Жоңғар Алатаудың табиғат зоналары
Жоңғар Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы
өткел қызметін атқарады. Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде
далаға тән ландшафт қалыптасқан. Таудың биіктік белдеулері шөлейт зонадан (500–600 м-
ден 1200–1400 м-ге дейін) басталады. Одан жоғары дала зонасы (1200–1400 м-ден 1800–
2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жаруарлардан бұғы,
аю, елік т.б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі
солтүстікте 2200–2400 м-ден, оңтүстікте 2400–2500 м-ден жоғары басталады. Онда
субальпілік шалғындар, омбы қарлар, мұздықтар кездеседі. Жануарлар дүниесінде
алтайлық және тянь-шаньдық түрлер көп. Олар да зоналық заңдылық бойынша тараған.
Қолданған сілтеме
http://qazaqstan3d.kz/kz/place/view?id=27
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі