Геофизическое исследование скважин каз



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#22783
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
дəріс.  БҮЙІРЛІК ЭЛЕКТРЛІК ЗОНДЫЛАУ (БҮЙІРЛІК 

КАРОТАЖДЫҚ ЗОНДЫЛАУ). МИКРОЗОНДЫЛАУ (МКЗ

 

Қабаттың нақты (истинное) меншікті кедергісі, негізінен, бүйірлік 



каротаждық  зондылау  (БКЗ)  əдісімен  анықталады.  Бұл  əдісті  қолдану 

барысында  ерітінді  фильтратының  ұңғыма  қабырғасына  сіңу  белдемі  де 

анықталады. 

БКЗ  əдісінде  градиент-зондтардың  төмендегі  түрлері  пайдаланы-

лады:  табандық  –  А0,4М0,1N;  А1М0,1N;  А2М0,5N;  А4М0,5N;  A8M1N 

немесе жабындық- N0,1M0,4A; N0,1M1А жəне т.б. БКЗ диаграммаларын 

өңдеу нəтижесінде қабаттар дараланып, зондылау қисық сызығы p

к

=



ƒ

(AO) 


тұрғызылады. 

Қалың  жəне  жоғары  кедергілі  қабаттар  үшін  зондылау  қисық 

сызығын  тұрғызу  барысында  МК  параметрінің  орташа  мəндері 

пайдаланылған  жөн.  Ал,  орташа  қалыңдықты  жəне  жоғары  кедергілі 

қабаттар  үшін  (6<  h<20  м)  МК-нің  орташа  жəне  ең  жоғары  мəндерін 

пайдалану  керек.  Жоғары  кедергілі  жұқа  қабаттар  үшін  (h<6  м),  əдетте, 

экстремалды зондылау қисық сызықтары тұрғызылады.  

БКЗ-нің  мəліметтерін  талдау  (интерпретациялау)  барысында 

тұрғызылған  зондылау  қисық  сызықтары  теориялық  қисық  сызықтары 

салыстырылып,  олардың  арасындағы  сəйкес  келетінінің  параметрлері 

(меншікті кедергі, фильтраттың сіңу белдемі) алынады. 

Алынған  БКЗ  зондылау  қисық  сызығы  алдымен  екі  қабатты 

палеткадағы  қисық  сызықтармен  (БКЗ-1)  салыстырылады.  Егер 

тəжірибелік БКЗ қисық сызығы палеткадағы ешбір қисық сызықпен сəйкес 

келмесе, бұл ұңғыма қабырғасына фильтраттың енгенін білдіреді. 

БКЗ нəтижелерін мұндай əдіспен талдаудың қарапайымдылығына 

қарамастан, кемшіліктері де бар. 

1.

 



Тек  қана  əдеттегі  зондтар  нəтижелері  пайдаланылады.  Басқа 

зондтармен алынған мəліметтерді пайдалануға болмайды. 

2.

 

Өңдеу  процесін  автоматтандыру  мүмкін  емес.  Сондықтан 



ұңғыма  ашқан  жыныстардың  меншікті  кедергісін  анықтау  үшін 

каротаждың басқа түрлері пайдаланылады. 

 



 

21

    



     

3 -сурет.  

Жоғары кедергілі (а,бжəне төменгі кедергілі (в,гбірнеше қабаттар 

үшін кедергісінің қисық сызықтарыав —  табандық градиент-зондбг

потенциал -зонд 

 

БКЗ  əдісін  пайдаланудың  қолайсыз  жағдайлары:  қиманың 



əртектілігі  (кедергілері  əр  түрлі  қабатшалардың  алмасуы),  аса  жоғары 

немесе  төмен  кедергілі  тау  жыныстары,  ұңғыма  жуатын  ерітіндінің 

кедергісінің  аз  болуы  (тұзды  ерітінділер).  Бұл  жағдайларда  каротаждың 

басқа түpлepi пайдаланылады. 




 

22

Микрокаротаж  деп  аз  мөлшерлі  градиент-  жəне  потенциал-



зондтармен  кедергі  каротажын  жүргізуді  айтады.  Зондтар  ұңғыма 

қабырғасына 

серіппемен 

қысылып, 

оқшаулатқыш 

табандарға 

орналастырылады  (3-  сурет).  Табанның  орта  жерінде  бір-бірінен  25  мм 

қашықта  А,  М  жəне  N  үш  электроды  бекітіледі.  Осындай  сұлбасы 

градиент-микрозонд A0,025M0,025N жəне потенциал-микрозонд  A0,05M 

құрылып, ұңғымада электрокаротаж жүргізіледі. 

