Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы


Бөлшектеп үйектелген жарық –



бет32/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
оптика лекция

Бөлшектеп үйектелген жарық – сыртқы әсерден Е векторының тербелістері бір бағытта көбірек тербелетін жарық.

Жазық үйектелген жарық Е векторы жарық шоғына белгілі бір бағытта перпендикуляр тербелетін жарық.

Үйектеу жазықтығы Е электр векторы мен сәуле арқылы өткен жазықтық

Үйектегіш деген үйектелген жарықты алуға, табуға және талқылауға, сонымен қатар үйектеу құбылысына сүйенген зерттеулер мен өлшеулерге арналған қондырғылар. Оларға үйектегіш призмалар, поляроидтар жатады.

Үйектегіш призмалар екі классқа бөлінеді: 1) тек жазық үйектелген шоқ беретін үйектегіш призмалар - бірсәулелік призмалар; 2) өзара перпендикуляр жазықтардағы үйектелген екі шоқ беретін призма - екісәулелік үйектегіш призмалар.

Табиғи жарықты жазық үйектелген жарыққа түрлендіретін пластиналарды үйектегіш (поляризатор) деп атайды.

Жарықтың үйектену дәрежесін талдауға арналған пластиналар талдағыш (анализатор) деп атайды.

Табиғи жарықты үйектегіштен өткізу арқылы жазық үйектелген жарықты алуға болады. Ол үшін Е векторының тербелісіне анизотроптық орталарды, мысалы кристалдарды пайдаланады (турмалин).

Үйектелген жарықты талдауға пайдаланған үйектегіштер (талдағыштар) бас жазықтығына параллель тербелістерді еркін өткізеді, ал оған перпендикуляр тербелісті толық өткізбейді немесе оның тек бір бөлігін ғана өткізеді.

Табиғи жарық Р үйектегішке (1 сурет) перпендикуляр бағытта түссін. Суретте үйектегіш бас жазықтығына параллель штрихтары бар пластина түрінде көрсетілген. Үйектегіштен (2а сурет) жазық үйектелген жарық шығады. Оны дәлелдеу үшін шоқтың жолына А талдағышты қояды. Егер Р және А бас жазықтықтары параллель болса, үйектелген жарық талдағыштан өтеді (2а сурет), егер бас жазықтықтары өзара перпендикуляр болса, жарық талдағыштан өтпейді (2б сурет).

2-сурет 3-сурет



Егер үйектегіш пен талдағыш еркін бағытталған болса олардан өткен жарықтың интенсивтілігі талдағыш пен үйектегіштің бас жазықтықтары аралығындағы бұрышқа тәуелді болады. Үйектегіштен өткен шоқтың электр векторының амплитудасын Е0 деп белгілейік. Е0 – ді екі компонентке жіктейік: талдағыштың бас жазықтығына параллель (ЕІІ) және перпендикуляр . Ол Е0 – жазықтығында тербелінетін толқынды өзара перпендикуляр жазықтықта үйектелетін, бірдей фазада тербелінетін екі толқынға жіктеуге сәйкес келеді. Олардың біріншісі (ЕІІ) талдағыштан өтеді, екіншісі - жойылады. Егер электр векторының амплитудасы Е0 -ге тең жазық үйектелген жарық талдағышқа түссе, онда талдағыш (3-сурет) тек келесі құраушысын өткізеді:

(1)

Жарық интенсивтілігі тербелістердің амплитудасының квадратына пропорционал болғандықтан (1)- ден аламыз



(2)

Мұнда - талдағышқа түскен жазық үйектелген жа­рық интенсивтілігі; - талдағыштан шыққан жарық интенсивтілігі (2)-теңдеу Малюс заңын анықтайды.

Малюс заңы бойынша үйектегіштен және талдағыштан өт­кен жарықтың интенсивтілігі олардың бас жа­зық­тық­та­ры­ның аралығындағы бұрыштың косинусының квадратына про­пор­ционал. Осындай жүйеден өткен жарық интенсивтілігі (3- сурет) 0–ден -ге дейін өзгереді.

Егер табиғи жарықты екі үйектегіштен өткізсек, онда біріншіден интенсивтілігі жазық үйектелген жарық, ал екіншіден өткенде интенсивтілігі жарық шығады, осыдан:



Егер талдағыштарды жартылай үйектелген шоқтың маңайында бұрса, талдағыштан кейін жарық интенсивтілігі - ға дейін өзгереді.



(3)

Осы шама үйектеу еселігін сипаттайды. Мұндағы және талдағыштан өткен бөлшектеп үйектелген жарықтың максимал және минимал интенсивтіліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет