Географиялық ғылымның даму кезеңдері мен үрдістері Жандуллаева Ақмарал Нажматдинқызы



бет1/5
Дата31.12.2021
өлшемі22,2 Kb.
#21407
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Статья


Географиялық ғылымның даму кезеңдері мен үрдістері

Жандуллаева Ақмарал Нажматдинқызы

Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университет студенті

akmaral.zhandullaeva@mail.ru , +7 705 700 7391



Аннотация

Мақалада география тарихының дамуының негізгі кезеңдері мен үрдістері талқыланады. Жалпы география теориясының құрылуының күрделілігіне тоқталады. Географияның ғылым ретінде қолданылуы айтылады. ХХ ғасырдан басталатын шетілдік география туралы сипатталады. География ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбегі ұсынылады. Географияның басқа ғалымдардан ерекшелігі айқындалады.


Кіріспе

География — өте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған.

Географиялық алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті.

Б.з.б. 6 ғасырда географияда екі бағыт:

• жалпы жертану (негізін Аристотель қалады) және

• елтану (Геродот) айқындала бастады.

Содан бері География өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет