Германия канцлері Отто фон Бисмарк 1871 жылы рейхті құрған кезде не болды?


Экономикалық дипломатияға қысқаша анықтама бер



бет8/18
Дата10.03.2023
өлшемі46,95 Kb.
#72772
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
2.Экономикалық дипломатияға қысқаша анықтама бер.
(Дипломатия және консулдық қызмет тарихы оқу құралы-1 тарау)
1950-1960-шы жылдар аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру мақсатында"Экономикалық дипломатия" пайда болды. С.
Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады. Шын мәніндеэкономикалық дипломатия – ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар, халықаралық істерде мемлекеттің жалпы
сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалықмүдделерді қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. Экономикалық дипломатияғаөз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда
дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық әнімдерді сату мен әткізуге қолайлы жағдай туғызу.
3.Гитлер Кеңес Одағына шабуыл жасағанда, ол адамзат тарихындағы ең ірі құрлық соғысын бастады. Осы соғыс туралы қысқаша мәлімет бер. (Киссинджер-16 глава,354 стр)
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Польшамен соғыста оның одақтасы КСРО-ға кенеттен шабуыл жасады. Жылдың соңына қарай неміс әскері жүздеген шақырым алға жылжып, Мәскеудің шетіне жақындады. Шабуылдан кейін көп ұзамай жедел жазалау отрядтары кеңестік еврейлерді қырып-жоюды бастады. Неміс әскери және азаматтық оккупациялық күштерінің әрекеттері миллиондаған кеңестік әскери тұтқындар мен КСРО бейбіт тұрғындарының өліміне әкелді.
1 факт:Коммунистік Кеңес Одағын жою және Шығыс Еуропадағы «тірі кеңістікті» жаулап алу Гитлер мен нацистік партияның ұзақ мерзімді мақсаттарының бірі болды.
2 факт:«Барбаросса» операциясы деп аталатын немістердің Кеңес Одағына басып кіруі қазіргі заманғы соғыс тарихындағы ең ірі әскери операциялардың бірі болып саналады. Шабуыл алдында Германия мен оның одақтастары 3 500 000-нан астам сарбазды шоғырландырды.
3 факт:Германияның Кеңес Одағына шабуылы Екінші дүниежүзілік соғыс пен Холокост тарихындағы бетбұрысты кезең болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет