Географиялық ғылымның даму кезеңдері мен үрдістері Жандуллаева Ақмарал Нажматдинқызы


XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы ғылыми экспедициялар мен теориялық ашылулар



бет5/5
Дата31.12.2021
өлшемі22,2 Kb.
#21407
1   2   3   4   5
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы ғылыми экспедициялар мен теориялық ашылулар: XIX ғасырдың аяғында Ресейде B.В. Докучаев комплексті физгеографиялық зерттеулердің негізін қалап, бұл зерттеулердің міндетін халық шаруашылығы мәселелерін шешумен байланыстырды. География өзара байланыстылықты тануға А. И. Воейков зор үлес қосты. XX ғасырдың басында Л. С. Бергтің, А. А. Борзовтың т. б. еңбектерінде ландшафт туралы ұғым қалыптастырылды. Географиялық ғылыми зерттеулердің дамуына Орыс географиялық қоғамы (1845) үлкен еңбек сіңірді. 19 ғасырдағы және 20 ғасырдың басындағы экспедициялар Азияның бұрыннан беймәлім ішкі аймақтарын (П. П. Семенов-Тян- Шанский, Н. М. Пржевальский, Г. Н. Потанин), Жаңа Гвинеяны (Н. Н. Миклухо-Маклай) зерттеді, Антарктиданы (Ф. Ф. Беллинсгаузен, М. П. Лазарев) ашты.

География өзінің одан әрі даму сатысында (XVIII ғ.) геологияға, XIX ғасырдың I жартысында экономикалық (алғашында “статистикалық”) және физикалық географияларға жіктелді. Географияның зерттеу объектілері мен тәсілдері күрделене түсіп, XX ғасырдың басында география ғылымдарының жүйесін қалыптастырды.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б.пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

•География және табиғат: Ғылыми-педагогикалық журнал: 2004-2005. Қазақстан: Ұлттык Энциклопедиясы: 1-7 томдар. Алматы, 2004.



• Природа и люди: Москва, Просвещение, 1971.
• Смайлов С.: География: Оқушы анықтамасы. Павлодар, 2005.
•  Яцунский В. К. Историческая география: История её возникновения и развития в XIV—XVIII вв.. — М.: Изд-во АН КСРО, 1955.
•  Багров Лео. История картографии. — М., Центрполиграф, 2004.
•  География. Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы 2007 ISBN 9965-9783-7-9

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет