салыстырмалы түрде тұрақты бөліктері.
Мұхит түбі — литосфераның дүниежүзілік мұхит суымен көмкерілген беткі
жазықтығы; жербедер ерекшеліктері түрғысынан ірі-ірі төрт бөлікке бөлінеді: материкке таяу
саяз өңірлер; ауыспалы (материктен мұхитқа) белдем; мұхит төсеніші; орталық-мұхиттық
жоталар.
Орталық-мұхиттық қозғалмалы белдеу — жалпы ұзындығы шамамен 60 000 км-
ден асатын, бүкіл жер шарын белдеулей созылған жалпыпланеталық жолақ түрінде
сағаланатын, мұхиттар түбіне ғана тән біршама енді (жүздеген километрден 1000 км-ге
шейін) құрылымдар жүйесі. Бұл жүйеге, әсіресе аталмыш белдеудің нақ орта тұсына
тектоникалық белсенділіктің биік дәрежелері тән екендігі анықталды; осы белсенділікті
сипаттайтын басты-басты ерекшеліктер: а) жылу ағымының биік дәрежесі (мұхиттык
орталық жотаның орта түстарына тән өңіріндегі жылу ағымы мұхиттардың өзге өңірлеріндегі
жылу ағымдарымен салыстырғанда 5-8 есе артық); ә) жоғары сейсмикалық белсенділік (жер
шарының саяз фокусты жерсілкінулерінің басым көпшілігі нақ осы жоталар жүйесіне
шоғырланған); б) суасты жанартауларының әрекеті; в) жоғарғы мантия заттарының
босаңсыған (тығыздығы кеміген) түрде ұшырасуы, осы заттардың мұхит түбінен көрініс
беруі; г) жербедер өзгешелігі (мұхиттық орталық жоталардың нақ орта тұстарында биік
шыңдар мен құлама құздардың жиі алмасуы; осы өңірдегі жербедер амплитудасының орташа
көрсеткіші 2-4 км және одан да жоғары болуы).
Достарыңызбен бөлісу: