Географияны оқыту процесіндегі қолданылатын технологиялар


Географиядағы ақпараттық технология элементтеріне талдау



бет14/21
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#18689
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Акпарат технология Айнабаев с-б

2.3 Географиядағы ақпараттық технология элементтеріне талдау

Жаңа қоғамдағы негізгі стратегиялық фактордың өмір сүруі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы ғылыми және практикалық тапсырмаларды орындауда бәрімізге жақсы белгілі. Ақпараттық қоғамға өту ақпараттардың көшкін бейнелі көлемінің өсуімен сипатталады. Өте қарқынды дамып отырған ақпарат технологияларын география ғылымының көптеген салаларымен маңызды мәселелерін қамтиды.

Болашақта ақпараттардың құрылымы жан-жақты болуы керек.

• Ғылымдық ойлау жүйесі, адамға кейбір қоғамдық мәселелермен табиғи құбылыстарды шешуде көмектеседі.

• Конструктивтік бейнелі ойлау - әр түрлі саладағы маманданған адамның қарым – қатынасының әмбебап әдісі.

• Кең көлемде ойлау, қоршаған ортаны әр түрлі бейнеде бірдей қабылдау. Геоақпараттық технология үлгілерін білімде қолдану келесі білім салаларында қолдануға болады.

• Базалық ақпараттар білімінде;

• Географ – студенттердің жоғарғы мамандық білімінде;

• Жоғары маманданған, білімді, жүйелі аналитиктер, информатиктер және программистер дайындауда;

• Мамандарды қайта дайындаудағы білімде;

• Білімді басқаруда.

Ақпараттық технология табиғи және әлеуметтік – экономикалық геожүйелерді мәліметтер базасымен білім базасын пайдалана отырып, компьютерде үлгілеу арқылы зерттейді. Сонда осы жұмыстарды атқару үшін, бірінші геоақпараттық жүйелер құрылады.

Геоақпараттық жүйе негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байланыстыру, тарату және көрсетіліп жатыр.

Геоақпараттық жүйе қазіргі маңызды мәселелерді шешуде:

• Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;

• Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық обьектілермен байланыстыру;

• Мәліметтердің карта, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;

• Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;

• Басқару мен шұғыл шешімдерде қолғабыс беру;

• Мәліметтердің түрлі ақпараттық көздерін біріктіру;

• Өзге техникалық ақпараттық жүйелермен қарым – қатынас т.б.

Геоақпараттық жүйе құрылымы төмендегідей 4 міндеттемеден тұрады:

• Картадан алынған кеңістіктегі тапсыпмаларды өңдеумен барлап білу және енгізуді қамтамасыз ету немесе мәліметтерді енгізу;

• Сақтау және іздеу. Талдануға тиісті мәліметтерді шұғыл алу, олардың маңыздылығын дәлелдеп түзету;

• Талдауды жасау және өңдеу. Есепті шұғыл түрде шешу;

• Мәліметтерді әр түрде бейнелеу ( карта, кесте, сурет, диаграмма блогы, жергілікті сандық үлгі т.б.)

Геоақпараттық жүйені қолдану негізінде біз кеңістіктегі көп мөлшерлі мәліметтерді, сандық карталарды қолдану арқылы бір уақытта талдау жүргізуге мүмкіндік береді және экологиялық болжаммен табиғи ортаға әсердің кешенді бағалау процедураларын оңайлатып, аномалияларды жедел түрде анықтап, оларды жоюға арналған қажетті шараларды ұйымдастыруға көмектеседі.

Геоақпараттық жүйе географиялық қолдануларында және оның практикасы кезінде ыңғайлы,ақпараттық өңдеулер мақсатындағы мәліметтерді жинау, беру, нәтижелеу және өңдеуде іске асатын техникалық және ұйымдастыру тәсілдерінен тұрады. Сонымен қатар физикалық-географиялық мәселелерді шешуге белгілі бір мүмкіндік береді:ландшафтардың морфологиялық құрылымын зерттеуге, физикалық-географиялық аудандастыруды жасауға және т.б. сол сияқты.

