Геологиялық бөлім Кен орын туралы жалпы мәліметтер


Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері



бет8/26
Дата07.05.2023
өлшемі0,55 Mb.
#90832
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
ТНХП-2021 курсова (копия)

2.1.3 Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері

Игеру объектілерінің энергетикалық жағдайын бақылау үшін «Қаражанбасмұнай» АҚ мамандары жарты жыл сайын изобар карталарын тұрғызады. Бұл карталар «Микон», «Судос» манометрлері көмегімен және өлшенген статикалық деңгейлерді қолданып есептік жолмен анықталған қабаттық қысымдарға негізделіп жасалады. Механикалық жолмен пайдаланылатын ұңғылардың көпшілігінде тереңдік өлшеу жүргізу қиын болғандықтан қабаттық қысымды анықтау өлшенген статикалық деңгейлерді қолданып, еептік жолмен анықталады. Бұлай анықталған мәндерде шамалы қателіктер кетуі мүмкін.


Түрлі әдістермен анықталған қабат қысымы мәндері әр объектідегі су-мұнай жапсарының абсолют белгісіне келтірілген. Бұл белгілер игеру жобасын дайындау кезінде анықталып, ағымдағы уақытта өзгеріссіз қалдырылған. I объект үшін қысым минус 300 м, II объект үшін минус 315 м, III объектінің шығыс бөлігі үшін минус 400 м, III объектінің батыс бөлігі үшін минус 440 м белгілеріне келтірілген.
Игеру жобасына көрсетілгендей I объект үшін бастапқы қабат қысымы ВВГ және ПТВ аудандарында сәйкесінше 2,9 МПа және 3,9 МПа болатын. ВВГ ауданындағы бастапқы мұнайдың газға қанығу қысымы 2,65 МПа болған, ағымдағы газға қанығу қысымы 1,5 МПа. ВВГ ауданы бойынша ағымдағы орташа қабатық қысым 2,44 МПа. Ол ағымдағы қанығу қысымынан 0,94 МПа жоғары, ал бастапқы қабат қысымынан 0,56 МПа төмен. ВВГ ауданының кейбір аймақтарында қабат қысымының қанығу қысымынан төмендеуі байқалған. Бұл осы аймақта жұмыс істеп тұрған айдау ұңғыларының болмауына және соған орай қабаттан алынған сұйық мөлшерінің ыстық сумен жетіліксіз компенсациялануына байланысты.
ПТВ ауданында I объект негізінен тек ПТВ-3 аумағында игерілді. Мұндағы ағымдағы орташа қабаттық қысымның мәні 2,43 МПа. Бұл мән ағымдағы қанығу қысымынан 0,9 МПа жоғары. Бірақ ПТВ ауданындағы бірнеше ұңғылар аймағында қабат қысымының қанығу қысымынан төмендеуі байқалады. Бұл жағдай мына себеппен түсіндіріледі:қабат қысымын ұстауға арналған 109 айдау ұңғысынан тек 49 ұңғы жұмыс істеп тұрды.
I объект үшін жаңа, бұрынғы бұрғыланбаған аумақтың батыс бөлігінде қабат қысымы жобаны дайындау кезінде белгісіз болып, ВВГ ауданындағымен бірдей(2,9 МПа) деп қабылданды. Жаңа аумақтың шығыс бөлігінде қабат қысымы 11 ұңғыда өлшенді және 3,9 МПа құрады.
II объект үшін бастапқы қабат қысымы ВВГ және ПТВ аудандарында сәйкесінше 4 МПа және 4,1 МПа болатын. II объектідегі кеніштер үшін бастапқы газға қанығу қысымы 2,75 МПа, ағымдағысы 2,1 МПа. ВВГ ауданында II объекті үшін орташа ағымдағы қысым 2,83 МПа. Бірақ қабат қысымы қанығу қысымынан төмен болатын бірнеше аймақ ерекшеленеді. Бұл аймақтар ВВГ ауданы I объектісінің осындай аймақтарымен сәйкес келеді. Бұл аймақтардың пайда болуы екі объектіні біріктіріп игеру кезінде қабаттан алынған флюидтердің ыстық сумен жеткіліксіз компенсациялануына байланысты.
ПТВ ауданында II объект бойынша ағымдағы қабат қысымы 2,36 МПа. Бұл ағымдағы қанығу қысымынан 0,26 МПа жоғары, ал бастапқы қабат қысымынан 1,74 МПа төмен. Мұнда да қабат қысымы қанығу қысымынан төмен болатын үлкен аймақтар байқалады. Бұл 10-15 жыл бойына қабатқа тек қана будың айдалуымен және істен шыққан айдау ұңғылар санының айтарлықтай болуымен түсіндіріледі.
Жаңа аумақтың батыс бөлігінде II объект 12 ұңғымен пайдаланылады. Бастапқы қабат қысымы 4,78 МПа. 2 ұңғыда ағымдағы қысым өлшеніп, сәйкесінше 4 МПа және 3,2 МПа құрады.
Жаңа аумақтың шығыс бөлігінде II объект үшін бастапқы қабат қысымы 3,98 МПа болды. Ағымдағы жағдай бойынша қабат қысымың газға қанығу қысымынан(2,75 МПа) төмендеуі байқалған. Жобаға сәйкес қабат қысымы қор алу аймағында 1 МПа-дан төмендеген жағдайда кенішті пайдалануды игерудің екінші реттік әдістерімен жүргізу ұсынылады.
III объект үшін ВВГ ауданындағы бастапқы қабат қысымы 5,1 МПа болған. Ағымдағы қабат қысымы 3,6 МПа, ағымдағы қанығу қысымы 3,2 МПа. ВВГ ауданының орталық бөлігінде қабат қысымы қанығу қысымынан төмен кең аймақтар бар. Мұнда алынған флюидтер сумен жеткіліксіз мөлшерде компенсацияланады. Қабат қысымының салыстырмалы жоғары мәндері осы ауданның негізінде су айдалатын солтүстік-шығыс бөлігінде және контур сыртындағы сулар әсер ететін оңтүстік бөлігінде байқалады.
Жаңа аймақтың батыс бөлігінде бұрғыланған ұңғылар бойынша III объект үшін анықталған бастапқы қабат қысымы 5 МПа. Ағымдағы қабат қысымы бір ғана ұңғыда өлшенген, оның мәні 2,6 МПа және ағымдағы газға қанығу қысымынан 0,56 МПа төмен. Бұл жаңа аумақта кеніштерді қабат энергиясы сарқылуының табиғи режимінде игеруге байланысты.
Жаңа аумақтың батыс бөлігінде III объектінің энергетикалық жағдайын жақсарту үшін істен шыққан айдау ұңғыларын іске қосу қажет. Сонымен бірге жоба бойынша айдауға арналған, бірақ қазіргі уақытта өндіруге қолданылатын ұңғыларды жұмыс агентін айдауға көшіру керек.
Жаңа аумақтың шығыс бөлігінде III объект бойынша бастапқы қабат қысымы 4,68 МПа. Қабат энергиясының сарқылуы режимінде игеріліп жатқан объектіде ағымдағы орташа қабат қысымы 2,69 МПа-ға дейін төмендеді. Бұл мән бастапқыдан 1,99 МПа төмен және 2 МПа-ға тең қанығу қысымынан жоғары. Бірақ ауданның солтүстік және орталық бөліктерінде қабат қысымы қанығу қысымынан төмен кең аймақтар байқалған.
Бұл ауданда кеніштердің энергетикалық жағдайын жақсарту үшін бужылулық әсер ету көзделген. Соған орай өндіруші ұңғылар қорынан 15 ұңғы бу айдауға, 4 ұңғы циклді бу айдауға көшірілмек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет