Географияны оқыту процесіндегі қолданылатын технологиялар



бет3/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#18689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Акпарат технология Айнабаев с-б

Тақырыптың өзектілігі. Қоғамды ақпараттандыру – бұл глобалды әлеуметтік процесс, өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептеуіш техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми, өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын, қоғам өндірісінің барлық саласының дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік ақпараттық технологияларын интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі, қоғамның кез келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін ақпаратты визуалдау, пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық жүйенің қандай да бір саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға қолайлы болатын, ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық ақпараттық жүйелерді пайдалану, қоғамды адамтершілікке және демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін көтереді.

Қоғамды ақпараттандырумен байланысты өтетін процестер тек қана ғылыми – техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен адамның қызметінің барлық түрлерін интеллектуалдауға әсер етіп қана қоймай,  сонымен қатар индивидтің шығармашылық потенциалының дамуын қамтамасыз ететін социумның сапалы жаңа ақпараттық  ортасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттану процесінің басты бағыттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық, педагогикалық мақсаттарын дамытуға бағытталған білімді ақпараттандыру – бұл білім саласын методология, зерттеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияларды (НИТ) оптималды пайдалануды қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс ғылыми – педагогикалық ақпараттардың автоматтандырылған мәліметтер базасы ақпараттық - әдістемелік материалдар, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде білім жүйесін басқару механизмін жетілдіру; қазіргі заманғы ақпараттандыру кезеңінде оқитын жеке адам дамуы мәселелеріне сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен ұйымдастырушылық формасының мазмұны стратегиясын іріктеу мен методологисын жетілдіру; білімтерлердің интеллектуалды потенциалының  дамуына, білімді өз бетінше алуды қалыптастыру, ақпараттық оқу, эксперименталды – зерттеу қызметін жүзеге асыру, ақпаратты өңдеуде әртүрлі жеке әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйелерін жасау; оқушы білімінің деңгейін бағалау  мен бақылауды жүзеге асыратын компьютерлік тестілеу әдістемелерін жасау және пайдалану. Өндіріске автоматтандырылған жүйелерді, программалық басқарудың микропроцессорлық құралдар мен құрылғылар, роботтар және өңдейтін орталықтарды ендіруге негізделген ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қазіргі заманғы педагогикалық ғылым алдына маңызды мақсат қоюда – ақпараттандырумен байланысты қазіргі заманғы қоғам дамуының жаңа сатысына белсенді түрде қатысатын жас ұрпақты тәрбиелеу және дайындау. Жоғарыда айтылған мақсатты жүзеге асыру – қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау – түбегейлі түрде оқу орындарының перифериялық құрылғылары, оқу, демонстрация құрылғылары бар электронды есептеуіш техникасымен қамтамасыз етілуіне байланысты .

Қоғамның еңбекке жарамды халқының жоғары кәсіптік бөлігінің интеллектуалды қызметінің өнімі болып табылатын, ақпараттық ресурстарды барлық жерде пайдалану, жас ұрпақтан творчес белсенді резервті дайындау қажеттілігін анықтайды. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану оқыту дамытудың, оқушының жеке дамуына әсері мол. Сонымен қатар индивидтің шығармашылық потенциалын дамыту, оқушының өз қызметінің нәтижесін талдай білуін қалыптастыру, қойылған мақсаттарына жетудің жолдары мен әдістерін таңдау стратегиясын жасау болып табылады.

Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда. Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет