Геоморфология



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата06.01.2022
өлшемі241,31 Kb.
#11704
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Платформалар -   әрбір   материктің   негізін   жер   қыртысының   тегістелген,

салыстырмалы түрде тұрақты бөліктері.




Мұхит   түбі — литосфераның дүниежүзілік   мұхит суымен   көмкерілген   беткі

жазықтығы; жербедер ерекшеліктері түрғысынан ірі-ірі төрт бөлікке бөлінеді: материкке таяу

саяз  өңірлер;  ауыспалы  (материктен  мұхитқа)  белдем;  мұхит  төсеніші;  орталық-мұхиттық

жоталар.


Орталық-мұхиттық  қозғалмалы  белдеу —  жалпы  ұзындығы  шамамен  60 000  км-

ден  асатын,  бүкіл  жер  шарын  белдеулей  созылған  жалпыпланеталық  жолақ  түрінде

сағаланатын,  мұхиттар  түбіне  ғана  тән  біршама  енді  (жүздеген  километрден  1000  км-ге

шейін)  құрылымдар  жүйесі.  Бұл  жүйеге,  әсіресе  аталмыш  белдеудің  нақ  орта  тұсына

тектоникалық  белсенділіктің  биік  дәрежелері  тән  екендігі  анықталды;  осы  белсенділікті

сипаттайтын  басты-басты  ерекшеліктер:  а)  жылу  ағымының  биік  дәрежесі  (мұхиттык

орталық жотаның орта түстарына тән өңіріндегі жылу ағымы мұхиттардың өзге өңірлеріндегі

жылу ағымдарымен салыстырғанда 5-8 есе артық); ә) жоғары сейсмикалық белсенділік (жер

шарының  саяз  фокусты  жерсілкінулерінің  басым  көпшілігі  нақ  осы  жоталар  жүйесіне

шоғырланған);  б)  суасты  жанартауларының  әрекеті;  в)  жоғарғы мантия заттарының

босаңсыған  (тығыздығы  кеміген)  түрде  ұшырасуы,  осы  заттардың  мұхит  түбінен  көрініс

беруі;  г)  жербедер  өзгешелігі  (мұхиттық  орталық  жоталардың  нақ  орта  тұстарында  биік

шыңдар мен құлама құздардың жиі алмасуы; осы өңірдегі жербедер амплитудасының орташа

көрсеткіші 2-4 км және одан да жоғары болуы).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет