География 10-сынып ІІІ-нұсқа 1. Бір уақыт кезеңдері бойынша салыстыру әдісі А) баламалау
В) диахронды
С) синхронды
D) электронды
2. Салыстырмалы жертану туралы идеялар" аттй әйгілі еңбектің авторы кім? А) А. Гумбольт
В) К. Риттер
С) Птоломей
D) Ш. Уәлиханов
3.География ғылымында алғаш рет ХІХ ғасырда салыстыру әдісін қолданған ғалым А) Ш.Уәлиханов
В) К.Риттер
С) Птоломей
D) А.Гумбольт
4. Математикалық зерттеу әдістері қарқынды ене бастады А) жер тану ғылымдарына
В) биология ғылымдарына
С) геология ғылымдарына
D) география ғылымдарына
5. Жер серіктерден жер бетін суретке түсіру үшін ең ұтымды биіктік А) 300-2000 км
В) 150-300 км
С) 200-1500 км
D) 1000 км
6. Географияның математикалану себептері А) бір нысанның қасиеттері мен көрсеткіштерін диахронды түрде салыстыру
В) зерттелетін нысандардың, құбылыстар мен үдерістердің белгілерін анықтайды
С) сандық деректер арқылы географияның зерттеу нысаны неғұрлым дәл сипатталад
D) географиялық нысандардың жаратылысы мен қасиеттерін , құрылымы туралы жаңа деректер алып, қорытындылар жасауға болады
7.Мониторинг әдістері ..... бөлінеді: А) атмосфера,литосфера әдістері
В) ғарыштық,ЖҚБ әдістері
С) әуе-ғарыштық ,жер беті әдістері
D) физикалық-химиялық әдістері
8.Карта ,план және сызба бетіндегі ирек иілген сызықтар бойымен (шекараны) қашықтықты анықтайтын құрал: А) транспортир
В) палетка
С) планиметр
D) курвиметр
9. Өзгермелі жүйелердегі кіріс пе шығыс арасындағы тәуелділіктерді есептеу арқылы талдау жасауға, болжауға мүмкіндік беретін әдіс А) рангтерге жіктеу
В) теңгерім
С) сараптау
D) коррекциялық талдау
10.География ғылымы қаншаға бөлінеді: А) 3
В) 2
С) 5
D) 4