География пәні
9 сыныпқа арналған тапсырмалар
А бөлімі
(бір ғана жауапты қажет ететін тапсырмалар)
1 -суретте берілген Қазақстанның физикалық картасына мұқият қараңыз.
1. 1-суретте белгіленген Қазақстанның жер бедерінің атауын анықтаңыз.
A) Торғай үстірті
B) Бетпақдала
C) Батыс Сібір
D) Каспий маңы
-
[1]
2. Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп саласын анықтаңыз.
A) мұнай өндіру
B) машина жасау
C) мал шаруашылығы
D) егін шаруашылығы
-
[1]
3. Жер бетіндегі барлық элементтер .......... деп аталады.
А) топонимдер
B) номенклатура
С) хоронимдер
D) географиялық нысандар
-
[1]
4. Дромонимдерді көрсетіңдер
А) Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы, Абай көшесі
B) Орынбор-Ташкент темір жолы, Көкшетау-Нур-Султан тас жолы
C) Солтүстік Қазақстан облысы, Ақтау
D) Каспий теңізі, Нұра
-
[1]
5. Энциклопедист-ғалым Әл-Фарабидың туған қаласы
A) Отырар
B) Сауран
C) Тараз
D) Сарайшық
-
[1]
6. Ауа массаларының негізгі түрлерін анықтаңыз.
A) арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық
B) қоңыржай, тропиктік, арктикалық, субтропиктік
C) тропиктік, субэкваторлық, экваторлық, арктикалық
D) субарктикалық, қоңыржай, субэкваторлық, экваторлық
-
[1]
7. Оңтүстік Американың жағалауындағы теңізді көрсетіңдер
A) Гренландия
B) Кариб
С) Белинсгаузен
D) Андаман
-
[1]
8. Қала тұрғындарының демалысына арналған территорияны анықтаңыз.
A) селетибті
B) рекреациялық
C) санитарлық қорғаныс
D) коммуналдық-қоймалық
-
[1]
9. Мұнай экспорттаушы елдерді анықтаңыз.
A) АҚШ, Бразилия
B) Қытай, Үндістан
C) Ливия, Венесуэла
D) Малайзия, Сингапур
-
[1]
10. Қалпына келмейтін табиғат байлықтары –
A) Күн энергиясы
B) минералды ресурстар
C) су ағыны
D) жел энергиясы
-
[1]
B бөлімі
(екі немесе одан да көп жауапты қажет ететін тапсырмалар)
16. Шөл зонасының қорықтарын атаңдар.
A) Марқакөл
B) Наурызым
C) Батыс Алтай
D) Қаратау
Е) Үстірт
-
[2]
2 -суретте берілген атмосфераның ғаламдық циркуляциясының сызбасына мұқият қараңыз.
17. Суретті қолданып, жоғарғы қысым аймақтарын анықтаңыз.
A) арктикалық
B) қоңыржай
C) тропиктік
D) экваторлық
Е) антарктикалық
-
[2]
3-суретте берілген Сырдария өзеннің гидрографына мұқият қараңыз.
18. Суретті қолданып, Сырдарияның ең жоғары су көлемі байқалатын айларды анықтаңыз
A) наурыз
B) сәуір
C) қыркүйек
D) мамыр
Е) желтоқсан
-
[2]
19. Дала зонасының сипаттамасын анықтаңыз.
A) Шілденің орташа температурасы +22, +24 градус, қаңтар -14, -16 градус
B) Табиғат зонасының ел аумағынан алып жатқан үлесі – 27%
C) Жайық, Сарысу, Торғай өзендері ағып өтеді
D) Ормансыз табиғи зона, жыртылмаған жерлерде шөптесін өсімдіктер басым
Е)Қазақстанның ең ірі құсы – дуадақ, ең кіші әдемі ақбас тырна мекендейді
-
[2]
20. Қазақстан Каспий теңізі арқылы шектесетін мемлекеттерді атаңдар:
A) Грузия
B) Армения
C) Әзірбайжан
D) Ирак
Е) Иран
-
[2]
С бөлімі
(мәтінмен және картамен жұмыс тапсырмалары)
21. Республика жерінде ылғалдылық мөлшері жауын-шашынға ғана емес, булану мөлшеріне де байланысты. Адамның шаруашылық әрекетіне кері әсер беретін
қауырт атмосфералық құбылыстар болып тұрады. Мұндай құбылыстарға үсік,
көктайғақ, шаңды дауылдар жатады.
Буланушылық 1200 мм, жауын-шашын 151мм болса, ылғалдану коэффициенті:
A) 0,15мм
B) 0,14мм
C) 0,13мм
D) 0,12мм
___________________________________________________________________________[1]
4-суретке назар аударыңдар.
22. Мұхитқа шыға алатын елдерді атаңдар
A) Польша, Чехия, Франция
B) Норвегия, Венгрия, Австрия
C) Германия, Дания, Сербия
D) Испания, Литва, Украина
___________________________________________________________________________[1]
23. Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі - Күн. Бірақ күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп
кетеді де, оны тікелей қыздырмайды. Күн сәулелері алдымен жер бетін қыздырады,
содан кейін жылу ауаға таралады. Сондықтан ауаның жер бетіне таяу қабаты
көбірек жылынады да, биіктеген сайын температура төмендей береді.
Берілген кесте бойынша жылдың орташа температура шамасын анықтаңдар
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
-14
|
-12
|
-7
|
+3
|
+12
|
+16
|
+17
|
+15
|
+8
|
+2
|
-7
|
-12
|
A) 1,90 С
B) 1,50 С
C) 1,70 С
D) 20 С
___________________________________________________________________________[1]
24. Турист Еуропа елдеріне саяхатқа шықты. Ұшаққа отырған кездегі уақыт пен қонған
кездегі уақыттың айырмашылығын есептегенде, ол өзі білмейтін көп жағдайлар бар екеніне көз жеткізді.
5-суретті мұқият қараңдар.
Алматы қаласынан сағат 17:00-де ұшқан ұшақ 3 сағаттан соң Мәскеуге, тағы 3 сағаттан соң Лондонға келіп қонды. Ұшақтың Лондонға келіп қонған кездегі уақыты:
A) 11:00
B) 12:00
C) 13:00
D) 14:00
___________________________________________________________________________[1]
25. Мектеп оқутшылары жергілікті жер табиғатына саяхат жасап жүріп, көздеген бағыттарынан жаңылып қалды. Айналаны бағдарлау және азимут арқылы жол тауы баратын бағыттарын анықтауға тырысты.
Түнде жолдан адасқан жолаушы Темірқазық жұлдызына қарама-қарсы бағытта жүрсе, баратын бағыты:
A) солтүстік
B) оңтүстік
C) шығыс
D) батыс
___________________________________________________________________________[1]
6 -суретті мұқият қараңыздар.
26. Қазақстан территориясын Кеңес өкіметі тұсындағы ең мықты географтардың бірі, экономикалық географияның негізін салушы Николай Николаевич Баранский 5 экономикалық ауданға жіктеді.
Мақта өсіретін фермерлер, тазарту, өңдеу зауыттары, тоқыма және тігін фабрикалары молынан орналасқан экономикалық аудан
A) солтүстік
B) оңтүстік
C) шығыс
D) батыс
Е) орталық
___________________________________________________________________________[1]
27. Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің барлығы дерлік бар.
1899 ж. еліміздегі ең алғашқы ашылган мұнай кен орны:
A) Қаржыра
B) Жетісай
C) Доссор
D) Мұнайшы
___________________________________________________________________________[1]
Үлгісі: Астана мен Қарағанды қаласының арасы 172 км болса, масштабы 1: 4 000 000 болатын картада арақашыктығы қанша болады ? 172 км : 40 (00000) = 4,3 см Жауабы: Картаның арақашықтыгы 4,3 см
28. Екі елді мекеннің ара-қашықтығы 300км. Картадағы масштаб 1: 7 500 000. Картадағы елді мекеннің арасы неше сантиметр болады?
A) 6 см
B) 3,8 см
C) 4 см
D) 5 см
___________________________________________________________________________[1]
7 -суретпен жұмыс жасаңдар.
6-сурет
29. Батыс Сібір жазығының Қазақстан шекарасымен өтетін өзендерін атаңдар.
A) Таз, Пур
B) Қатын, Елек
C) Тобыл, Есіл, Ертіс
D) Обь, Ертіс
___________________________________________________________________________[1]
8-суретпен жұмыс жасаңдар.
30. Карта бойынша Қазақстан жеріне енетін Тянь-Шань жоталарын атаңдар.
A) Қаратау, Қырғыз Алатауы, Таллас Алатауы
B) Шатқал жотасы, Теріскей Алатауы
C) Кетмен жотасы, Күнгей жотасы, Іле Алатауы
D) Қаратау, Күнгей жотасы, Теріскей жотасы
__________________________________________________________________________[1]
ОрталықТянь-Шань:Теріскей Алатау;
Солтүстік Тянь-Шань: Ұзынқара(Кетпен) жотасы, Күнгей Алатау; Іле Алатау,Шу-Іле таулары, Қырғыз Алатау;
Батыс Тянь-Шань: Талас Алатау,Өгем, Піскем, Қаратау
Достарыңызбен бөлісу: |