Қазіргі уақытта кейін түскен ақпараттарды өңдеуде көптеген техникалық құралдар қолданылады. Оларды бағдарламалық-техникалық құралдар деп атайды [14].

ЭЕМ – ге географиялық ақпараттар түрлі құралдардың көмегімен енгізіледі,мысалы мәтіндік және кестелік ақпарат кіргізу үшін алфавитті – сандық клавиатуралар  керек. Ал графикалық ақпаратты жүргізу екі түрге бөлінеді: автоматтық (сканерлік) және жартылай автоматтық (цифроваторлар). Сканердің көмегімен автоматтық енгізуде дәл картографиялық ақпараттарды кіргізуге болады. Сондықтан қазіргі кезде мынадай құралдар пайдаланылады:кестелік принтерлер, түрлі-түсті басылым құралдары, графикті – құрылымдық плоттерлер.

Мәліметтерді шығарып алу үшін дисплей қажет, ол пайдаланушымен диалог режимін орнатуға мүмкіндік береді. Геоақпараттық жүйеде ақпараттық массивтерді мәліметтер базасына біріктіреміз, оған тек мәліметтер базасын басқару жүйесін (  МББЖ) жасау арқылы шығуға болады.

Мәліметтер базасы пайдаланушыны ақпаратпен қамтамасыз етеді және геоақпараттық жүйе үлгілер жүйесін тұрақтандырады.

Үлгілер коэффициенттері алдын ала белгіленген жоба бойынша орындалады. Әр түрлі жедел карталардың үлгілеу нәтижелерінің шығарылуы түрлі геоэкологиялық жағдайлардың үлгілену көрнектілігін арттырады, түбегейлі бақылау және бағалауға мүмкіндік береді.

Мәліметтер базасының құрылымы әр түрлі қағидалардан құралады. Мысалы: ақпараттық иерархиялық түрде ұйымдастырылуы белгілі бір аймақты алады. Олар:ландшафт, қоныс, фация.

Географиялық зерттеулерде ақпараттық технологияны пайдаланады. Ақпараттық технологияның кезеңдерінде геоақпараттық жүйені құру және пайдалану келесі сатылардан тұрады:алғашқы мәліметтер жинау, мәліметтердің кіруі және сақталуы, оларды талдау, жобалар хабарламалық кезеңдердің   технологиялық қабылдануы, географиялық мәліметтердің өңделуі және шешім қабылдау [15].

Алғашқы мәліметтер жинау.    Геоақпараттық жүйеге келіп түсетін ақпараттардың көзі әр түрлі болуы мүмкін: Экспедициялық тәжірибелердің нәтижелері (карталар, күнделік жазбалар, кешендік суреттеу бланкілері), кескіндеу мәліметтері т.б. әр кезеңдегі тәжірибелердің байқауы бойынша түскен ақпараттың ең басты талабы – сол мәліметтерді салыстыру. Мұның қол жеткен табысы – даладағы жиналған мәліметтердің нақты (стандартты) әдістерін пайдалану.

Мәліметтердің кіруі және сақталуы. Жиналған мәліметтерді ЭЕМ – де өңдеуге дайындау керек. Осы қойылған мақсат бойынша алғашқы талдау орындалады. Бұл өзінің қатарына нақтылы мәліметтердің тексерілуін, толықтығын және нақтылығын кіргізеді.

Мәліметтерді талдау. Пайдаланушының сұранысына байланысты мәліметтерді талдауды атқару тәртібі, оның іріктелуі мен ізденісінен басталады. Геоақпараттық жүйе мәліметтік талдаудың мүмкіндігін әр түрлі тәртіпте қолдайды:үлгілік, сараптамалық және      анықтамалық. Қажетті түрде статистикалық мәліметтер орындалады (корреляциялық, регрессиялық, факторлық, дисперсиялық). Ол іріктелудің бірыңғайлылығын айтуға, жіктеулік тапсырманы шешуге көмектеседі.Үлгілік шешімдердің нақтылығы статистикалық критерийді орнатуға пайдаланады.

Мәліметтің жобасы және шешім қабылдауы. Геоақпараттық жүйенің құрылуы, дұрысын айтқанда, ұзақ үдеріс, өзінің құрылуы кезінде көп уақыттың және еңбек қорларын қажет ететін кезең. Сондықтан жаңа геоақпараттық жүйесі ғылыми-тәжірибелік тапсырмаларды шешу үшін ғана емес, сонымен қатар іс жүзіндегі әр түрлі қажеттіліктерді қамтиды.

Географиялық мәліметтер көзі. Географиялық мәліметтердің көзі ретінде географиялық мәліметтердің әр түрлі бейнеде (суреттер, карталар, ғарыштық суреттер, обьектілер координаты, сөздер, күрделі обьектив) болады.

Әлемде кеңінен пайдалануға арналған аймақтық геоақпараттық жүйе үлгісі - “TEXAS  NATURAL  RECOURSES INFORMATION SYSTEM” оның ішінде төмендегідей ақпараттар сақталады:

• Метеорологиялық, оның ішінде ауа алабының ластануы;

• Гидрологиялық, сондай – ақ  су құрылысы және су шаруашылығы мәселелері;

• Топырақ қорлары және жерді пайдалану құрылымы;

• Биологиялық қорлар: жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер және тірі организмдерге адамның әсері;

• Әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік жағдайлар, экономика, сауда, басқару орындары;

• Белгілі бір аудан бойынша картографиялық және геодезиялық аэрофотосуреттер, карталар.

Ғаламдық деңгейдегі геоақпараттық жүйеге мысал ретінде 1990 жылдан бастап 25 жылға жоспарланған халықаралық “Әлемдік өзтеріс” атты геосфера- биосфералық бағдарламаны (МГБД) келтіруге болады. Бұл бағдарламаның мақсаты – жердегі экожүйелерге инвентаризация және мониторинг жасау. Оған кіретін халықаралық және ұлттық геоақпараттық жүйелер саны төртеу. Олар:

GDPP (Global Data base Planning Project) “Әлемдік мәліметтер базасы жобасы” және осыған кіретін:

Мәліметтер базасы қоршаған орта туралы ( WDDES Projegt) ;

Әлемдік ақпаратты – қорлық  мәліметтер базасы (GRID);

АҚШ-тың Ұлттық геофизикалық орталығының NOOA әлемдік қоршаған ортаның сандық атласының жобасы.

GDPP жобасының мақсаты - әлемдік сандық МБ – ны жоспарлау құрылымдау және қазіргі жағдайды бағалау, болашақтағы мәселелерді шешу жолдарын зерттеу болып отыр.

Мектептерде география сабағы бойынша ақпараттық технологияны қолдану, яғни компьютерлік техниканы қолдану болып табылады. Жалпы география пәні бойынша табиғи құбылыстар көптеп түсіндіріледі. Табиғи құбылыстарды компьютерде анимация арқылы көрсетуге болады. Анимация – бұл мультипликацияның дамуындағы осы заманға сай компьютерлік бөлігі. Бұрын мультипликациялық кадрларды қолмен сызса, қазір анимациялар арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бейнелерді ”тірілтіп” (осыдан анимация сөзі шыққан) пішіні, бояуы т.б. өзтертеді.

Менің дипломдық жұмыста жалпы айтайын дегенім осындай ақпараттық технологияның соңғы жаңалықтарын қолдана отырып, мектепте география сабағын қызықты өткізу мақсатым. Болашақ география пәнінің мұғалімі ретінде ақпараттық технология элементтерін үйреніп, алған білімімізді практика жүзінде іске асыру [16].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет