32
мұндағы с =3
⋅
10
8
м/с;
ε
сол
=
ε
/
ε
0
, онда:
z
с
отн
∆
=
∆
ε
ω
ϕ
Сонымен, диэлектрлік өтімділікті анықтау үшін ∆
ϕ
мəнін анықтау
ғана жеткілікті. Əр түрлі жиілікті өрістерді пайдалана отырып, фазалар
айырымы мен өрістердің амплитудалар қатынастарын өлшеу арқылы
диэлектрлік өтімділігін анықтауға болады.
Ұңғымада диэлектрлік өтімділікті өлшеу үшін жоғары жиілікпен
өрістің əр түрлі параметрлерін пайдалану арқылы толқынды диэлектрлік
каротаж жүргізіледі Каротаждың бұл түрі ондаған мегагерц жиіліктерде
фазалар айырымын (∆
ϕ
) өлшеуге негізделген. Анықталған ∆
ϕ
мəні арқылы
палетка көмегімен диэлектрлік өтімділік
ε
п.сол
мəні анықталады.
Толқындық электрлік каротаж аспабының негізгі параметрлері:
жиілігі 60 немесе 43 МГц, өлшенетін параметрі sin (∆
ϕ
/2), өлшенетін
фазалар айырымының өзгеру диапазоны 0-180°. Өлшеу үшін үш элементті
И
l
,0,25И
2
0,75Г зонд пайдаланылады. Өлшеу дəлдігі 2-3° өлшенген sin
(∆
ϕ
/2) мəнінен
ε
п.сол
мəніне ауысу үшін арнайы палеткалар
пайдаланылады.
Бұл əдістің негізгі кемшілігі - кедергісі төмен (4-5 Ом
⋅
м-ден төмен)
жыныстардың диэлектрлік өтімділігін өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар
əдістің тереңдік қабілеті де аз (0,3-0,4 м), сондықтан оның нəтижесіне
фильтраттың сіңу аймағы айтарлықтай əсер етеді.
Диэлектрлік əдістер оқпаны өткізбейтін полиммерлік жəне асбо-
цементтік құбырлармен қапталған немесе өткізбейтін ерітінділермен
(ұңғыма жуатын) толтырылған ұңғымаларда каротаж жұмысын жургізу
үшін пайдаланылады.
Негізгі əдебиет 1 нег. [73-89], 2 нег. [129-149]
Қосымша əдебиет 1 қос. [107-117, 118-127]
Бақылау сұрақтары:
1.
Бүйірлік каротаж (БК) деген не?
2.
МБК-мен қандай мəселе шешіледі?
3.
Индукциялық каротаждың артықшылығы.
4.
ИК-мен не өлшенеді?
5.
БК-да қандай зондтар қолданылады?