Микрозондтар көмегімен анықталған меншікті кедергі формуласы 

арқылы  есептелінеді.  Бұл  формуладағы  К-  коэффициенті  тəжірибелік 

жолмен  анықталады.  Градиент-микрозондпен  зерттеу  радиусы  оның 

ұзындығына,  ал  потенциал-микрозондтпен  зерттеу  радиусы  оның 

ұзындығынан  2,0-2,5  есе  артық  болатынын  еске  алсақ,  онда  олардың 

зерттеу тереңдігі 4 жəне 10-12 см болады. Сонымен, зерттеу радиустары əр 

түрлі екі микрозонд көмегімен жазылған кедергі қисық сызықтарын өңдеу 

арқылы,  ұңғыма  қабырғасында  ашылған  қабаттың  сыртқы  бөлігінің 

меншікті  кедергісін,  сазды  қабыршақтың  жəне  ұңғыма  жуатын  ерітінді 

қабыршақтарының əсерлерін анықтауға болады. 

Алынған мəліметтерді интерпретациялаудың (талдаудың) мақсаты 

геологиялық  қиманы  ажыратып,  ондағы  өткізгіш  жəне  өткізбейтін 

қабаттарды бөлу, қабаттың жуылған бөлігінің меншікті кедергісін (ρ

пп



 

 

 



4- сурет. 

Микрозондтар көмегімен өлшеу сұлбасы

а — микрозондтың жалпы түpi: 1- электродтар, 2- башмақ

3- кабельбтіркеу сұлбасыГ1, Г2 - тіркеу (жазуаспаптары

 

 

 




 

23

 



5- сурет

Басқа диаграммалармен қоса микрозондтар қисық 

сызықтарын пайдалану мысалы

1 - құмтас; 2 - құмды саз; 3 - сазды құмтас

4 - құрамында газ бар құмтас; 5 - газ-су шекарасы

6- қабаттың құрамында газ бар бөлігі

7- қабаттың құрамында су бар бөлігі 

 

анықтау  болады.  Егер  өткізгіш  қабатта  сазды  қабыршақ  пайда 



болса,  онда  потенциал-  микрозондпен  (зерттеу  терендігі  10-12  см) 

өлшенген МК мəні градиент - зондпен (зерттеу тереңдігі 4 см) өлшенген 

МК-нің  мəніне  қарағанда  əлдеқайда  жоғары  болады.  Мұндай,  екі 

микрозондпен  өлшенген  МК-нің  айырмашылығы  тек  қана  өткізгіш 

қабаттарда кездеседі жəне мұны болымды (жағымды немесе оң таңбалы) 

айырмашылық 

не 

өсімше 


(положительное 

расхождение 

или 

положительное приращение) деп атайды. Мұндай құбылыс микрозондтың 



табаны мен ұңғыма қабырғасы арасында пайда болған сазды қабыршақтар 

əсерінен  болады.  Егер  ұңғыма  қабырғасындағы  сазды  қабыршақ  қалың 

болса (2 см-ден астам), онда екі микрозондпен өлшенген МК-нің мəні сол 

сазды  қабыршақтың  меншікті  кедергісін  көpceтіп,  өлшенген  қабаттың 

нақты МК-нің мəнінен кем болады. 

Кей кезде (егер р

с



п



) градиент-микрозондпен өлшенген МК мəні, 

потенциал-микрозондпен  өлшенген  МК-нің  мəнінен  көбірек  болуы 

ықтимал,  яғни  тepic  таңбалы  өсімше  (отрицательное  приращение)  пайда 

болады. 


 


 

24

Ұңғыма  ашқан  сазды  қабаттар  үшін  градиент-  жəне  потенциал-



микрозондтармен  өлшенген  МК  мəндері  бірдей  болады,  яғни  айыр-

машылық жоқ. Мұндай сəйкестік сонымен қатар кедергі аса жоғары емес 

өткізбейтін қабаттарға да тəн (алевролиттер, сазды құмтастар,  мергелдер, 

доломиттер, ізбестастар). Жарықшақты тығыз жыныстарда микрозондтар 

табаны  ұңғыма  қабырғасына  тығыз  орналаспауы  салдарынан,  өлшенетін 

МК оң таңбалы жəне тepic таңбалы болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда 

диаграммаларды талдау қиынға түседі. 

Ұңғыманы  резистивиметриялау  деп  оның  бойындағы 

(оқпанындағы) 

сұйықтың 

меншікті 

кедергісін 

ұңғымалық 

резистивиметрия 

аспабымен 

өлшеуді 


айтады. 

Мұндай 


өлшеу 

жыныстардың  көpiнepлiк  меншікті  кедергісінен  нақты  меншікті 

кедергісіне көшу үшін жүргізіледі. 

Ұңғымалық  резистивиметр  əдеттегі  аз  мөлшерлі  каротаждық 

зондпен  бірдей  (электродтар  арақашықтығы  2-3  см).  Yш  сақиналы  А,  М 

жəне N электродтары зонд ішінде орналасқан. Ұңғыма бойымен зондтың 

жылжу  барысында  оның  ішіндегі  құбыр  арқылы  сұйық  кедергісіз  өтеді. 

Өлшеу процесі кедергі əдісімен жүргізілетін электрлік каротажға ұқсайды. 

МК мəні жоғарыда келтірілген (3.7) - формула арқылы есептелінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет