Оптика ─ физика ғылымының дербес салаларының бірі. Оптикада жарық пен рентген сәулелерінің табиғаты мен қасиеттері және олардың затқа ететін әсерлері қарастырылады.
Геометриялық оптика түсініктері.
Жарықтың таралу заңы. Біртекті ортада жарық түзу сызықты таралады.
Жарықтың шағылу заңдары. Түсетін сәуле мен шағылған сәуле және сәуленің түсу нүктесінде шағылтқыш бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; сәуленің шағылу бұрышы оның түсу бұрышына тең болады: (1-сурет).