«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 10 сынып



бет2/12
Дата14.11.2022
өлшемі1,5 Mb.
#50032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
«География» п нінен то сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан сп

Ойлау дағдыларының деңгейі


Ойлау дағдыларын ың деңгейі

Сипаттамасы

Ұсынылған тапсырма түрі

Білу және
түсіну

Геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіреді. Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді.

ҚЖ-Қысқа жауапты
қажет ететін тапсырмалар

Қолдану

Зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді, картографиялық зерттеулер әдістерін, салыстыру әдістерін қолданады. Microsoft Excel бағдарламасының қолданысымен тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастырады, геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын графикалық түрде кӛрсетеді, дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша топтастырады, ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін сипаттайды, геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді,

ҚЖ - Қысқа жауапты
қажет ететін
тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты
қажет ететін тапсырмалар




дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша топтастырады, дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктейді, негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтайды, дүниежүзінің тарихигеографиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсынады, кӛрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін кӛрсетеді(таңдау бойынша), елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды сипаттайды (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында), адамзаттың дамуындағы проблемаларын жіктейді.




Жоғары деңгей дағдылары

Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін анықтайды және графикалық түрде ұсынады, табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға береді , экологиялық таза ӛндірістік жобаларды ұсынады, геосфералардың ластану деңгейін анықтайды, себеп-салдарын зерттейді, табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастырады және графикалық түрде ұсынады, табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсынады; Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастырады, дүниежүзілік шаруашылықтың заманауи салаларын орналастыру факторларын сипаттайды; дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдайды, геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру; мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдайды, дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саясигеографиялық, геосаяси аудандарға бӛлінуін түсіндіреді, дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын кӛрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіреді, ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын анықтайды және топтастырады; ғаламдық проблемалардың аумақтық кӛріністерін анықтайды.

ТЖ - Толық жауапты
қажет ететін тапсырмалар



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет