Билет №2. 1) Раскольников теориясының туындауы мен түпкілікті қалыптасуына не түрткі болды және оның мәні неде? Родионның отбасы кедей, нашар жағдайда өмір сүреді. Қарындасы Дуняның лажы жоқтан сүйметін Лужин деген кісіге тұрмысқа шығуына тура келеді. Ал кәрі процентщица Алена Ивановна секілдідердің жағдайы ауқатты келеді. Басты кейіпкер осындай түрлі себептерге байланысты көп толғанады да ол адамдар екіге бөлінеді деген шешімге келеді: біріншісі – «құқы барлар», екіншісі – құқығы барлар өз мақсатына жету үшін пайдалана алатын «дірілдеген жаратылыстар». Бірінші топтағы адамдар үлкен жетістіктер үшін жаратылған, олар көрнекті қолбасшы, билеуші бола алады, ал екінші топ - мал, шығын материалдары деп санайды. Раскольниковтың теориясы түбегейлі қате, өйткені ол бір адамды екіншісінен жоғары қояды, «құқығы бар» адам басқа адамның өмірін қиюы мүмкін деп санайды және бұл табиғи нәрсе, өйткені «дірілдеген жаратылыстар» осы үшін жаратылған дейді.
2) Неліктен төртінші өнеркәсіптік революция байлар мен кедейлер арасындағы бұрын-соңды болмағандай алшақтықтың пайда болуына әкелуі мүмкін? Жасанды интеллектпен айналвсатын жобаларға инвестициялар саны арта түсетіні сөзсіз, өйткені олардың технологиялары компаниялар үшін шығындарды ауқымды түрде азайта алады. Бұл өз кезегінде компаниялар ақша жағынан, сәйкесінше тұрмыс-тіршілік жағынан әлдеқайда алда жүретінін білдіреді. Бірақ мұның жанама әсері – жұмыс орындарының қарқынды азаюы болады. Яғнм, қарапайым адамдар өз табыс көздерінен айырылады деген сөз, ал кедей адамдарға бұл тіпті үлкен қауіп: олар сол әлеуметтік қабатта қалып коюлары мүмкін деген сөз.
3)”Дипломатия” кітабындағы Суэц кризисі жайлы талқыланған жерде Кеңес Одағының қатысы қандай? 1955 жылы КСРО Египетпен үлкен келісісге келеді: қару-жарақты Мысырда қаптаған мақтаға айырбастау туралы. Бұл Кеңес Одағының ықпалын Таяу Шығысқа кеңейткен батыл қадам санвлды. Мысырда ықпал орнатуға осындай ұмтылыс жасай отырып, Хрущев АҚШ-тың Кеңес Одағының төңірегінде орнатқан кордон санитарын «секіріп», Вашингтонның алдына бұрын Кеңес Одағына қарсы тұру міндетін қойды. Кеңестік көшбасшылар дамушы елге олардың алғашқы қару-жарақ сатуы араб ұлтшылдық отына май құйып, араб-израиль қақтығыстарын одан сайын шешілмейтін етіп, Батыс елдерінің Таяу Шығымтағы үстемдігіне кең ауқымды сынақ ретінде қабылданатынын білмеді деуге болмайды. Мәселе шешілмейінше Суэц дағдарысы Ұлыбританияны да, Францияны да ұлы держава мәртебесінен айырады. “Қырғи-қабақ” соғысы (Суық соғыс) енді Еуропа елдерінсіз АҚШ пен КСРО арасында өршиді.