8
меншікті электр кедергісін өлшеу арқылы) зерттеу əдісін ұсынды.
1931 жылы Кеңес Одағы геофизика мамандарымен біріге отырып,
«Шлюмберже»
фирмасының
жаңа
«меншікті
поляризация
потенциалдары» атты əдісін практикаға енгізді. Осы əдісті іс
жүзінде пайдалану нəтижесінде ұңғыманың үздіксіз геологиялық
қимасын зерттеуге мүмкіндік туды, ал бұл нəтиже кəсіпшілік
геофизикасының өсіп, дамуына өз көмегін тигізді.
Бұрынғы КСРО аумағында кəсіпшілік геофизикасының
дамуына белгілі ғалым, мұнай геологиясының негізін салушы,
академик И.М.Губкиннің еңбегі мол болды. 1932 жылы КСРО
аумағында кəсіпшілік геофизикасының дала партия сандары басқа
елдерге қарағанда 1,5 есе артық болды. Бұл сол кезде осы əдістің
дамуына аса көңіл бөлінгенін көрсетеді.
ҰГЗ зерттеулерінің саны көбеюімен қатар, бұл салада
техника жəне əдістемелік жұмыстар да қарқынды түрде жүргізіле
бастады. 1931 жылдан бастап ұңғыманың қисаю бұрышы мен
азимутын өлшейтін арнайы инклинометр атты аспап жасалып, іске
қосылды. Құбырларды бұрғылау барысында, оның қисаюы
геологиялық қима тұрғызылғанда есепке алынатын болды.
Ұңғыманы геофизикалық əдістермен зерттеуде электрлік
тəсілдердің үлесі басқа тəсілдерге қарағанда əлдеқайда жоғары.
Кейінгі кезде электр тəсілінің жаңа түрлері іске енгізіліп, олар
мұнай мен газ, көмip, рудалар жəне т.б. ұңғымаларын зерттеуде
кеңінен пайдаланылуда.
1945—1955 жылдар аралығында И.М. Губкин атындағы мұнай
институтында (Москва) кəсіпшілік геофизикасы кафедрасының
ғалымдары ұңғыманы микро деңгейде зерттеу үшін практикаға
бipнeшe жаңа тəсілдер енгізді. 1948 жылы X. Г. Долль электр
əдісінде электромагнит өрісінің айнымалы тоғын зертгеуге негізделген
жаңа индукциялық əдісті практикаға енгізді.
Ұңғыманы радиактивті əдіспен зерттеу жұмыстары 1933—1934
жылдары КСРО аумағында гамма-əдісті сынамалаудан басталды. 1941
жылы белглі физик-ғалым Бруно Понтекорво ұңғыманың қимасын
зерттеу үшін нейтрондық гамма-əдісін пайдалануды ұсынды. 1942
жылы А. И. Заборовский мен Г. В. Горшков жаңа нейтрон-нейтрондық
əдісті практикаға енгізді.
Ұңғыманы термометриялық əдіспен зерттеу 1931-1932
жылдары өнеркəсіп саласында электр термометр пайда болуынан
басталды. Кейін, 1952-1958 жылдары бұл салада жүргізілген талдау-
қорытындылау жұмыстары, ұңғыманы термометриялык зерттеудің
9
тиімділігінің жоғары екендігін дəлелдеді.
Ұңғыманы магниттік əдістермен зерттеу КСРО-де 1934—1936
жылдары басталды. Бip топ ғалымдар ұңғыма бойымен жыныстардың
магниттік қабілеттілігін өлшеу əдісінің маңыздылығын дəлелдеп, бұл
əдісті іс жүзінде қолдана бастады.
1935 жылы С. Я. Литвинов пен Г. Н. Строцкий ұңғыма оқпаны
диаeтpінің өзrepicін өлшейтін жаңа кавернометрия атты əдісті ұсынды.
Акустикалық
əдістердің
ұңғыманы
зерттеуде
кеңінен
қолданылуы XX ғасырдың 50-жылдары басталды. Алғашкы
акустикалық
аппарат
(ұңғыма
қимасы
бойымен
серпінді
толқынның таралу жылдамдығын өлшеу үшін) АҚШ-та, кейіннен
КСРО-да (Жер физикасы жəне ВНИИГеофизика институттарында)
шығарыла басталды.
ҰҒЗ əдісінің өciп дамуымен катар, жер бетінде (ұңғыма
ернеуінде) тipкeyшi геофизикалық аспаптар мен құралдар, ұңғыма
бойымен аспаптарды жоғары-төмен көтеріп-түсіретін қондырғылар да
шығарыла бастады. Алғашқыда, потенциометр атты қарапайым аспап
көмегімен ұңғыма бойымен аралығы 0,5-1 м сайын өлшеулер
жүргізілетін болса, 1932 жылдан бастап жартылай автоматты түрде
(кейіннен толық автоматты) жыныстардың көрінерлік кедергісі мен
меншікті поляризациялық потенциалдарын диаграммаға жазатын
арнаулы тipкeyшi аппараттар құрастырылды.
1950 жылдан бастап өнеркəсіпте ұңғыманы геофизиялық
əдістермен зерттеуге арналған геофизикалық лабораториялар іске
қосылып,
көптеген
өлшеу
жəне
өңдеу
жұмыстары
автоматтандырылды.
Қазірде,
ҰҒЗ-зерттеуі
толық
автоматтандырылған
лабораториялық кешендермен жабдықталып, тіркеу npoцeci сандық
түрде жүргізіледі. Алынған мағлұматтарды өңдеу процесі бірден сол
лабораториялық кешенде жүргізіліп, нəтижелері жедел талданады.
Негізгі əдебиет 1 нег. [4–10]
Қосымша əдебиет 1 қос. [7]
Достарыңызбен бөлісу: