Геологиялық бөлім Кен орын туралы жалпы мәліметтер



бет18/26
Дата07.05.2023
өлшемі0,55 Mb.
#90832
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
ТНХП-2021 курсова (копия)

Стразерс -60/60
Стразерс бу генераторлы құрылғы (АҚШ) қысымы 16,2 МПа 60т/сағ көлемінде ылғал бу өндреді. Ол 600 м дейін жатқан өнімді қабатқа бумен әсер етуге арналған. Құрылғы мұнаймен және газ тәрізді отында жұмыс жасайды.
Құрылғының көлемін және ықшамдылығын ңғайлату үшін ол қосылған жүйе ретінде жасалған. Барлық жабдықтар қондырғының екі жағында орналасқан және өзара толық өндіргіштікті қамтамасыз етеді. Қондырғы монтаж орнында қосылған бірнеше тасымалданбалы блоктан тұрады.
Бу генераторлы құрылғы тік конструкция ретінде беріліп, ілеспелі тогымен ерекшеленеді. Ол барлық құбырларда судың бірқалыпты өтуін және ағынның бұрыс бөлінуіне жол бермейді. Оның артықшылығы мұндай конструкция жүктемелер әсерінен бұзылмай құбырдың жанып кету мүмкіншілігін туғызбайды.
Бу генератор 3 бөлімнен тұрады: радиациялық бөлігі, шокты құбыр бөлігі және конвективті бөлігі(пеш), ортақ шокты конвективті бөлігі.
Радиантты бөлігінің жылыну беті диаметрі 104 мм цилиндр тәріздес құбырлар. Радиантты бөлікте Қайнаған орта ілгермелі-айтпалы қозғалыстар цилиндр бойымен жасайды.
Төменде қондырғының кейбір сипаттамалары берілген.
Бу генераторының номиналды өндіруі т/сағ 76,5
Будың ұңғыға жіберілуі, т/сағ 59,5
Будың номиналды қысымы, МПа 6,08
Құрғақтылық коэффиценті, % 80
Қоректендіруші су температурасы, 0С 104,4
Өтпелі газдардың температурасы, 0С 204
Бу генераторының, % мұнай/су 89
Отын шығымы, кг.у.т/сағ 5964,2
Орнатылған электр қуаты, кВт 1077
Қондырғы массасы 257
Сыртқы ауа температурасы наружного воздуха 40С төмен болған жағдайда, ол арнайы автоматтандырылған жылытқыштарда жылытылып, жану камерасына беріледі.
Бумен әсерді жүргізу
Жоғары тұтқырлығы мұнай кездесетін кен орындарды игергенде, Қабаттың мұнай бергіштігін арттыру мақсатында негізгі роль жылу әдістеріне беріледі, қабатқа ыстық су айдау, бу айдау және қабат ішінен ылғал жандыру.
мұнайды қабаттан ығыстырғандағы жағымсыз факторлардың бірі ол мұнай мен су тұтқырлығының қатынасы. μ= μмс Мұнай мен су тұтқырлығы температура өсуімен әр түрліше төмендейді. Мысалы: суды 40 тан 1000С қайнатқанда оның тұтқырлығы 2 есе азаяды, ал аз тығыздықтағы мұнайда бұл параметр 5-10 есе, ал ауыр мұнайлардың тұтқырлығы 30-50 есе азаяды.
Температураның өсуі жағымсыз қатерлерге алып келуі мүмкін, мысалы сазды қабатқа ыстық су немесе бу айдау кезінде. Бұл жағдайда саздың ісіну қарқындылығы өседі. Ол өздігінше су фильтрациясы кезіндегі бастапқы градиент пайда болуына әкеледі(немесе шамасының өсуіне), бұдан ұңғы қабыдағыштығы азаяды.
Барлық термиялық әдістер ішінен бүгінгі таңда ең зерттелгені және қолданатыны – бу және ыстық су айдау.
Мұнайды жылу тасымалдағыштармен ығыстыру арқылы процесстердің негізгі параметрлерін қарастырайық. Ыстық суды немесе буды қабатқа айдаған соң жылынған аймақ пайда болады. Жылу әдістер әсері жылынған аймақ ауданымен сипатталады, ол өздігінше, көптеген факторлардан әсіресе шоғырдың геологиялық құрылысынан және жылутасымалдағыш қасиеттеріне тәуелді. Сол себепті қабаттың брдей жағдайлаларында айдалған ыстық судың жылыту аймағы азырақ болады. Себебі будың жылу қаылдағыштғы ыстық судікінен көбірек.
Қабатқа жылу тасымалдағышты айдағанда мұнайды ығыстыру 3 кезңнен тұрады.

  • Жылу әсері тимеген аймақта, қабат темпераиурасы кезінде мұнайды сумен ығыстыру.

  • температураның бастапқы қабаттағыдан будың қанығу қысымына дейін өзгергендегі мұнайды ытық сумен ығыстыру.

  • бу аймағында мұнайды бумен ығыстыру.

Ыстық суды айдағанда қабатта тек алғашқы екі ығыстыру сатысы өтеді.
жылутасымалдағышты таңдаған кезде будың жылусақтағыштығы судікінен едәуір көп екенін ескеру керек.
Бірақ қысым көбейген сайын бұл айырмашылық азаяды, яғни өнімді қабаттың тереңдігі өсе келе будың артықшылығы төмендей түседі. Сондықтан жылу тасымалдағышты анықтау шоғырдың нақты геологиялық жағдайларымен және әдіс қолдану амалдарын қолданып табу керек. Әрине будан терең емес кен орындарда игеру кезінде бу айдау әдісін қолданған тиімдірек.
Жылутасымалдағышты таңдауға сонымен қатар жылу айдалу көзінен қабатқа дейін айдалу кезіндегі жылу жоғалту параметрі де жатады. Ыстық су айдау кезінлегі жылу жоғалту бу айдағандағыдан көбірек.
Қабатқа жылумен әсер ету кезіндегі жылу жоғалтуды төмендететін қажетті техника ұйымдастырушы шараларды жасамаса қабатқа бу айдау процессі ыстық су айдау процессіне айналып кетуі мүмкін. Оның үстіне ол процессті қымбаттатып, әсерін азайтады.
Жылу жоғалту көбінесе жылу тасымалдағышты айдаудың технологиялық схемасымен анықталады. Негізінен олар жылу генераторлардан бу тасымалдаушылардың(ұңғы мен жылу көзін қосатын) ұңғы сағасының және жынысты жыытуға кететін жылытулар қосындысынан тұрады.
Жылу генераторлы қондырғыдағы жылу жоғалтулар олардың пайдалы әсер коэффицентін анықтайды. Қазіргі қондырғыларда оның мөлшері 80%. Жер үстінде жылу жоғалту белгілі бір нақты жағдайларға тәуелді және негізінде ол жылу құбырының 100 метріне 105 кДж/тәу.
Айдау ұңғылардағы жылу жоғалту қабатқа жететін қабатқа жететін жылу мөлшерін анықтайды. Ол тереңдеген сайын жоғалтулар көбее түседі.
Қарастырылған жылытулардың жоғалтулары технологиялық сұлбада жылтқыш берілуінің ұңғы түбіне дейін жетуі жатады. Ең ауқымды жоғалтулар негізінен қабат ішінде болады. Жылу тасымалдағыштың қабатта қозғалысы кезінде жылу ең алдыменен қабатты флюидтермен қанықтыратын(су, мұнай, газ) тау жынысына беріледі. Кейін өнмді қабаттың жабыны мен табанына таралады.
Бұл жоғалтулар көп факторларға тәуелді, бірақ ең алдыменен қабат жүйесінің бастапқы темературасынан, жылу тасығыш температурасынан және айдау жылдамдығына тәуелді.
Жылу айдау әсерінің басты ерекшеліктерінің бірі жылу фронты мен мұнайды сумен ығыстырушы фронтының айырмашылығы. Бұл мұнайды сумен ығыстырудағы температура қабат температурасына жақын кездегі аймақтың пайда болуына әкеледі.
Қабатқа бу айдау кезінде жылынған учаске 2 аймақтан бу және ыстық су аймағынан тұрады. Бұл кезде ыстық су айдағандағыдай, жлу фронты су айдау фронтының артында қалады.
Тұтқырлығы үлкен мұнайы бар кен орындарды жылу әдістеріменен игергенде, ұңғы торын таңдау ерекше талап сұрайды. Мұнайдың үлкен тұтқырлығы техникалық құрылғылардың шектелуі ұңғы торының сирек түрін қолдануға(20-40 га) мүміндік бермейді. Сондықтан бумен ығыстыру кезінде шамалап ұңғылардың тығыз торы қолданылады. Қаражанбас кен орны үшін 1-2 га/ұңғы.
Бу мен өңдеу кезінде бу генераторларын, бу өткізгіштіктерді, сағалық арматураны, ұңғылардың тығыз торын қолданады.
Бу генераторларына қойлатын талаптар: қабатқа айдалатын будың көлемі мен сапасын қамтамасыз етіп тұру, генеаторлардың беріктілігі мен ұзақ пайдаланатындылығы, бақылау, қадағалау және жұмыс жасаудың автоматизациялануы, тасымалдаудың және монтаждаудың ыңғайлылығы.
Су, өндірістік су көзінен келген ұбырларымен буферлік сыйымдылықтарға келеді, одан ол сорапты агрегаттарынан сорылып, су қайнатқышқа айдалады. Мұнда су төменгі қысымды бумен 20-300С температурасына дейін қайнатылады. Су жылытқыштан шыққан су дайындаушы блогына жетеді. Онда судың жұмсарылуы және оны механикалық қосылыстарынан тазарту жүргізіледі, кейін ол деаэраторға 1700С дейін қайнату үшін және сула еріеген газ және бикарбонаттардан босату үшін жіберіледі.
Деаэратордан үлкен қысыммен (15,5-16МПа) су бу генераторларына беріледі, одан әрі ол бу құбырлар жүйесі арқылы айдау ұңғыларына жіберіледі.
Бу генератор блогы су дайындау және аэратор жүйелерінен тұрады. Бу құбырларын орналастыру сұлбасын таңдау ұңғылар орналасуынан және бу айдау жиілігіне тәуелді.
Терең емес қабаттарға буды сорапты компрессорлы құбыр арқылы пакерсіз айдауға болады. Бұл жағдайда ұңғы сағасына сорапты кмпрессорлы құбырдың ұзаруын компенсациялайтын нығыздауыш құрылғысын орнатпайды. Оны пакерді қоланғанда да пайдалануға болады, бірақ ол кезде пакер үстіне телескопты пакер орнату керек.
Қазіргі таңда Қаражанбас кен орнында 9 бу генераторы жұмыс жасайды. (7 УПГ-50/60, 2 Стразерс) және 13 ОВГ-2 және ОВГ-2М типті копрессорлы станция бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет