
перфорация интервалдарындағы жарылыстарды (трещин))
-
Цемент тасының беріктігін анықтау.
Цемент тасының беріктік көрсеткіштері (24сағ. дейін)
амплетуда параметрлерінің АкН и АкВ бір бірінен алыстауы
арқылы бағаланады.
Мəселелерді нəтижелі шешуде қондырылған колоннада
акустикалық “цемент-колонна” жəне “тау жыныстары-цемент”
байланыстарының жағдайларын сенімді көрсететін геофизикалық
əдістерді қолданады.
Негізгі əдебиет 1нег [172-173, 338-339], 2 қос [270-277]
Достарыңызбен бөлісу: