Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет10/41
Дата07.04.2022
өлшемі1,27 Mb.
#30139
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
2cf48276162e74461fb9ee10267ab894672e48b9

Жарық күші. Егер нүктелік жарық көзінен шыққан көрінетін жарық барлық жаққа бір қалыпты таралып, толық денелік бұрыш (4стерадиан) қамтитын барлық жарық ағыны Ф болса, онда бір стерадианға тең келетін денелік бұрышқа келетін жарық ағыны, яғни жарық күші (I) мынаған тең болады:

I= (3)

Практикада кездесетін жарық көздерінен шығатын жарық ағыны барлық жаққа бір қалыпты таралмайды. Сондықтан мұндай жағдайларда (3) өрнек тек орташа жарық күшін көрсетеді де I орташа сфералық жарық күші деп аталады. Берілген бір бағыттағы шын жарық күшін табу үшін осы бағыт бойынша элементар денелік бұрыш (d) жарық ағыны өлшенеді. Сонда осы бағыттағы жарық күші I былай өрнектеледі:

I= (4)

Егер жарық ағыны барлық жаққа бір қалыпты таралатын болса, жарық көзінен шығатын толық жарық ағыны (3) формула бойынша мынаған тең болады:

Ф=4I (5)


Берілген жарық көзінен таралатын жарық ағынын оптикалық жүйе көмегімен бір бағытта шоғырландыруға болады, онда сол бағытта жарық күші артады, оның есесіне басқа бағытта жарық күші кемиді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет