Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет1/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40


ОПТИКА НЕГІЗДЕРІ

Оптика ─ физика ғылымының дербес салаларының бірі. Оптикада жарық пен рентген сәулелерінің табиғаты мен қасиеттері және олардың затқа ететін әсерлері қарастырылады.


Геометриялық оптика түсініктері.

Жарықтың таралу заңы. Біртекті ортада жарық түзу сызықты таралады.

Жарықтың шағылу заңдары. Түсетін сәуле мен шағылған сәуле және сәуленің түсу нүктесінде шағылтқыш бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады; сәуленің шағылу бұрышы оның түсу бұрышына тең болады: (1-сурет).

Жарықтың сыну зандары. Түсетін сәуле және сынған сәуле екі ортаның шектесу бетіне сәуленің түсу нүктесінде жүргізілген перпендикулярмен бір жазықтықта жатады; түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады: , мұндағы екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші.

Абсолют сыну көрсеткіші. Ортаның вакуумге қатысты сыну көрсеткіші, яғни жарық сәулелерінің вакуумнан ортаға өтуінің сыну көрсеткіші абсолюттік сыну көрсеткіші деп аталады және мына формуламен аныкталады: n = c/v.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет