Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары
Абсолют кара дененің эксперимент аркылы табылған сәуле шығару қисығын сан жағынан талдау нәтижесінде, XIX ғасырдың аяқ кезінде, мынадай үш заң тағайындалды.
1) Стефан-Больцман заңы. Абсолют қара дененің толық, жарқырауы (R) оның төртке дәрежеленген абсолют температурасына пропорционал.
, (1)
мұндағы – тұрақты шама, оның сан мәні мынадай =5,6710-12 немесе =5,710-8 Вт/м2К2. Бұл заңды алғаш (1879) эксперимент жасап Стефан, одан соң теория жүзінде (1884 ж.) Больцман тағайындаған. Осы заңды пайдаланып абсолют қара дененің 1см2 бетінен 1 с ішінде шығарылатын сәулелік энергия мөлшерін есептеп табуға болады. Бүл заңның практикада маңызы зор, оған кейін тоқталамыз.
2) Виннің заңы. Абсолют қара дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілетінің максимал мәніне сәйкес келетін толқын ұзындығы (max) оның Т абсолют температурасына кері пропорционал
, (7)
мұндағы b — тұрақты шама; b =0,2886 смград немесе 2,89810-3 мК. Бұл заңды 1877 жылы В.Вин тағайындаған.
3) Рэлея-Джинс формуласы. Жылулық сәулеленуге классикалық статистикалық физиканың еркіндік дәрежелер бойынша энергияның теңдей үлестірілуі жайындағы теореманы пайдаланып, энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы үшін клесі өрнекті алды: . Бұл өрнек экспериментпен тек жеткілікті кіші жиіліктер және жоғары температуралар аймағында ғана үйлеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |