Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
- стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету;
- кеңістіктегі параллель және айқас түзулердің анықтамаларын білу және оларды анықтау және кескіндеу;
- кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу;
- кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу; - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін жазықтықта кескіндей алу және оны сипаттау;
- кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;
|
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар
(КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін
тапсырмаларды пайдалану
ұсынылады
|
Қолдану
|
- кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
- түзу мен жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
- жазықтықтардың параллельдігі мен перпендикулярлығының белгілерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
- үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;
- түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
- жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу,
кескіндей алу және оның шамасын табу;
- нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;
- кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу;
- кеңістіктегі кесінді ортасының
координаталарын таба білу;
- сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану;
- кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
- векторларды қосу және азайтуды,
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану
ұсынылады
|
|
векторды санға көбейтуді орындау;
- координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
|
|
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
|
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
|