Ендік зоналық пен биіктік белдеулік заңдылықтары
Географиялық зоналылық – Жер бетінде ландшафттардың таралуының негізгі заңдылығы,ол табиғат
зоналарының бірқалыпты ауысуына негізделеді, ал бұл ауысым ендік бойынша Күн сәулесінің түсу бұрышының
әр түрлілігі мен ылғалдану мөлшерінің әр түрлі болуына байланысты. Географиялық зоналыққа атмосфера,
гидросферадағы процестер мен жер бедері қалыптасуының экзогенді процестері, топырақтың қалыптасуы,
биосфераның қалыптасуы мен өзгеруі жатады.
Биіктік белдеулік – абсолютті биіктік өскен сайын тауларда табиғат жағдайлары мен ландшафттардың
өзгеріп отыруы.
Биіктік белдеулікке биіктеген сайын клматтың өзгеріп отыруы әсер етеді: биіктеген сайын температура
мен қысым төмендейді. Биіктік белдеулік геоморфологиялық, гидрологиялық,топырақтүзуші процестер, өсімдік
және жануарлар дүниесінің құрамының өзгеруімен қатар жүреді.
Биіктік белдеулер ландшафттары жазықтағы табиғат зоналарына ұқсас және бір-бірін сондай ретпен
алмастырады. Жазықта ұқсас зоналары жоқ биіктік белдеулері бар
.
Дерек көзі:
http://geography-ege.ru/zakon-shirotnoj-zonalnosti-i-vysotnoj-poyasnosti
|